kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата-аналар жиналысы «Таби?ат?а с?йіспеншілік сезімге т?рбиелеу»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата-аналар жиналысы «Таби?ат?а с?йіспеншілік сезімге т?рбиелеу»

Ма?саты: Ата-аналармен экологиялы? м?дениетті? ?алыптасуында?ы проблемаларды тал?ылау, балаларды таби?ат?а деген с?йіспеншілік сезімдерін т?рбиелеуді? отбасында?ы р?лін жо?арылату, айналаны ?орша?ан орта?а білімді экологиялы? ережелермен ?рекет ететін к?з?арастарын ?алыптастыру. Экологиялы? к?з?арастармен ?ара?анда ?зіні? ж?не бас?аларды? ?орша?ан орта?а жаса?ан ?ылы?тарын д?рыс ба?алау машы?тарын дамыту.

Ж?ргізу т?рі: «Біз саяхат?а барамыз» атты ойын-саяхат.

?атысушылар: Ата-аналар, т?рбиешілер.

Т?рбиеші.

Ту?ан таби?ат-ол баланы? к?птеген білім алар, ?н бойына жа?сы ?серлер алар е? т?л?асы биік бастауы. ?орша?ан ортаны? ?лі таби?атына деген, ?сіресе тірі таби?атына  ?ызы?ушылы?тар ерте басталады. Балалар б?рін бай?айды: орманда?ы е?бек?ор ??мырыс?аны, айнадай су бетіндегі ?ыбырла?ан ?о?ызды, ?алы? ш?птегі т?ймедей ?ана ?рмекшіні. Таби?атта?ы маусымды? ?згерістер, бояуды? ашы?ты?ы, дыбыстар мен иістерді? сан т?рлілігі балаларды? назарын аудартпай ?оймайды. Олар ?здеріне жа?аша бір ?лем ашып алады: барлы?ын ?з ?олдарымен ?стап, т?ртіп к?ргісі келеді, бай?ап, ба?ылап, иіскеп, тіптен керек болса ауыз?а салып д?мін тату?а бар.

Балаларды? ?орша?ан орта?а деген ?ызы?ушылы?тарын ?олдай отырып, таби?ат?а ??ыпты ?арым-?атынас т?рбиесі  жайлы еске алу керек.

Балаларыны? бойына таби?ат?а деген махаббатты бере алу ?шін, ?лкендерді? ?зі міндетті т?рде таби?атты жа?сы к?ру керек. Біз барлы?ымыз таби?атпен ту?анбыз ж?не ?р?ашан таби?атпен ?арым-?атынасты еш?ашан жо?алтпаймыз. Тылсым д?ниені сезіну ?шін ?рине, шыдамдылы? керек, ?ыра?ы к?з бен ашы? таза к??іл болу ?ажет.

Таби?ат-ол ?лкен ?стаз.

??рметті ата-аналар, б?гін біз сіздермен, шегі мен шеті жо? к?ркем табми?ат жайлы с?з ?оз?аймыз. Е? бастысы-балаба?шада, отбасында балаларды? осы ?лемге деген с?йіспеншілік сезімдерін, Жерді? орта? ?йіміз екенін т?сіндіріп, оны ?ор?ау?а т?рбиелеуді бірігіп ойлайы?.

Алдымен сіздерге тал?ылау с?ра?тарын ?ой?ым келеді. Сіздер оз ойлары?ызды айты?ыздар. Олай болса:

-Сізді? бала?ыз таби?атты ?ната ма? ?алай бай?ады?ыз?

-Сіз ?алай ойлайсыз, неліктен кейбір балалар таби?атты жа?сы к?реді, жануарларды ?ор?ап, к?теді, ал кейбіреулері олай емес?

-Сіз бала?ызбен жиі таби?атта боласыз ба? М?ндай серуендер ?алай ?теді?

-Сіз бала?ызбен бірге таби?ат ??былыстарын, белгілерін ба?ылап к?рді?із ба, таби?ат жайлы ?ле?дер жаттады?ыз ба?

-Бала?ызды? таби?ат?а ?атысты жа?сы ?рекеттері болды ма? ?андай?

-Сіз бала?ызбен бірігіп а?аш отыр?ызы?ан, ?ыстаушы ??стар?а жем дайында?ан, д?рілік ш?птер жина?ан с?ттері?із болды ма?

- Барлы? тіршілік атаулы?а аяушылы?, мейірімділік ?арым-?атынас жасау?а т?рбиелеуде  е? бастысы не к?мектеседі деп ойлайсыз?

Ал, сіздер, ту?ан ?лкемізді аралап саяхат жасау?а барар ма еді?іздер?

Мен сіздерді, ата-аналар, орман?а саяхат жасау?а ша?ырамын. Жол бойы біз сіздермен тек ?ана  таби?атты? с?лулы?ы, оны? т?р?ындары, ?азіргі т?рып жат?ан орта? ?йіміз-Жер жайлы, оны ??рметтеу, ?ор?ау  жайлы айтамыз. Сонымен бірге таби?атымыз?а ?андай ?ауіп т?ніп т?р?анын, онымен ?алай к?ресу керектігін де ойлап ?оюымыз керек. ?азір сіздерге «Біз саяхат?а барамыз» атты ойынды ?сынамын.

Б?л ойында ата-аналар ?атысып ойнайды. Ойын жарыс т?рінде ?теді. Жарыс?а екі команда ?атысады. ?р команда ?з атауын ж?не девизін ойлап белгілеу  керек. Жарыста екі команда?а да ?р д?рыс жауап ?шін «км» ( 1 км ж?рді)деген жазумен белгіленген текше беріліп отырады. Ойын со?ында, ?ай команда арты? км ж?рсе же?імпаз атанады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата-аналар жиналысы «Таби?ат?а с?йіспеншілік сезімге т?рбиелеу»»

Ата-аналар жиналысы «Табиғатқа сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу»

Мақсаты: Ата-аналармен экологиялық мәдениеттің қалыптасуындағы проблемаларды талқылау, балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеудің отбасындағы рөлін жоғарылату, айналаны қоршаған ортаға білімді экологиялық ережелермен әрекет ететін көзқарастарын қалыптастыру. Экологиялық көзқарастармен қарағанда өзінің және басқалардың қоршаған ортаға жасаған қылықтарын дұрыс бағалау машықтарын дамыту.

Жүргізу түрі: «Біз саяхатқа барамыз» атты ойын-саяхат.

Қатысушылар: Ата-аналар, тәрбиешілер.

Тәрбиеші.

Туған табиғат-ол баланың көптеген білім алар, өн бойына жақсы әсерлер алар ең тұлғасы биік бастауы. Қоршаған ортаның өлі табиғатына деген , әсіресе тірі табиғатына қызығушылықтар ерте басталады. Балалар бәрін байқайды: ормандағы еңбекқор құмырысқаны, айнадай су бетіндегі қыбырлаған қоңызды, қалың шөптегі түймедей ғана өрмекшіні. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер, бояудың ашықтығы, дыбыстар мен иістердің сан түрлілігі балалардың назарын аудартпай қоймайды. Олар өздеріне жаңаша бір әлем ашып алады: барлығын өз қолдарымен ұстап, түртіп көргісі келеді, байқап, бақылап, иіскеп, тіптен керек болса ауызға салып дәмін татуға бар.

Балалардың қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын қолдай отырып, табиғатқа ұқыпты қарым-қатынас тәрбиесі жайлы еске алу керек.

Балаларының бойына табиғатқа деген махаббатты бере алу үшін, үлкендердің өзі міндетті түрде табиғатты жақсы көру керек. Біз барлығымыз табиғатпен туғанбыз және әрқашан табиғатпен қарым-қатынасты ешқашан жоғалтпаймыз. Тылсым дүниені сезіну үшін әрине, шыдамдылық керек, қырағы көз бен ашық таза көңіл болу қажет.

Табиғат-ол үлкен ұстаз.

Құрметті ата-аналар, бүгін біз сіздермен, шегі мен шеті жоқ көркем табмиғат жайлы сөз қозғаймыз. Ең бастысы-балабақшада, отбасында балалардың осы әлемге деген сүйіспеншілік сезімдерін, Жердің ортақ үйіміз екенін түсіндіріп, оны қорғауға тәрбиелеуді бірігіп ойлайық.

Алдымен сіздерге талқылау сұрақтарын қойғым келеді. Сіздер оз ойларыңызды айтыңыздар. Олай болса:

-Сіздің балаңыз табиғатты ұната ма? Қалай байқадыңыз?

-Сіз қалай ойлайсыз, неліктен кейбір балалар табиғатты жақсы көреді, жануарларды қорғап, күтеді, ал кейбіреулері олай емес?

-Сіз балаңызбен жиі табиғатта боласыз ба? Мұндай серуендер қалай өтеді?

-Сіз балаңызбен бірге табиғат құбылыстарын, белгілерін бақылап көрдіңіз ба, табиғат жайлы өлеңдер жаттадыңыз ба?

-Балаңыздың табиғатқа қатысты жақсы әрекеттері болды ма? Қандай?

-Сіз балаңызбен бірігіп ағаш отырғызыған, қыстаушы құстарға жем дайындаған, дәрілік шөптер жинаған сәттеріңіз болды ма?

- Барлық тіршілік атаулыға аяушылық, мейірімділік қарым-қатынас жасауға тәрбиелеуде ең бастысы не көмектеседі деп ойлайсыз?

Ал, сіздер, туған өлкемізді аралап саяхат жасауға барар ма едіңіздер?

Мен сіздерді, ата-аналар, орманға саяхат жасауға шақырамын. Жол бойы біз сіздермен тек қана табиғаттың сұлулығы, оның тұрғындары, қазіргі тұрып жатқан ортақ үйіміз-Жер жайлы, оны құрметтеу, қорғау жайлы айтамыз. Сонымен бірге табиғатымызға қандай қауіп төніп тұрғанын, онымен қалай күресу керектігін де ойлап қоюымыз керек. Қазір сіздерге «Біз саяхатқа барамыз» атты ойынды ұсынамын.

Бұл ойында ата-аналар қатысып ойнайды. Ойын жарыс түрінде өтеді. Жарысқа екі команда қатысады. Әр команда өз атауын және девизін ойлап белгілеу керек. Жарыста екі командаға да әр дұрыс жауап үшін «км» ( 1 км жүрді)деген жазумен белгіленген текше беріліп отырады. Ойын соңында, қай команда артық км жүрсе жеңімпаз атанады.

1 тапсырма. «Табиғат туралы кім көп мақал айтады»

-Сәуір болса күн күркірер,

Күн күркіресе, көк дүркірер.

-Сәуірдегі жауын-сауып тұрған сауын.

-Қыстың қамын жаз ойла.

-Қаз келсе, жаз келер.

-Сәуір болмай, тәуір болмайды.

-Бір ағаш кессең, он ағаш отырғыз.

-Ексең егін, ішерсің тегін.

-Жері байдың -елі бай.

-Жер құтты болса-мал сүтті болады.

-Қарағайға сүйеніп тал өсер,

Басқа сүйеніп мал өсер.

2 тапсырма. «Саяхатқа қажетті заттар»

Бар бір өңеш үйімде, құйғаным сол күйінде,

Ыстығымды суытпайды, салқынымды ысытпайды. (Термос)

Сырт-сырт етеді, уақыт өтеді.

Күнде есебін жаттайды,

Ешбір тыным таппайды.

Алмайды бір тағат,

Оның аты..... (Сағат)

Кішкене ағаш үйінде,

Кіп-кішкентай күйінде.

Тұрып жатыр көптеген,

От жағатын бұзықтар. (Сіріңке)

Серуенде бірге болат өзіңмен,

Дос ол әрі отпенен.

Сорпаны ол балықпен,

Дайындайды шайыңды да баппенен. (Қазаншық)

Арқама іліп аламын,

Екі жолақ жібінен.

Серуенге барамын,

Керегімді саламын. (Рюкзак)

Бұл өзі бір, үлкен көз,

Қараса сені тез табат.

Жарыққа жақсы қарасаң,

Шығады сенің суретің. (Фотоаппарат)

Кішкентай ғана затпын мен,

Жай ғана маған қарасаң,

Адасып қалған шағыңда,

Бағытты тез табасың. (Компас)

3 тапсырма. «Ауа-райы қалай болады?»

-Қазанда күн күркіресе-қыс... болады. (қарсыз)

-Егер күзде ауада өрмекші торы ұшып жүрсе, ауа райы..., күн ...болады. (жайлы, шуақты)

-Құстар өзендегі, арықтағы суға түссе, ауа райы өзгеріп...., , жер бауырлап ұшса, күн.... (жаңбыр жауады, бұзылады)

-Таңертең шық тұрса, яғни күндіз ауа-райы .... болады. (жақсы)

4 тапсырма. «Ырымдар мен тыйымдар»

Экология тақырыбына байланысты ырымдар мен тыйымдарды атау керек. (екі команда кезекпен)

-Жатқан малдың үстінен аттауға болмайды. Аттаған жағдайда кейін қарай аттау керек.

-Жолбарыс, аюды көп ауламайды, оларды «аң иесі» деп санайды.

-Аққу киелі құс болып саналғандықтан, оны атуға, құс салуға болмайды.

-Киіз үйдің шаңырағына қарлығаш ұя салса, балапандары ұшып кеткенше көшпейді.

-Қыран құстарды атса, киесі тиеді.

-Үйдің төбесіне қарлығаш не көгершін ұя салса, жақсылық болады, өйткені бұл құстар-адамға дос, содықтан ұясын бұзбайды.

-Күн батар алдында ұйықтауға болмайды, батар күнмен жарысып ұйықтаған жаман ырымға саналады.

-Нанды төңкеріп қоюға болмайды. Нан-қасиетті дәм. Онымен ойнауға болмайды. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. Кемтар адам ғана нанды бір қолмен сындырады.

-Қазақтар кейбір ағаш түрлерін киелі деп таныған. Иен далада немесе шөлейтте өсіп тұрған жалғыз ағаш, сонымен қатар ерекше қисық бұтақты өсімдік көрсе-оны киелі деп қабылдаған.





5 тапсырма. «Айболит дәрігердің дәріханасы»

-Тамақ ауырғанда шаюға, шашты шаюға арналған, аппақ себет сияқты, ортасы алтын. (түймедағы)

-Бақта өзінің қызыл шырынымен, қара түсімен, дәрумендік қасиетімен мақтанатын чемпион. (қарақат)

-Жаз бойы жас қалпымда қонжықтарды қуантам, ал кепкен кезде суық тиюді емдеуге сіздерге пайдам тиеді. (таңқурай)

-Суық тиіп, тымауратқанда емге қолданатын дәрілік өсімдіктерді атаңыздар. (түймедағы мен қарақат-тамақ ауруларына, таңқурай мен балқарағай дене қызуы көтерілгенде, мүкжидек жөтелге көмектеседі, көк шай қан қысымын төмендетіп, артық тұзды қуады, қатерлі ісіктен сақтайтын емдік қасиеті бар)

6 тапсырма. «Тауып көр»

Жабайы жануарлар жайлы жұмбақтар жасырады.

Ит сияқты пішіні,

Ұнатпайды ол кісіні. (қасқыр)

Мынау оған керегі,

Балды жақсы көреді.

Қыс бойы жылы апанда,

Ұйықтау оның өнері. (аю)

Жылы тұмсық,

Ешкі құйрық.

Есек құлақ,

Қорқақ өзі, қыли көз. (қоян)

Қанжардай тісі бар,

Тасыған күші бар.

Күжірейген жалды,

Білсең айт бұл аңды. (арыстан)

Қуы екен аңдардың.

Бір сәтте алдандым. (түлкі)

Бұтадан бұтаға секірген,

Кішкентай ғана шапшаң аң. (тиін)

7 тапсырма. «Қай ағаштың жапырағы?»

Әр команданың алдына ағаштардың бейнесімен (қайың, қарағай, емен, терек, шырша т.б) суреттер қойылады. Команда жетекшілеріне қапшықтан жапырақтар бейнеленген суретті алып, «қай ағаштың жапырағы?» деген сұраққа жауап берулері керек.

8 тапсырма. «Табиғатта өзіңді қалай ұстау керек?»

Бірінші жағдаят.

-Кане, мына жерде бұрын жағылған от орны бар екен, от жағайық,-деді Ваня.

-Жоқ, бұл жерді қайтесің, ағаштың көлеңкесінде жағайық, сонда ыңғайлы,-дейді қыздар. Ұлдар болса ағаш түбінен жерді қазып жиберип, топырағын кедерги жасамас үшін ары лақтырып жиберди. (от неғұрлым бұрынғы орнына жаққан дұрыс, ал ағаш түбінде жағу өрт жағдайын туғызатындықтан, міндетті түрде тыйым салынады.)

Екінші жағдаят.

Балалар бұтаның түбіне шұңқыр қазып, оған барлық демалыстан қалған барлық қоқысты көміп тастады. (қоқыстың өзіңмен бірге алып кету керек, жерге тек ас қалдықтарын ғана көмуге болады. Естеріңе сақтаңдар! Қағаз қалдығы 2 жыл бойы, темір қалбыр 70 жылға жуық шіриді. Сендердің қалдырған полиэтилен кағаздары жүздеген жылдар бойы жатады. Ал шыны құтының сынықтары 2000 жылдан кейін де зиянын тигізуі мүмкін. Шыны сынықтары күннің көзінен тұтанып өрт жағдайын да туғызып жатады.)

Тәрбиеші.

Жарайсыздар, енді екі командаға экологиялық тапсырма. Сіздер осы жағдаяттарды бағалап, ненің дұрыс емес екенін анықтауларыңыз керек.

Бірінші жағдаят.

Қыздардың біреуі: «Орманда өте тып-тыныш, зерігіп кеттім. Құстар да ән салмайды, қане музыка қосайық қаттырақ », -дейді. (орманда тыныштық сақтау керек, оның тұрғындарын шошытпау керек.)

Екінші жағдаят.

Қыздар орманға қарақат теруге келеді. Жидектің көптігі сондай, алысқа ұзамай ақ ыдысыңды толтырып аласың. Әбден ыдыстары толып, аузы бастары қожалақ болғаннан кейін бір қыз:

-Бізбен Машаның болмағанын қараңдаршы, ол біздің тамаша орын тапқанымызды көрмеді,-деді.

-Ал, біз оған қарақатты бұтағымен жұлып апарып көрсетеміз,-дейди келесі қыз. (жидекти бұтағымен жұлуға болмайды)

Қорытынды сәт.

Жер-біздің өмір сүріп жатқан ортақ үлкен үйіміз. Ал бұл үйдің иелері, арине адамдар. Сондықтан бұл үйдің иелері мейірімді, қамқоршы болу керек. Сонымен саяхатымыз өз мәресіне жетті. Бүгінгі сайыста әр команда өз білім біліктерін көрсетіп бақтарын сынады. Енді командалар қанша «км» жүргенін санайық. (әр команданың карточкалары саналады)

Тәрбиеші.

Құрметті ата-аналар! Сіздердің алдарыңызда жүрекшелер жатыр, жүрекшелердің бетіне Жеріміздің әдемі боп көркейіп, баюын көру үшін өз тілектеріңізді жазып біздің Жерімізге (ғаламшарға) бекітіңіз.

Төсалқаларды тапсыру. (Жеңген командаға-«Жеңімпаз қатысушы», екінші қатысқан командаға «Белсенді қатысушы» номинациялары бойынша)

Тәрбиеші.

Елінде күн нұрын сепкен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем!

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем!

Құрметті ата-аналар! Көңіл бөліп, қатысқандарыңызға көп рахмет!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ата-аналар жиналысы «Таби?ат?а с?йіспеншілік сезімге т?рбиелеу»

Автор: Кудайбергенова Алтынай Амандыковна

Дата: 28.01.2016

Номер свидетельства: 284629


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства