Қайырлы күн, құрметті ата-аналар! Армысыздар, қонақтар! «Жанұя-қорғаным, ата-ана –тірегім» атты сайысымызға қош келдіңіздер! «Барлық қоғам біткеннің ең арғысы және бірден бір табиғысы- отбасы» деп материалист- философ Жан Жак Руссо айтқандай, қоғам да, мемлекет те отбасынан басталады. Тәрбие басы – отбасынан. Отбасы, жанұя- кішкентай мемлекет. Жанүя- ұядағы жандар, яғни, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің. Сайысқа қатысушыларды таныстырып өтейін. Біз 4 жанұяны алдық. Олар барлығы өзіміздің ата- аналар, әріптестер. Бөтен ата- аналарды қатыстыруға болар еді, бірақ суда жақынына ағады. Себебі, ата-ана, тәрбиеші, бала – үш таған, үш одақ, бір-бірімен тығыз байланыста болады. 1 жанұя. « Сымбат» тобы.
Асыл әже, ардақты ана, асыл жар. 2 жанұя. « Бірлік» тобы.
Адал жар, қымбатты ана, жақсы ұстаз. 3 жанұя. « Шаттық» тобы. Асыл әже, ардақты ана, асыл жар, тәжірибелі ұстаз. 4 жанұя. « Намыс» тобы. Жас отбасы, асыл ана. Осы қатысушылардың бәріде бір-бір шаңырақтың ұйытқысы, береке, бірлікті қамтамасыз етіп жүрген аналар
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ата-аналармен жұмыс»
Қайырлы күн, құрметті ата-аналар! Армысыздар, қонақтар! «Жанұя-қорғаным, ата-ана –тірегім» атты сайысымызға қош келдіңіздер! «Барлық қоғам біткеннің ең арғысы және бірден бір табиғысы- отбасы» деп материалист- философ Жан Жак Руссо айтқандай, қоғам да, мемлекет те отбасынан басталады. Тәрбие басы – отбасынан. Отбасы, жанұя- кішкентай мемлекет. Жанүя- ұядағы жандар, яғни, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің. Сайысқа қатысушыларды таныстырып өтейін. Біз 4 жанұяны алдық. Олар барлығы өзіміздің ата- аналар, әріптестер. Бөтен ата- аналарды қатыстыруға болар еді, бірақ суда жақынына ағады. Себебі, ата-ана, тәрбиеші, бала – үш таған, үш одақ, бір-бірімен тығыз байланыста болады. 1 жанұя. « Сымбат» тобы.
Асыл әже, ардақты ана, асыл жар. 2 жанұя. « Бірлік» тобы.
Адал жар, қымбатты ана, жақсы ұстаз. 3 жанұя. « Шаттық» тобы. Асыл әже, ардақты ана, асыл жар, тәжірибелі ұстаз. 4 жанұя. « Намыс» тобы. Жас отбасы, асыл ана. Осы қатысушылардың бәріде бір-бір шаңырақтың ұйытқысы, береке, бірлікті қамтамасыз етіп жүрген аналар. Қошемет көрсетейік. Сайысымыз 9 турдан тұрады. Әр мемлекетте өз ұраны болады. Жанұя да шағын мемлекет,сондықтан да « Жанұя ұранын» орындайық. «Жан досым» әнінің әуеніне салып орындалады. Қиналғанда арқа сүйеп жүретін, Жанұядан барма басқа сүйеніш? Қуансамда бірге жүріп қуанып, Тірегімсің, ақылшымсың бір өзің! Жанұям, үстем болсын мерейің, Табылмас жанашырым өзіңдей! Бірлік пенен татулық, Амандық пен денсаулық Болсын бізбен әрдайым! I тур. Таныстыру. ( Жанүя- менің мақтанышым) Жанұя туралы кішкене мағлұмат беріп, таныстыру. II тур. Кім тапқыр ? «Туысқан » сөзінен сөз туындату III тур.Мақал- мәтел аукционы. Мақалды аяқтау. Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады. Әдептілік белгісі- иіліп сәлем бергені. Әдепті бала ата- анасын мақтатар, әдепсіз бала ата-анасын қақсатар. Күннің шуағы жылы- ананың құшағы жылы. IY тур. Анамның қолы ( ойын). Көзі байлаулы бала анасын қолынан сипап табу. Y тур. Уа-Уа .Баласын дауысынан ажырату.( ойын). Бұл жерде керісінше аналары көздерін байлап, балдарын дауыстарынан ажыратып табу керек. YI тур. Сазды конкурс. Әр өлеңге кішкене сипаттама беру арқылы сол өлеңді табу немесе айтып беру. 1. Кішкентай бала атасының ауылына барғанда, Шопан ата тентегімен танысады. ( Қошақан) 2. Баланың салған суретінде бейбітшілік бейнеленген. Әрқашан анасының аман, аспанның ашық болуын, бұлттың төнбеуін қалайды. ( Күн әлемі) 3. Сабаққа немесе пәнге байланысты ән. Табиғаттың сұлулығын, әсемдігін мың құбылтып тамашалағанда ауыл еске түседі.(сурет сабағы). 4. Бұл- бейбітшіліктің, ынтымақтың белгісі . Мұны қолдан ұшырғанда бүкіл әлемдегі халықты достыққа, ынтымақтастыққа шақырады. ( Ақ ккөгершін) YII тур. Педагогикалық жағдаят. Сұрақтарға жауап беру. Бұл жерде баға қойылмайды. 1. Баланы ұрған дұрыс па ? 2. Балаңыз сабақтан қайтқанда қалай қарсы аласыз? 3. Балаңыздың айтқаның әрдайым орындайсыз ба? YIII тур. Шаңырақ. ( үй салу). Түрлі- түсті қағаздарды пайдалана отырып, үй салу. I Х тур. Кроссворд .1. Үлкен ана. 2. Қадірлі жан. 3. Жігіттің үш жұртының бірі. 4. Шаңырақ иесі. 5. Жанұя ( орысша)Қорытынды. Марапаттау.
Ата-аналарға арналған тренинг «Мен сені түсінуге тырысамын…»
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Қажетті құрал жабдықтар: семинар бағдарламасы, шарлар, бала тәрбиесіне арналған жаднама , «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Бала нені білсе жастан, ұядан — өле өлгенше соны таныр қиядан», кестелер, тірек сигналдары, т.б. Сабақтың түрі: семинар-тренинг Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!Бүгінгі сіздердің назарларыңызға ұсынылғалы отырған «Мен сені түсінуге тырысамын…» семинар-тренингке қош келдіңіздер! Бүгін біз балабақшаға өздерінің ой-пікірлерін бөлісуге тікелей осы тақырыпқа қатысы бар маман иелерін қонаққа шақырып отырмыз. Шақырылған қонақтар: 1. «Айналайын» балабақшасының әдіскері: Балтабаева Майгуль Енгілікқызы. 2. Медбике: Дана Темірболат. 3. Ата-аналар комитетінің төрайымы: Айжан Асетовна.
Сіздермен бас қосып пікір алысумыздағы мақсатымыз – ата-ана мен балабақша озара байланысты одан әрі жақсарту. Алдымен бір-бірімізбен танысып алайық. («Есімдер аллитерациясы» жаттығуы жүргізіледі). — Есіміңіз кім-Балаңыздың есімі- Балаңыздың жағымды қылығы (ата-анасы) Жүргізу барысы: 1. Пікір алысулар және ата-аналарға сұрақтар қойылып, мәселелер туралы айтылады. 2. «Жанұя бақыты» жаттығуы Психолог: 5. «Диаграмма құрастыру» жаттығуы Психолог: 6. Жаднама тарату. 7.Қорытындылау. «Тілек шамы» жаттығуы
Психотренинг «Жанұя бақыты» Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу. Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс. Қажетті нәрселер: ақ қағаздар (А4) фломастерлер,қалам,май шам,ватман қағаз, шар. Тренинг бағдарламасы: Психолог: Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол,тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. «Жанұя бақыты» атты тренингімізді бастайық. Тренингтің шарты :«Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, ата-ана баласымен бірлесе отырып, отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан жағына отбасы бақыты сөздер арқылы жеткізу керек. Ол қандай жанұя?» деген сауал бойынша өз ойларыңызды білдірсеңіздер. «Диаграмма құрастыру» жаттығуы Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. VІ.Қорытындылау. «Тілек шамы». Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу. «Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын. Ата- аналардың, қатысушылардың тілектерімен бүгінгі жұмысты қорыту.
Баяндама: «Ересек топ жасындағы балалардың өз бетінше әрекет етуге тәрбиелеу» Мақсаты: Қазіргі заманның ағымына байланысты отбасы құндылықтарын қалыптастыру. Міндеті: 1. Әке мен ананың тәрбиедегі алатын орны маңыздылығын айтып өту; 2. Бала тәрбиесіндегі ананың рөлін ашу; 3. Қатысушыларға отбасының әлеуметтік міндеттерін айтып өтіп,
1. Ойын: «Танысу» Мақсаты: 1. Ата - аналармен танысып, ашық түрде пікір алмасу. Шарты: 1. Ата - аналар кезекпен аты - жөндерін айтады. Бұл жерде тек аттарын айтады да, балаларының аттарын айтады. Балаларының есіміндегі бірінші бас әріпіне байланысты мінездеме сөзбен атайды. Мысалы: Дархан - дана бала. Мұрат - мұратына жететін бала.
2. Мини - лекция: «Отбасы және оның міндеттері» - Құрметті ата - аналар слайдта көріп отырсыздар, бүгінгі біздің тақырыбымыз: «Тәрбиедегі ананың орны», қазіргі космостық жылдамдықпен зырлап өтіп жаттқан өмірде, әр отбасы ойлауға мүмкіншілігі бар ма екен «ТӘРБИЕ», соның бірі баланы тәрбиелеу дегенге. Құрметті ата - аналар байқап отырған шығарсыздар, неліктен мен тәрбие сөзін тек бас әріптермен жазғанымды, себебі қазақ халқының ұлы жазушысы М. Әуезовтің тәрбиелі бір әдемі де, ұлағатты сөзі бар «Тәрбие – тал бесіктен» деген. Міне, отбасы құрылды, кішкентай бір мемлекет десе де болады. Отбасы - адам баласының өсіп - өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Сонымен бірлесе жүретін біздің өміріміздің жайы: ол туысқандық байланысымыз – ата - ана, ата - әже, балалар - ұл, қыз. Осы аталған құрметті адамдар өмірде бір - бірімен тығыз байланыста болады. Әр отбасы мемлекеттік заңдылықтар мен ережелерді сақтайды. Сонымен қатар қазіргі заманға байланысты тіліміз бен салт - дәстүріміз қайта жаңғырған уақытта, егемендігіміз орнаған шақта, қазақ халқы, яғни өзіміз – қазақ болып үлгі ретінде қатал сақтауымызға міндеттіміз. Әрқайсымыз белгілі, отбасының міндеттері үш түрге бөлінеді: 1. Репродуктивті 2. Шаруашылық – экономикалық 3. Бос уақытты ұйымдастыру Репродуктивті – дегеніміз ол қызмет атқару, яғни баланы дүниеге әкелу, ұрпақтың жалғас табуы. Шаруашылық – экономикалық қызметтің мәні - әр отбасының ахуал – жағдайы. Бос уақытты ұйымдастыру - ол ең негізгі қызметтің бірі тәрбие және бос уақытты ұйымдастыру. Отбасы болып құрылғаннан бастап, ата – ана өмірдің алғашқы күнінен бастап, өздерінің негізгі борышын атқаруға кіріседі. Ең басты, яғни олар – ата - ана тәрбиеші, бала тәрбиені, яғни тәрбиенің алғашқы қадамын өзінің алтын ұясынан алады. Үй болып, бала туып немесе перзент көріп дейміз, әйел болып - ана болу, осыдан ананың баланы тәрбиелеудегі рөлі басталады. Жақсы сөз, жарым ырыс дегендей ойыма бір тәрбиелік мәні бар сөз есіме түсті. Міне, ұлы сөз ешқашанда өлмейді, Абай айтқандай «Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған» дегендей, тәрбие - тал бесіктен басталады. Қазақ халқының ата - бабаларының өшпейтін тәрбиелік нұсқа сөздері, бәрімізге қазіргі заманда оттай қажет. Құрметті ата - аналар жаңа ғана ойыннан да, біліп отырсыздар адамға баласынан жақын, баласынан артық еш нәрсе болмаған. Халық еш нәрсені де өзінің баласынан жоғары бағалаған емес. Міне, қай ата - ана болсын ең алғашқы өзінің ойын, тәтті қиялын ән етіп, өлең етіп баласына арнаған. Жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш еткен. Баланы жылағанда жұбату, қуанышпен ойнату, тәрбиелеу әдемі де көркем, әсерлі баланың құлағына қанығандай, есінде қалатындай өлеңмен, жырмен, ұлылардың асыл сөздерін айта отырып балаларын тәрбиелеген. Міне, қазақ халқында тәрбиенің алғашқы қадамы басталған. Тәрбиелеудегі алғашқы қадам – анасының сөзі. Ана - бала өмірінде маңызды орын алады. Мейірімі қанып ана сүтін емген, ананың ыстық алақанын сезген бала қандай болып өседі? Ал керісінше болған жағдайда баланың бойында қандай психологиялық өзгерістер болады? (қатысушыларға сұрақ) - Рахмет жауаптарыңызға, әрине, ананың мейіріміне тоймаған баланың бойында өте көп ауытқушылықтары болуы әбден ықтимал. Ал, үлгілі ана - қандай ана? Қатысушылармен бірге үлгілі ананың және әкенің бейнесін құру:
«Отбасының қайнар көзі - ол бақыттылығы». Егер отбасының іргесі нық болса, құрған қамалдары берік болса - аталған отбасындағы тәрбие де дұрыс болады. Бала тәрбиесі - ата - аналардың ықпалымен жүзеге асады. Ұрпақ – болашақ, адамзаттың болашағы, дұрыс тәрбие берілсе, қоғамға да, еліне де, жеріне де ол болашақтың берері де мол болады. Бұл деген аса маңызды міндеттің бірі. Қатысушылармен жұмыс: бала тәрбиесіндегі теріс ықпал ететін факторларды анықтау: 1. Ата - ананың ішімдікке бой алдыруы; 2. Өз беттерімен бас қосып сайрандатып, өмірін күнде тойға айналдыруы; 3. Баланы үнемі жалғыз қалдырып, әке мен шешенің өз беттерімен біріне – бірі ерегесіп балаға қарамауы
Баланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның білімді өздігінен игеруімен тығыз байланысты. Мектептегі баланың оқу әрекеті күрделі, жан-жақты үрдіс, Ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін, өздігінен білім алуын қажет етеді. Мектеп жасындағы баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті.
Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Балданың ақыл-ой әрекеті оның қажеттері мен қызығулары, сезімі мен еркі сияқты үрдістермен, іске асады. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін өздігінен әрекетін қалыптастырып отыру керек. Ең алдымен мектепке келген баланың алдына қойған мақсат міндеттерін түсінуге баули отырып оқыту, тәрбиелеу қажет. Тәрбие өмір бойы үздіксіз жүретінүрдіс болса, қазақ халқы жетілген, өз бетінше жұмыс атқара алатын тулғаның сипатын “Сегіз қырлы бір сырлы” деген бір ауыз сөзбен түйіндеген.
Лебяжі ауданы әкімдігінің, Лебяжі ауданының Лебяжі селолық округі аппаратының «Айналайын» балабақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
Баяндама: «Ересек топ жасындағы баланы өз бетінше әрекет етуге тәрбиелеу».
Жылдық қортынды бойынша есеп беру.
Әр түрлі (тренингтер, «Жанұя ойыны» сергіту жаттығулары, «Қош бол, балабақшам» сценаримен таныстыру. «Тілек шамы»).
1.Тыңдалды: Тәрбиеші: Адылханова Г.М.
«Ересек топ жасындағы баланы өз бетінше әрекет етуге тәрбиелеу» баяндама оқыды. Жылдық қорытынды балалардың жасаған жұмыстарын әр ата-анаға таратылып, көрсетілді. Ата-аналарға арналған тренинг «Мен сені түсінуге тырысамын»өткізілді. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығулары ата-аналармен өткізді.
2. Тыңдалды: Тәрбиеші: Курмангалиева С.Т.
«Қош бол, балабақшам» сценаримен таныстырып, ата-аналар өз ұсыныстарын білдіріп айтты. Балабақшамен қоштасу 23 маусым күні сағат 16:00 өткізілетін болды.
3.Тыңдалды: Ата-аналар комитеті: Айжан Асетовна.
Айжан Асетовна балабақшамен қоштасу күні тәтті үстел ұйымдастыру керек деп өз ойын білдірді. Ата-аналар бәрі Айжан Асетовнаны қолдап, келісімдерін берді.
Шешімі:
1.Ересек топ балаларын өз еркімен балабақшада, үйде әрекет етуге тәрбие берілсін.
2. «Қош бол, балабақша» атты ертеңгіліккке ата-аналар бір ауыздан қолдап, қол ұшын беретіндерін айтты.
3. Ата-аналар балаларға жаз мезгілінде көп көңіл бөліп, тәрбиешімен тығыз байланыста болу керек екені айтылды.