kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата-аналармен жұмыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ортаңғы  топтың  таным  білім беру саласы  «Жаратылыстану»   бөлімінің  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің  тақырыптық-перспективтік  жоспары

Тақырыптар

Мақсаты

Мерзімі

Сағат саны

1

«Қош бол, жаз»

Табиғаттағы, ауа райындағы, өсімдіктер әлеміндегі, адамдардың киіміндегі қарапайым  маусымдық өзгерістерді байқауға ынталандыру. Себеп-салдарлық сипаттағы сұрақтарды қоя отырып, табиғат құбылыстарын дербес бақылауға баулу. Қоршаған ортаның әсемділігімен және оған деген қамқорлық қарым-қатынаспен байланысты мейірімділік сезімдерін, білуге құмарлықты тәрбиелеу.

1

2

«Алтын күз»

(табиғаттағы бақылау)

Балалардың күз мезгілінің өзіне тән белгілері туралы түсініктерін кеңейту. Табиғаттағы, ауа райындағы, өсімдіктер әлеміндегі, адамдардың киіміндегі қарапайым  маусымдық өзгерістерді байқауға ынталандыру.

Қоршаған ортаның сұлулығымен және оған деген қамқорлық қарым-қатынаспен байланысты эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Балаларды табиғатты және ауа райының жағдайларын (жаңбыр,тұман, бұлт, күн ашық), бақылау нәтижелерін табиғат күнтізбесінде белгілеуге үйрету.

1

3

«Күз сыйы»

Көкөністер, жемістер, саңырауқұлақтар мен жидектер туралы білімдерін кеңейту. Табиғаттағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы түсініктерін кеңейту.Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Қарапайым экологиялық түсініктерді қалыптастыру.

1

4

«Орманға саңырауқұлақ  жинауға барамыз»

Адамдардың өмірінде орманның маңызы туралы балалардың  түсініктерін нақтылау. Орманның өсімдіктер әлемінің өзіндік ерекшелігін көрсету (орманда не өседі).

1

5

«Нан қайдан келді»            

Балаларды бидайды өсіру барысымен таныстыру. Нанның дастарханға қалай келетіні туралы түсінік беру, қаладағы және ауылдағы адамдардың еңбегінің мазмұнына назарларын аудару. Адамдардың еңбегіне құрметпен қарауға, нанды қастерлей білуге тәрбиелеу.

1

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата-аналармен жұмыс»

Ауыл сайысы

Жүргізуші:Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық!

Досқа құшақ ашайық,

Өлең жырға басайық

Қазақтың бір салты деп тойға шашу шашайық

Наурыз келсе,

Құт келгені халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық

Наурыз - шығыс халықтарының жаңа жыл мейрамы. Наурыз - дүниенің ғарыштық

сипатын, адам мен ғарыштың ортақ тегін білдіретін мейрам. Олай болса, бүгінгі

мерекеге байланысты ауылдар арасындағы сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

  Ортаға ауылдарымызды шақырамыз!

 Әділдікпен баға берер ауылдарға Әділдікпен қара қылды жаруға.

Әділқазы алқаларын шақырып

Жүзден жүйрік ауылды

Таңдап бүгін алайық.

Ал, енді, ауылдарымызға әділ баға беретін әділ - қазыларымен таныс

болыңыздар:





Жүргізуші:

Той деп бүгін көңіл тасиды,

Той деп бүгін халқым шашу шашады.

Арамызда, бүгін солар сайыстың

Сөзден жүйрік, жыршы бетін ашады.

Енді ауылдарымызды сайыстың өтілу барысымен таныстырып өтейік:

1сайыс: «Жеті атасын білген ер, Жеті жұрттың қамын жер»- өзін - өзі таныстыру.

2 сайыс:Айтысу

3 сайыс: «Ата мұраң - асыл қазынаң» - салт дәстүрден көрініс. (1 кіші Б быТұсаукесер,1 кіші А тобы Сәукеле кигізу, 2 кіші топ Құйрық бауыр,Ортаңғы топ Сыңсу)

 4 сайыс:Өз өнерін көрсету

5 сайы: «Ас - адамның арқауы» дастарханды қорғау

Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

Табиғатта тамаша,

Тамылжып тұр тамаша.

Тамылжып тұр жараса,

Наурыз тойы салтанат,

Наурыз тойы мархабат.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.- дей келе бүгінгі жарысымыздың бірінші кезеңін бастайық.

1- кезең: Жеті жұрттың қамын жер»- өзін - өзі таныстыру.

Жүргізуші:

Наурыз тойы – береке,

Наурыз тойы – мереке.

Наурыз тойы – жыр – аңыз,

Қызық думан құрамыз-дей келе екінші сайысымызға көшеміз

2 кезең Айтысу



Думандатып би билеп

Ән мен күйді төгілдіріп

Інжу – маржан шашайық

Жиналған жұрт таң қалсын

Өнерден күмбез жасайық-дей келе сайысымыздың 4 кезеңі Өзөнері

5 сайыс: «Ас адамның арқауы» дегендей сайысымыздың соңғы кезеңі дастархан қорғау

  Жүргізуші: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады демекші, бүгінгі сайысымыз да

аяқталып келеді. Сіздер бүгінгі ауылдарымыздың өнерлі екенін байқадыңыздар.

Ұлтымыздың әр сөзі,

Асып жатыр кәдеге.

Ауылдардың жарысы,

Келіп жетті мәреге -дей келе әділқазылар сөз кезегі сіздерде.

Жүргізуші:осымен наурыз мейрамына арналған ауылдар арасындағы жарысымыз аяқталды. Мына

Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Қош сау болыңыздар!

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ата-аналармен жұмыс

Автор: Салықбаева Гульнур Қозыкорпешовна

Дата: 13.09.2017

Номер свидетельства: 428079


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства