Просмотр содержимого документа
«Ата-аналармен өткізілген Толағай спорттық ойыны»
Толағай спорттық жарысы
Тақырыбы: «Толағай» спорттық жарысы. Мақсаты: Балаларды ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Төзімділік, жылдамдық, ептілік деңгейін дамыта отырып, дененің жалпы даму сапасының артуына, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу. Түрі: жарыс Көрнекілігі: доп, кегли,қапшықтар т.б Барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі. 2.Кіріспе сөз. 3.Спорттық жарыс. 4.Қорытынды. Жүргізуші :
Шынықсаң шымыр боласың, Сауығып айдай толасың. Спортты серік ете біл, Жақсы азамат боласың. Чемпион болу оңай ма? Арман болған талайға. Болмасаң да ұқсап бақ, Жарысқа түсіп қалай да. Құрметті ата-аналар және балалар! «Толағай» атты спорттық жарысымызға хош келдіңіздер. Әр таңды бақытпен атырамыз, Өнерді ой көгінде бақылаңыз. Сайысқа қатысуға енді ортаға, Спортшыларымызды шақырамыз. Қарсы алыңыздар. «Тұлпар» тобы. Топ ұстанымы:
Жүзден жүйрік танылады сайыста, Ұмтыламыз біз ешкімнен қалыспай. «Жас қыран» тобы. Топ ұстанымы:
Қыран болып самғаймыз, Жарыстан еш қалмаймыз. Құрметті сайыскерлер, бүгінгі ойында сіздерге толағай табыс және сәттілік тілейміз. Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады. Ал құрметті халайық, Жарысты енді көріңдер. Әділ қазы алқасы, Әділ баға беріңдер. Жарысты бастамас бұрын ойынға төрелік ететін әділ-қазы алқасымен таныстырып кетейік. Балабақша меңгерушісі:Ержомарт.М.А Балабақша тәрбиешісі: Умбеткалиева Ғ.М
Балабақша тәрбиешісі:Жанарбек Г
Құрметті қатысушылар бүгінгі сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін. Сайыстың бағдарламасы. 1. «Кедергілер» арасымен допты жерге соғып жүгіру,балалар сол кезде ұсақ доптарды шелекке әкеліп салу. 2. «Қапшықпен» секіру балаларда қапшықпен секіреді. 3. «Кім мерген» баскетбол кольцосына допты лақтыру.балаларда жасайды. 4. «Шөлімізді қандырайық» үлкендер қасықпен су тасиды.балалар судын құйылуына көмектеседі.
5. «Кенгуру» секіру.балалар допты аяғының арасына қысып алып жүгіреді.
Әр сайыстан кейін ойынға әділқазылар бағаларын береді.
Сайысымызды бастамас бұрын барлығымыз бойымызды сергітіп алайық.
Интерактивті тақтандан сергіту сәтін көріп қайталау. Сонымен бірінші ойынымыз.
1-сайысымызды бастаймыз белгі берілген кезде бастаймыз.
Әнді сүйсен менше сүй деп «Айналайын» тобының орындауындағы «Ей балақай» әні.
5-сайысымыз «Кенгуру» секіру.балалар допты аяғының арасына қысып алып жүгіреді.
Өнерге биік сенеміз, Думанға қызық келіңіз. Әділ қазы ел сенген, Өнерге баға беріңіз. Марапаттау. V. Қорытынды. Сөзді әділ-қазы алқасына береміз. Құрметті оқушылар! Сіздерді алған орындарыңызбен құттықтай отырып, бүгінгі жарысымызды аяқтаймыз. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет, сау болыңыздар.