kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата-аналар жыналысыны? ?лгісі. Та?ырыбы: «Ата-аналар мен бала – айырылмас достар»

Нажмите, чтобы узнать подробности

           Балалы? ша? – адам ?міріндегі е? ма?ызды да, ерекше уа?ыт. Сонды?тан осы кезді тиімді пайдалану ?те ма?ызды.  «Бала т?рбиесі – мемлекетті? ма?ызды міндеті» деп талай ?асыр б?рын Платон бекер айтпаса керек.  ?ай кезе?де болсын ?рпа? т?рбиесі б?рінен де ма?ызды. Міне, осы та?ырып б?гінде де бізді ?атты ойландырып, тол?андырып отыр?ан жайы бар. Д?л ?азіргі жа?дайда ?андай ?рпа?ты т?рбиелеп жатырмыз деген с?ра? туындайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата-аналар жыналысыны? ?лгісі. Та?ырыбы: «Ата-аналар мен бала – айырылмас достар»»

Отбасы мен балабақша бірлігі.

Семей қаласы

Ардак Дамировна Кошанова

«№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» КМҚК әдіскері


Балалық шақ – адам өміріндегі ең маңызды да, ерекше уақыт. Сондықтан осы кезді тиімді пайдалану өте маңызды. «Бала тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеті» деп талай ғасыр бұрын Платон бекер айтпаса керек. Қай кезеңде болсын ұрпақ тәрбиесі бәрінен де маңызды. Міне, осы тақырып бүгінде де бізді қатты ойландырып, толғандырып отырған жайы бар. Дәл қазіргі жағдайда қандай ұрпақты тәрбиелеп жатырмыз деген сұрақ туындайды.

Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс тәрбие мен білім алуына жағдай жасау – ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала - әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

Ата-аналар өз балаларының басты тәрбиешілері болып табылады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деді халық даналығы. Отбасы – бұл баланың өмір сүру ортасы: қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезетін орын. Отбасында барлығы жақсы болған жағдайды – балалар жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуетіне көтеріле алады. Отбасы мен педагогикалық ынтымақтастық – баланың қанаттану деңгейі мен тәрбиешінің жұмысының сапасын арттырады.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың түрлері мен әдістері олардың педагогикалық мәдениетін көтеруге, балабақша мен отбасының өзара ынтымақтастығына және тәрбие жұмысының әлеуетін арттыруға бағытталған.

Қазіргі заманның ата-аналарына көмек көрсету қажет, өйткені педагогика мен психология жөніндегі білімдердің болмауы қателіктерге, түсініспеушілікке демек, тәрбиенің нәтижесіздігіне әкеліп тірейді. Сондықтан да балабақша педагогтарының негізгі күштері ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің деңгейін жоғарылатуға бағытталған. «Тәй-Тәй» технологиясының отбасыны педагогикалық ағарту бойынша жұмыс нысандарының бірі ата-аналар жиналысы болып табылады. Ол қандай болуға тиіс? Осындай жиналыстарда шаршаған ата-аналардың көңілін жандандыратын және сұхбаттардың мәнін анағұрлым жеңіл есте сақтауға жәрдемдесетін, жылы көңіл, ашық және іскер әңгіме үшін ерекше көңіл-күй жасайды.

Қорытындылай келе, қазақтың ұлы ғұламасы Әбі Насыр Әл-Фарабидің сөзімен айтсақ: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне азап әкеледі» деген. Қазақстанның дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – қоғам, ұстаздар мен ата-аналар, мұғалімдер қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.





Ата-аналар жыналысының үлгісі.

Тақырыбы: «Ата-аналар мен бала – айырылмас достар»

Мақсаты: бала тәрбиесіндегі тілектестікті дамытуға арналған іс-тәжірибелік ұсыныстар беру.

Өткізу формасы: форум.

Жиналыстың барысы:

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ата-аналар! Бүгінгі күнді біз бір-бірімізге арнаймыз, ДОСТЫҚ деген адам өміріндегі маңызды сөзіне арнаймыз.

  1. Шаттық шеңбері

Жүргізуші: - Қолдарыңызды бiр-бiрiңнiң иықтарыңа қойып, екі жаққа шайқалып көрiңдершi. (Барлығы қимылды орындайды.)

- Қасыңда тұрған адамның иығының қолдауын сездіңдер ме?

- Әрқайсысымыз достарымыздың сенiмдi иығын сезiндiк. Отбасында да әрбiр адамға туыстары осылай сүйеу, қуат болады, бiрiн-бiрi жақсы көредi.

Бәріміз бірге мына сөздерді айтайық:

Отбасымыз - гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

«Қайырлы күн!» деп айтамыз,

Бір болып, бақытты боламыз.


  1. «Достық мектебі» ойыны.

Ата-аналар мен балалар шеңбер жасап тұрады. Олардың барлығы достық мектебінің оқушылары. Бір қатысушы жүргізуші болады. Қатысушыларға әр түрлі жан-жануарлардың суреттері бар карточкалар таратылады (құстар, балықтар, гүлдер, ағаштар және т.б.). Олар өздерінің карточкаларын бір-біріне көрсетпеулері тиіс. Әрбір қатысушы карточкада бейнеленген жануарға дос болу үшін не істейтінін айтуы қажет. Достық мектебінің жүргізушісі карточкалардығы суреттелген қатысушылардың суреттеуі бойынша сәйкестендіріп табу керек. Егер жүргізуші таба алмаса, онда ол қатысушымен орнын ауыстырады.


  1. Сұхбатқа арналған сұрақтар мен тапсырмалар (интервью):

- Шын дос болу қиын ба, ол үшін не не қажет екені туралы не ойлайсыз?

- Досыңыздың болуы үшін адамдармен қандай қарым-қатынас жасау қажет?

- Қай адаммен сіз достасқыңыз келеді және неге?

- Өзіңізді жалғыз сезінген жағдайларыңыз болды ма, бірақ сонан соң керісінше ойда болған жағдайларыңыз болды ма?


  1. «Төрт дос» шығармашылық жаттығуы.

Ата-аналар мен балаларды төрт төрттен топтарға бөлу керек. Әрбір топта: біреуі – пілдің баласы, екіншісі – үйрек, үшінші – алау, төртінші – бұлт болады. Ата-аналар мен балалар бірігіп, төрт досының біреуіне қиын кезде көмектесіп, қол ұшын берген әңгімесін құрастыру.


  1. Педагогикалық ойын «Кім мәреге бірінші жетеді?»

Әр топтың бір мүшесі шығып, балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жетуге тырысады.


  1. Сиқырлы экран. (алдын ала балалармен түсірілген бейнесюжет көрсету)

Сұрақтар:

  • Достар туралы жаман айтуға болады ма?

  • Егер сіздің досыңыз жаман қылық жасаса, ол туралы басқаларға айтуға болады ма?

  • Сіздің жақындарыңыз ұнатпайтын адаммен достасасыз ба?

  • Досыңыздың қателігін кешіруге болады ма?

  • Достармен ұрысып, ренжуге болады ма?

  • Әке мен ананы дос ретінде қабылдауға болады ма?

  • Достыққа бағынуға болады ма?


7. Жағдаяттарды ойнау.

1-ші жағдаят.

Гүлімнің Әсем деген құрбысы бар. Әсем әдемі кофта сатып алады. Ал Гүлім болса дәл сондай алғысы келеді. Гүлімнің анасы оған басқа бірдеңені сатып алуға болатыны туралы айта бастағанда, ол жылай бастайды.

2-ші жағдаят.

Еркебұланның ата-анасы үйден бірдеңені алуға рұқсат етпейтін маркаларды Сұлтан бұрыннан бері сұрағысы келген. Ал Еркебұлан болса ата-анасының бұл қылықтарын өз алдына ұнатпайды.

3-ші жағдаят.

Ержан өзінің туған күніне достарын шақырады, олар онда жаман қылықтарды көрсете бастады. Сонда Ержанның ата-анасы...

Жүргізуші: Жағдаятта көрсетілгендей ата-ана мен балалар арасында шын достық қарым-қатынас болуы мүмкін бе? Жоқ. Онда ол қандай болуы мүмкін? Олай болса бәрімізге ортақ шаңырақтың астында жақсы болатындай етіп өмір сүрейік. Бірігіп, достасып, бір-бірімізді түсініп тұруға, қуануға тырысайық. Ол үшін ата-аналар мен балаларға арналған кеңес, ақыл-ойларды қолдану керек. Ата-аналар мен балаларға арналған кеңестер бұлама қағазда беріледі.


Ата-аналарға арналған кеңестер:

  1. Балаңызды жалғыздыққа үйретпей басқалармен араласуға бөгет жасамаңыз.

  2. Балаңыздың досын сол досының ата-анасының беделін қолданып сыйламаңыз, оны балаңыздың позициясынан сыйлаңыз.

  3. Балаңыздың досының тек қана жағымды жақтарын көрсетуге тырысыңыз.

  4. Достықта жеткен жетістіктері үшін балаңызды мадақтауға ұмытпаңыз.

  5. Жастық шақтағы балаңызда болған достықты сақтау нәтижесінде оның болашақта жақсы тіреуі болуы мүмкін.



Балаларға арналған кеңестер

  1. Өздеріңіздің ата-аналарыңызға сеніңіз – олар сендердің тіректерің, кез келген уақытта сендерге ақыл-кеңес беріп көмектеседі.

  2. Ата-аналарға қамқорлық жасаңыз – оларда қиыншылықтар көп болады.

  3. Олармен бос ренжісіп, ұрыссуға болмайды.

  4. Достарыңызбен оларды таныстырыңыз, олар туралы әңгімелесіңіз.

  5. Достарыңыздың қуанышын ата-аналарыңызбен бөлісіп қуаныңыз.


8. Қорытынды.

Соңында ата-аналар мен балалар бірігіп суретке түседі.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ата-аналар жыналысыны? ?лгісі. Та?ырыбы: «Ата-аналар мен бала – айырылмас достар»

Автор: Кошанова Ардак Дамировна

Дата: 15.04.2016

Номер свидетельства: 318899


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства