kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Армысың,әз Наурыз"(ертеңгілік)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру. Балаларды елін,Отанын сүюге,ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.Имандылық,инабаттылық,ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Армысың,әз Наурыз"(ертеңгілік)»

«Армысын,әз Наурыз!»

Мақсаты:Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін ,Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. 
Сценарий көрнекілігі: нақыл сөздер.

Сценарий барысы: Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді.

Ұлағатты сөздер: «Наурыз құтты болсын!» «Жыл басы - наурыз!» «Наурыз құт әкелсін!» «Құт береке мейрамы Наурыз жасасын!»

Залда әсем әуен ойнап тұрады. 
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті ата-аналар,балалар,қонақтар! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді.

Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш, сыйласын!

Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды! (Наурыз қыз музыкамен ортаға келеді)
Наурыз қыз: Сәлеметсіңдер ме,балалар,құрметті ата-аналар! Балалар,қандай мерекені тойлап жатырсыздар?Олай болса,Наурыз мейрамы құтты болсың! Ақ мол болсың!

Балалар: Сәлем бердік, біз сізге! Наурыз меркесін.
Тәрбиеші: Төрлетіңдер, төрлет!Наурыз қыз.
Наурыз жыл басы, наурыз қуаныш мерекесі.

Наурыз - бақыт пен шаттық мерекесі.
Наурыз – көктем мерекесі. Ендеше «Көктем» туралы ән шырқайық
ӘН: «Көктем келді»
Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.

Мирас:

Наурыз тойы береке,

Наурыз тойы жыр аныз.

Қызып дулы мереке,

Қызық думан құрамыз.

Кәусәр:

Қош келіпсің Наурыз!

Арман тойы халықтың.

Қуанышы халықтың,

Құтты болсын қадамың.


Алихан:

Би биледік бәріміз!

Егін өнің толықтап.

Елдің көңілін шалқытқан.

Бас иеміз Наурыз!


Айша:

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Халқы сүйген мейрамды,

Қарсы алайық Наурызды.


Ибрахим:

Наурыз шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Ән саламыз бәріміз,

Би билейміз бәріміз.


Нурали:

Сәнді көктем нұрымен,

Наурыз тойы жырымен.

Көңіл гүлдей жайнасын.

Наурыз тойы тойлансын.

Жалғас:

Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарханға елімнің,

Береке ырыс сыйлашы.

Мустафа:

Ой,халайық,халайық,

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді,

Бірге қарсы алайық.

Медина:

Осыншама жақсылық,

Алып келген Наурызым.

Төрлет бізге нұр беріп,

Шуақ шашып ақ жүзің.

Сауран:

Бәйшешек гүл ашады.

Мұздар сайға қашады.

Суға толып өзен көл,

Кемерінең асады.

Арлан:

Құрт бауырсақ шашылып,

Наурыз тойы ашылсын.

Бір бірімен мына жұрт.

Көрімдігін асырсын.

Фариза:

Бата беріп атамыз,

Бата беріп апамыз.

Тәтті болып жасаған,

Көжеден дәм татамыз.

Амина:

Наурыз тойы әдемі,

Әжем еске түсірді.

Бізге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.

Нурали:

Жылдын басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналсын,

Бүгінгі жыр әніміз.

Нурали:

Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме.

Байлық,бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне.

Балауса:

Көктем келді ,балақай,

Жасарды жер,алақай,

Наурыз тойын тойлайық,

Әсем әнге салайық.

Еркеназ:

Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Айгуль:

Наурыз бұл мереке,

Құтты болсын береке.

Қыдыр ата келсін,

Жақсы тілек әкелсін.
Тәрбиеші: Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді.
Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс.

Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен жылының күресін жырлаған.
Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері, бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық:
Айтыс: Мұстафа мен Мирас

Би: «Шабандоздар»(ұлдардың орындауында)

Әндетіп Алдар келеді (Мен Алдармын, Алдармын)
Айтысып жатқан балалардың даусын естіп келдім. Бұл жерде мереке болып жатыр ма?
Тәрбиеші: Иә, Алдар көңіл - күйің жақсы екен, амансың ба?
Алдар: Амансыздар ма! Наурыз мейрамы құтты болсын.
Тәрбиеші: Ендеше ұлыстың ұлы күнін бізбен бірге қарсы ал, наурыз мейрамың құтты болсын!
Алдар: Рахмет! Мен сендерге құр қол келген жоқпын. Ұлттық ойындардың бірі асық ату ойынын, ойнауға бір дорба асықтар ала келдім.
Ойын: (Асық ойыны)
Тәрбиеші: Рахмет саған Алдар. Ойының балаларға өте ұнады, кел дастархан басына төрлет.
Алдар: Рахмет (дастархан басына отырады)
Тәрбиеші: Наурыз тойын бастаймыз
Бимен оны қостаймыз
БИ: «Қазақ биі»(қыздардың орындауында)
Тәрбиеші: Өзбекстаннан келген қонағымызды қарсы алыныздар.
Би: «Өзбек биі»(Қапбасова Балаусаның орындауында)
Ойын: «Арқан тарту»

Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын! Дендеріміз сау, мықты болсын! Наурыз тойы келе берсін! Барлық халық бақытты болсын, Қош ,сау болыңыздар, халайық! Көріскенші күн жарық болсын! Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз. Көжеден дәм татыңыздар.
Би: «Қаражорға»(барлығы ортаға шығып билейді)








Бекітемін:___________

Мектеп директорының тәрбие

жұмысы жөңіндегі орынбасары: Узакбаева С.С





«Армысын,әз Наурыз!»

(Ертеңгілік)








Жауапты тәрбиешілер:Н.Нуктенова

Г.Тилеубекова















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Армысың,әз Наурыз"(ертеңгілік)

Автор: Нуктенова Нургуль Айтказыновна

Дата: 18.04.2019

Номер свидетельства: 507508


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства