Тәрбиеші: Рзабекова Назгүл
Жүргізуші: Құрметті аналар,ұстаздар,балалар! 8- Наурыз аналар мерекесіне арналған «Ардақтаймыз ананы» ертеңгілікке жиналып отырмыз. Мектепалды даярлық «г» тобының балаларымен өткізілетін мерекемізге қош келдіңіздер! Бүгінгі ертеңгілігімізді ашу бастауыш сыныптар оқу ісі меңгерушісі А.Рахов ағайға беріледі.
Енді ортамызға бүгінгі кештің кейіпкерлері, адемі балаларымызды сіздерге арнаған «Вальс» биімен қарсы алайық.
Залға балалар кіреді
Жүргізуші: Бәрімізге де осынау әлемнің жарығын сыйлаған ана есімі қашанда биік, әрі қымбат.
Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болам шалқыған
Ана десем ,ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын
Біз ғана емес
Қадір тұтқан бабалар
Аналардаң туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар,қасиетті аналар!
-Ардақты аналар,мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке ,бірлік.дендеріңізге саулық тілейміз!
-Балалар,бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Шешуін таба аламыз ба?
Бала,бала,бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Бүл кім?
Балалар: Ана,ана,ана.
Жүргізуші.:Әрине,бұл біздің аналарымыз.Ана - перзент тәрбиелеуші.Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік:
Ырысбек: Ана біздің күніміз Ана біздің гүліміз. Ұландарды қуантып, Ұзақ өмір сүріңіз
Жұлдыз: Әже деген көп шығар, Әжемдей адам жоқ шығар. Мейірімді бұл кісі, Қандай ғажап күлкісі.
Рамазан: Менің анам ақылшым, Күн секілді білгенге Шашырайды шуағы Үйімізге кіргенде
Ақтілек: Ақ қабақты анашым, Күн сәулелі анашым. Әлпештеген баласын, Айналайын анашым.
Жақсылық: Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым.
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Назерке: Нұрын төккен маған
Шуағымсың – сен
Айналайын, анам.
Қуанышыңмен!
Жұргізуші : Ардақты аналарымызға ән орындап берейік
Ән: «Ақ мамам»
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Жүргізуші: иә, балалар дұрыс айтасыңдар. Қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығып, адамдарға қуаныш сыйлайтын көктем мезгілі де келіп жетті.
Тағы да балалардың тақпақтарына назар аударайық.
Сағадат: Мақтаным апа Шат әнім апа Өзіңе тақпақ Жаттадым апа.
Айкөркем: Ана өмір шырағы Ана өмір бұлағы Бесігімнің жыр әні Жүрегімде тұрады.
Нұрсұлтан: Мен анамды сүйемін, Құшағына енемін. Мәпелеген анамды, Қуантсам деп келемін
Би: Жалғас Айкөркем «Қуыршақ»
Кәусар: Аялаған, саялаған, Бар бақытым берекем Апатайым құттықтаймын Бүгін сенің мерекең.
Әлихан: Бізге қарап елжіреп,
Сүйсе беттен күнім деп.
Құшақ ашса келші деп,
Жүрегіміз күлімдеп.
Гүлназым: Анаң болса қасында Басқа бақыт не керек Аналардың жүрегі Мейірімді ғой керемет.
Жүргізуші: Жайқалсын бәйшешек гүліміз
Бақта бұлбұл сайрасын
Сәнді көктем нұрымен
Көңіл гүлдей жайнасын
Талшыбықтай бұралған
Қыздарымыз қарап тұрмасын – деп, ортаға тобымыздың қыздарын ортаға «Көбелектер» биімен қарсы аламыз.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер. Өнерлерің өрге жүзсін.
Құрметті, қыздар сіздерге көп рахмет. Біздің топтың ұлдарының гүлдерін қабыл алыңдар.
Ән: «Ақ мамам»
Ғалымжан: Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан иіскеп менің
«Құлыншағым, күнім» - дейтін.
Жансая: Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған.
Үлкен - кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
Рауан : Мәпелейсің мені анам, Қолыңдағы құсыңдай Құлпыра өсіп дем алам Құшағыңда қысылмай.
Аянат: Еркелеймін шаттанам,
Жарқын күлкің бақ маған Ақ бетіңнен сүйейін Келші, келші ақ мамам
Ақмаржан: Бізді өсірген апатай, Еңбегіңде зор екен Құтты болсын апатай Құтты болсын мерекең
Ойын:
Жүргізуші: Балалар, қане аналарымызға тілек айтайықшы. Кім ортаға шығып өз анасына тілегін айтады?
Жақсы, жарайсыңдар. Балалар, Айкөркем өзінің тілегін анасына «Аяулы анашым» әнімен жеткізгісі келіп тұр екен. Ортаға шақырайық.
Жүргізуші: Ана- біздің күніміз.
Ана- біздің гүліміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз – деп, балаларыңыздың сіздерге арнап өз қолдарымен жасаған шағын сыйлықтарын қабыл алыңыздар.
О,анашым неткен жансың мейірімнен жаралған
Мәнгілікке арамызда шалқып-тасып жүр аман
Егер де сен еш ауырмай,күліп-ойнап қуансаң
Бұл тәңірден одан басқа,ешбір тілек сұрамаң
Өмірдегі ең асыл жан- АНА. Сол үшін балалар аналарымызды сыйлайық,ардақтайық,еш уақытта ренжітпейік.
Құттықтау сөз ата- аналарға беріледі.
Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын! Келесі кездескенше аман сау болыңыздар!