kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Арда?тайы? ананы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

:  ??рметті  ?она?тар, балалар! Арда?ты  аналар мен ?желер. Б?гін біз Аналар мерекесіне  жиналып отырмыз.  К??іл – к?йлері?із  к?тері?кі  болсын, ?р?ашан да ?демі, ба?ытты болулары?ыз?а  тілектеспіз.

  Арда?ты ана, аяулы ана, ?ымбаттым,

                       Т?тті ?й?ы?ды  б?ліп талай т?н ?атты?.

                       ?міріме н?рін берді а? с?ті?,

                       Ке? ??ша?ы? - аясындай г?л ба?ты?. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Арда?тайы? ананы"»

Ардақтайық ананы

Балалар екі – екіден кіреді.Ұлдар қыздарды орнына отырғызады .

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! Ардақты аналар мен әжелер . Бүгін біз Аналар мерекесіне жиналып отырмыз. Көңіл – күйлеріңіз көтеріңкі болсын, әрқашан да әдемі, бақытты болуларыңызға тілектеспіз .

Жүргізуші: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың - аясындай гүл бақтың.

Ендігі кезек кішкене бөбектерге беріледі, олар сіздерге арнап жаттаған тақпақтарын айтып береді.

Даниал: Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамын

Құттықтаймын, анашым !

Арман: Ана біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Мира: Бізді өсірген апатай,

Еңбегің де зор екен.

Құтты болсын апатай,

Құтты болсын мерекен.

Алина: Шашымда өріп, тараған .

Қабағыма қараған,

Үлкен-кіші демейді,

Сыйлайды оны бар адам.


«Мереке» әңін орындау.


Жүргізуші: Балалар, біз қандай мерекені қарсы алып жатырмыз?

(8 наурыз). Ол қай кезде болады? (Көктемде) Дұрыс. Ал енді мен сендерге көктем туралы тақпақ оқимын.

Келді көктем қоңыр салқын желімен,

Келді көктем нұрын шашқан күнімен.

Келді көктем қызыл жасыл гүлімен.

Келді көктем әдемі құс үнімен.

(Әсем әңмен Көктем келеді)

Көктем: Мен көңілді Көктеммін ,

Былтыр келіп кеткенмін.

Көзін ашып бұлақтың .

Түбіне тал еккенмін.

Гүл боп қырда егілем,

Дән боп жерге себілем,

Жаңбыр болып жауам да

Нұр боп көктен төгілем.

Шуағын төгіп әлемге

Қуатын күннің әкелем

Табиғаттың төсіне

Тіршілігін әперем.

Жүргізуші: Амансың ба, ару Көктем! Үлан-байтақ еліне қош келіпсің! Біздің балалардың саған арнаған тақпақтарын тыңдап көр.

Расулхат: Көктем келді су ары,

Күннің көзі шуақты.

Көктем келді, гүл өсті

Аппақ тоның жер шешті.

Карина: Көктем келді күлімдеп,

Міне, саған гүлім! - деп

Ұлжан: Көктемде көңілді,

Құстар кеп жатқанда.

Құлпыртып өңірді,

Гүл ектік бақтарға.

Зарина: Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір –бірден,

Анаға сыйлаймыз.

Жүргізуші: Кане биге басайық,

Салтанатты көңілде.

Таң –тамаша салайық,

Шалқытып шат өмірді.

Көктем, біз биді де билей аламыз .

Би орындалады.

Көктем: Ал, құрметті балалар, қонақтар мен сендермен қоштасайын. Басқа балабақшаларға құттықтауға барайын. Сау болыңыздар! Мерекелерін маған қатты ұнады. (Көктем кетеді)

Елдос:Анашым, анам

Ризамын саған.

Тіліңді аламын

Ақылды боламын.

Жансая:Іш ауырса, тіс ауырса,

Анам дәрі береді .

Барлық бала, барлық дана,

Оны жақсы көреді.

Е . Сабина: Асыға күтіп жүремін,

Болар деп қашан мейрамың.

Суретін салдым гүлдердің,

Келеді соны сыйлағым.

Диана: Аппақ мамам, ақ мамам,

«Мамам»-деймін, шаттанам.

Түн ұйқыңды төрт бөліп ,

«Бөпешім!» - деп, жатпаған.

Нұржан: Әппақ мамам, ақ мамам,

Сендей жан жоқ аяулы,

Өзің үшін мақтанам!


«Құттықтаймын, мама» ән орындалады.


Балапан келеді: Сүйер бар балақан, мен – сары балапан

Енеме еремін, көгалды шоқып көп.

Дәнді іздеп, теремін.

Мен адасып қалдым, анамды іздеп жүрмін.Сендер көрген жоқсындар ма?

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы қандай әдемі кішкентай Балапан. Ол жоғалып қалды, мамасын іздеп жүр.

Ешкі келеді: Менің атым Ешкі.

Таңдағаным көп шөп

Берсең егер басқаны

Беремін оны жеп.

Жүргізуші: Ешкі, сен қайдан келдің, не істеп жүрсің?

Ешік: Мен сендердің балабақшаларынды көріп келдім.

Мерекелеріңізге қатысуға болады ма?

Жүргізуші: Жақсы. Біздің тақпақтарымызды, өлеңдерімізді тында.

Анам менің, ақ анам,

Мен сіз күні батпаған,

Мен сіз таны атпаған,

Мен ұйқтамай жатпағанда.

Алик:Әппақ мамам, ақ мамам.

Сендей бақыт жоқ маған.


«Айналайын анашым» әні орындалады.


Жүргізуші: Жақсылықты тойлайық,

Қуанышты болайық,

Аналармен қуанып,

Асыр салып ойнайық.


Ойын: «Өз балаңды тап»

Бір топ балалар арасынан, өз баласын табу. Көзі жабық.


Жүргізуші: Балапан, көнілін көтерілді ма? Мынау сенің анаң ба?

Балапан: Жоқ.

Әже келеді, ешкісін іздейді. Ұрысады.

Жүргізуші: Ұрыспа әже, Сіздің ешкіңіз көңілді,біз онымен ойнадық. Сізгеде арналған өлен бар.

«Баурсақ» өлеңі орындалады

Әже балапанға қарап: Сенде үйіңнен қашып кеттің ба?

Балапан жылайды.

Әже: Жылама, мен сенің анаң қайда екенін білемін. Қазір шақырып келемін. Ешкіні айдап кетеді.

Тауық келеді: Балалар, сәлеметсіздерме? Менім балапанымды көрдіңдер ме? Жоғалып қалды?

Балапан: Мама - деп тауыққа жүгіреді.

Тауық рахмет айтып кетеді.

Жүргізуші: Ендігі кезек әжелерге келді.

Тамерлан:Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдепен бас иеміз.

Ернұр:Менің әжем,ақ әжем.

Айтқан сөзі дәл әжем.

Аман болса көреді,

Қызығымды әлі әжем.

Айша:Құр пен майын жинаған,

Балаларға сыйлаған.

Бұл әжемнің өмірі,

Таусылмайтын жыр маған.

Амирлан:Әжемдей данадан,

Ертекке қанадым.

Шақырса даладан,

Жүгіріп барамын.

Әжелермен ойын «Қанша қадам жасаса, сонша жылы сөз айтады»


Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, әжелер сіздерге құттықтау сөз береді.

Ана өмір болашаққа сыйлайды екен,

Жатты да жамандыққа қимайды екен.

Ананың құрсағына сыйған бала,

Даланың құшағына сыймайды екен,

Әуен ғой үзілмейтін ол саналы.

Әлемнің бейбітшілік аңсар әні,

Жауыздың жер бетінен өшер еді,

Анадай адамдардың болса бәрі,- деп біз сендермен қоштасайық

Қош, сау болыңыздар.

Балалар сыйлық тапсырады ата-аналарына, әжелеріне.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Арда?тайы? ананы"

Автор: Ж?мабекова Са?ынышы Ба?ытжан?ызы

Дата: 18.02.2016

Номер свидетельства: 295303


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства