kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Арда?таймыз ананы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Ма?саты: 8 наурыз аналар мерекесін ке?інен насихаттау
Т?рі: ?деби монтаж
К?рнекілігі: т?рлі т?сті шарлар, слайд, аналар туралы ма?ал - м?телдер
?ту барысы:
1. ?йымдастыру кезе?і
2. ??тты?тау с?зі
Ж?ргізуші:
Шуа?ты к?ктем келді г?лін алып
К?ктемні? мерекесі б?гін аны?.
?мірді? к?ктемі де, г?лі – Аналар
Ана деп бас иеді к?ллі халы?.


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Арда?таймыз ананы" »

Тақырыбы: «Ардақтаймыз ананы»



 Мақсаты: 8 наурыз аналар мерекесін кеңінен насихаттау
Түрі: әдеби монтаж
Көрнекілігі: түрлі түсті шарлар, слайд, аналар туралы мақал - мәтелдер
Өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Құттықтау сөзі
Жүргізуші:
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көркем мерекесін қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Осы мерекеге орай "аялы алақан" орталығының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Ардақтайық ананы"» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!


Көңілді әуен ырғағымен балалар әмбебап залына кіреді.

              Саппен жүріп «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындайды.

                           (Орындарына отырады)

 

Тәрбиеші: Балалар, бізде қазір қай жыл мезгілі?

 

Балалар: Қазір көктем мезгілі

 

Тәрбиеші: Дұрыс, бізде қазір көктем мізгілі. Күн жылынды, құстар қайтып келді, қар еріді.  Көктем мезгілінің айларын атап беріңдерші?

 

Ілияс: Наурыз

Қарақат:   Сәуір

Нұрсәт: Мамыр

 

Тәрбиеші: Өте жақсы, дұрыс айтасыңдар. Ал, Наурыз айындағы мерекелерді атап беріңдерші?

 

Алуа: Аналар мерекесі!

Ильяс: Наурыз-той!

 

Тәрбиеші: Өте жақсы. Балалар, бүгін бізде қандай күн?

 

Нұрсәт    Бүгін наурыздың сегізі

                 Сұлулықтың негізі

                 Әдемі сөз адамның

                      Анаға айтар лебізі

 

Тәрбиеші: Тамаша! Бүгін наурыздың сегізі – Аналар күні.

                   Аналар, әжелерді сендер сүйесіңдер ме?

 

Балалар: Иә, сүйеміз.

 

Тәрбиеші: Бұл кісілерді біз сйылау керекпіз, қадірлеу керекпіз. Сендер ана, әжелерді қалай сйылайды екенсіңдер, айтағойындаршы?

 

Меруерт:     Аналарды сүйеміз

                    Сөзін ойға түйеміз

                     Әжені де ардақтап

                     Әдеппен бас иеміз

 

Алуа:      Анашым деп мақтанам

                  Айналайын, ақ мамам 

 

Ілияс       Менің әжем, нар әжем

             Көп жасаған кәрі әжем

            Ауырғанда мен үшін

                 Әр сүйгені дәрі әжем

 

Қарақат:     Анам менің әдемі

                  Анам менің тірегім

                  Анам менің жүрегім

                 Анамды мен сүйемін

 

Ілияс:   Менің әжем, жыр әжем

             Ұл мен қыздың бағы әжем

             Ертегі айтып бер десең

             Айтып берер тағы әжем

 

Ильяс:       Менің әжем, бұл әжем

                 Айтқан сөзі дәл әжем

                Аман болса көреді

                  Қызығымды әлі әжем 

 

                           Ән: «Айналайын ақ мамам»                         

                     

                               Би: «Ұлдар мен қыздар»

 

                                 Тақпақтар:

 

Нұрсәт:       Әлпештеген баласын

                   Ана бақыт, ана күн

                    Әркім сүйіп өзінің

                    Мақтан етер анасын  

 

Қарақат:          Баланың да тірегі

                Дананың да тірегі

                Шаншымасын ешқашан

                Аналардың жүрегі

 

Алуа:   Ана көркі көгімнің

                    Ана нұры – жерімнің

                    Ана бағы – баланың

                Мақтанышы елімнің

 

Меруерт:        Ана көркі көгімнің

                      Ана нұры – жерімнің

                      Ана бағы – баланың

                  Мақтанышы елімнің 

 

Ильяс:   Менің әжем, гүл әжем

                      Алтын әжем, күн әжем

                      Апам үшін, мен үшін

                       Нағыз ана тілі әжем

 

                                 Би: «Қаражорға»

 

                                Ойын: «Гүл сыйлау»

 

Шарты:  Ортада құмырада гүлдер тұрады. Ұл бала бір гүлді алып ұнатқан қызға бетінен сүйіп береді, «Құттықтаймын!» деп.

Қалған гүлдерді қонақтарға тарату.

Балалар өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын аналарына сыйлайды.

Ата – аналардың балаларына деген тілектерін айтып бәрі хормен «Анашым» әнін орындайды.

                                            

 

                              

                            




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"Арда?таймыз ананы"

Автор: Касымова Айгуль Тулешовна

Дата: 02.04.2015

Номер свидетельства: 196148


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства