Мақсаты:Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық мәтениетімізге құрметпен қарап,егеменді елімізге деген сүйіспеншілігін,патриоттық сезімін ояту.Балаларды өз Отанын сүюге,елордасы Астанасын мақтаныш етуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар,ұжымдастар және балалар!
Баршаңызды Астана күнімен құттықтаймын.Сіздерге әрдайым зор денсаулық,мол бақыт және елімізге тыныштық тілеймін.Астанамыздың 19 жылдығын тойлағалы отырмыз. «Арайлы таңдай-сұлу Астана!»атты мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймын.
Астанам! Ару қалам, асқақ ордам,
Қалың жұрт, қазағыма қақпа болған.
Ту ұстап, тұлпар мінген бабаларым,
Бермеген ел намысын жатқа қолдан- дей отыра бөбекжайымыздың кіші топ бүлдіршіндерінің тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Сайран:
Ел ордам менің – Астана,
Осында жаңа бастама
Сәулетті зәулім үйлер көп,
Көрікті сондай жас қала.
Заңғар:
Астанама қарашы,
Елімнің жас қаласы.
Неткен ұлы, неткен кең,
Қазағымның даласы!
Ажар:
Ардақталды Астанам,
Мәртебелі бас қалам.
Көркейе бер күн сайын,
Алға қарай, бас қадам.
Ахмет:
Астана қандай тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Қандай керемет тамаша,
Менде бар ғой бас қала.
Сабина:
Оның аты Астана,
Астананы қараса.
Жүрегім соғады тамсана,
Менің елім астана.
Жүргізуші:
Киелі менің Елордам,
Арудай сұлу таранған.
Береке-бірлік, достықтың
Тұнығынан нәр алған.
Келесі кезекте бөбекжай тәрбиеленушісі Мырзуван Назеркенің орындауында «Гүл көбелек» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Кейбіреулер қазақты көре алмайды.
Кей кезде қазақтар өзін өзі табалайды!
Сондайлар жиылып ап, ай-шулайды:
«Қазақтар мемлекет құра алмайды,
Қазақтар жаңа астана сала алмайды,
Білімі жоқ, бостан босқа айқайлайды».
Бөбекжайымыздың ортаңғы тобының тәрбиелнушілерінің тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Жансая:
Астана – Азияның ару қызы
Ай қабақ, жайма шуақ жүзі қандай,
Ақ гүлдей сүйгің келер үзіп алмай.
Астана – Азияның жас қаласы,
Ажарын көрген адам қызығардай.
Мерей:
«Бәйтерек» құшақ жайған көшем жаңа,
Астана қарқын алды өсер дара.
Есілдің жағалауын жарқыратқан,
Аққудың ұясындай әсем қала.
Ақжол:
Аңсатқан шырын, шарбат бал-уызы,
Тамсантқан таңғажайып дәру жүзі.
Бой жазған Сарыарқаның самалында,
Астана – Азияның ару қызы.
Дінмұхаммед:
Құлшынған күншығыста жас қалаға,
Батасын берді Алатау бастап алға.
Ақжарқын Азияға нұрын шашқан,
Тілейміз құт, береке Астанаға.
Жүргізуші:
Ән көңілмен құйылды
Қайғы бұлты шегілді
Балалармен дүние
Көрікті де көңілді
Келесі кезекте бөбекжай тәрбиеленушісі Қазиева Сабинаның орындауында «Мен қазақтың қызымын» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Бөбекжайымыздың ересек тобының тәрбиелнушілерінің тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Айша:
Аз-ақ жылда салынып, Әйгілі болған жас қала Алуан гүлге малынып Құлпыруда Астана
Әділет:
Астана –бас қала
Жаңа қала, жас қала
Зәулім сәнді үйлері
Үлгі болған басқаға
Мансұр:
Астанамыз –әдемі
Жарқырайды жұлдыздай
Аян:Есілдің бойы бас қала
Мақтанышым - Астанам Олжас: Өсіп міне келемін
Бәйтеректей болып мен
Ұлан: Көз тартады –Астана
Биік Бәйтерегім
Назерке:
Күн болып қарайды
Шуақ боп, тарайды
Әлемге нұр шашқан
Астанам арайлы.
Келесі кезекте бөбекжай тәрбиеленушісі Сайран Ақжолдың орындауында «Ашық болсын аспаным» әнін қабыл алыңыздар.
«Арайлы таңдай-сұлу Астана!»Астана күніне арналған асфальтқа сурет салу байқауын ашық деп жариялаймын.
Ендеше әр топтан 1-2баладан ортаға шығып сурет салайық.