Просмотр содержимого документа
«"Анамызға тосын сый"»
«Анамызға тосын сый»
Залдың ішінде бутафорские ағашы болады. Онда қолдан жасалған қызыл, көк, сары, жасыл, алқызыл және әртүрлі түсті конфеттер ілінген.
Музыка әуенімен балалар залға кіріп, көктем вальсін билейді.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті асыл аналар,қыз-қызғалдақтар, ақ жаулықты әжелер! Қар астында қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып аналар мерекесі келді. Аналар көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемнің шуақты күндеріндей, сан-алуан гүлдеріндей, құлпырып, жайнап жүре беріңіздер! Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын!
Армысың әжелерім,аналарым,
Мейірбан аппақ көңіл даналарым.
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды сіздерді балаларың. Бүгінгі шағын орталық «Қарлығаш» тобының аналар мерекесіне арнап дайындаған ертеңгілігін сіздерге тарту етеміз.
(Балалар орындарына отырады)
Жүргізуші:Құрметті аналар,балалар қәне бәріміз мына ортада тұрған «тәтті конфет ағашына» назар аударайықшы.Бұл ағаш керемет екен,мына хатты ашайын,бұл ағашты бізге Көктем ханшайымы қалдырыпты.Әр бұтағында сіздерге арналған тәтті конфеттер мен тосын сыйлар ілінген. Әжелер мен аналарымызға арналған екен.
Бұл ағаш бізгеде қатты ұнап қалды. Бірақ бұл ағаштың қандай сиқыры бар екенін білмей тұрмыз. Оны тек біздің балалар ғана біледі. Солай ма балалар?
Балалар: Иә!
Жүргізуші: Менің ойымша бұл конфеттер жай емес сияқты.Мүмкін мынау мармелед шығар.
Балалар: Жоқ таппадыңыз.
Жүргізуші: Мүмкін шоколад шығар.
Балалар: Жоқ!
Жүргізуші: Мүмкін торт пен жаңғақ шығар?
Балалар: Жоқ!
Жүргізуші: Жарайды сары түсті конфетті ашып қарайын,балалар сары түсті конфетте сендерге тапсырма беріліпті.Сендердің топтарыңда Әлия атты сұлу әрі ақылды,шапшаң ханшайым бар екен,сол ханшайым бар екен және екі ақылды,батыр,ержүрек Альрами және Әлиби деген Ханзадалар бар екен.Ортаға шығып өнерлерін паш етсін.
Спорттық би: «Акробатика» және «Біздің жігіттер»
Жүргізуші: Қараңыздаршы аналар! Біздің балалар қандай пысық! Жарайсыңдар!
Балалар енді қызыл кәмпитті ашып көреміз!
(қызыл конфеттің қабығын ашып оқиды.) Қазір қызыл түсті конфетті ашып көрейік. Бұнда былай деп жазылыпты: Сендерге аналарың конфеттей тәтті болса, әжелерің балдан да тәтті депті. Олай болса көрейік. Әжелеріне қандай өнерлері бар екен.
Әже деген асыл жан Құрмет көрген ғасырдан
Тақпақтар:
Альрами:
Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын қонаққа
Кәмпит алып келеді
Әжем менң өйткені
Өте жақсы көреді
Жүргізуші: жарайсың өте жақсы,енді күлгін түсті конфетті ашайық.
Муслим:
Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар,өте жақсы айттыңдар,әжелерің аман болсын.Енді көк түсті конфетті ашайық.
(Жүргізуші барып көк конфетті алады.)
Көк конфетіміз ашылды,
Ішінен ойын шашылды.
Ойын: «Анамызға көмек»
Ойын шарты: Екі бала ортаға екі анасын шақырады. Аналары орамалдарды жуып береді,балалар жіпке қыстығышпен жаяды.
Жүргізуші: Жарайсыңдар тамаша балалар.Сендер өте пысықсыңдар.
Енді балалар,сары конфетті ашып көрейік.
( Жасыл конфетті ашады)
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген қуанышы көңілдің
Ана деген әр бір үйдің жылуы
Ана деген гүлі туған өмірдің
Балалар сендер ана туралы тақпақтарңды паш ете қойыңдар ,ортаға шықырамын
Тақапақтар:
Әбілмәнсұр:
Анамды мен жақсы көрем Айтқан тілін алып жүрем Қасымда апам жүргенде Шаттанып ойнап күлем
Қоңыр түсті конфетті ашамыз
Әлиби:
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз
Ақшыл қызыл түсті конфетті ашамыз
Алия:
Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Жүргізуші: Шыныменде мынау керемет тосын сый болды ғой. Әр конфетті ашқан сайын, қызық болып бара жатырған сияқты. Енді қандай конфетті ашамыз.
Ал енді ақ түсті конфетті ашып көрейік. Бұл конфетте ортаға анамызды,әжемізді алып шығып « Біз көңілді баламыз атты» флешмобқа шығып,би билеу керек екенбіз.Қәне ортаға биеге шығайық.
Жүргізуші:Жарайсыздар,рахмет.Балалар
күрең қызыл түсті конфет ашылды,
Ішінен ойын шашылды.
Ойын:«Түймедақ жинаймы»!
Ойын шарты: Стол үстінде себетте тұрған,әр түрлі түсті қағаздан қиылған,түймедақ гүлін жианйды.
Жүргізуші:
Көктемде көңілді
Құстар кеп жатқанда
Құлпыртып өңірді
Гүл ектік бақтарға
Құтты болсын осы шаттық күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз!
Ал балалар ақшыл көк түстіконфетті ашайық
Ән шашу: «Құттықтаймын ана туған күніңмен!»
Жүргізуші: Қызыл конфет, сары конфет,көк, жасыл конфет, алқызыл, түрлі түсті конфеттер. Әр конфетке жасырулы балаларға «Көктем ханшайымының» тосын сыйы ұнады деп ойлаймыз.Тақпақтарда айтылды, әндерде шырқалды, билерде биленді.
Конфет ағашын бізге арнайы жіберген «Көктем ханшайымына» мың алғыс.
Балалар біздің өзіміздің арнайы дайындаған біздің топтағы Ардақты, ару қыздарымыз Алия мен Айшаға сыйлығымзды табыстайық.Содан кейінгі тосын сый
«Асыл аналарымызға» арнап жасаған сыйлықты тарту етейік.Ал аналар,сыйлықты қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген қуанышы көңілдің
Ана деген әр бір үйдің жылуы
Ана деген гүлі туған өмірдің
дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.Қош сау болыңыздар!