kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Анамызды сыйлайық"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға күз туралы түсінік беру. Күз туралы тақпақтар айтып,ән салып,би билеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Анамызды сыйлайық"»

Тақырыбы: « Алтын күз»

Мақсаты: Алтын күз мерекесін  өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.

 Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Алтын күз»  атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жүп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Жүргізуші:  Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне  жиналдық.

Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?

Балалар: Ол күз.

Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.

Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.

Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Күз: Береке бақ дарыған,

         жомарт көңіл жарқын жаз.

        Сары алтынға малынған,

         Алтын күз деген мен болам. Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Балалар:  Жоқ.

Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап

Шақырады жарқын жүз

Сайрандаған күліп-ойнап,

Келді міне Алтын күз!

Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын. Ағайынды бәрі

                      Шықса жасыл

                      Түссе –сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ.

Күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар!

Жүргізуші: Алтын күз , біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі.  Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән: «Күз»

 Райымбек: Күзім-ау, күзім-ау!

                         Мінезің бұзық-ау  

                         Жаңбырың сіркіреп,

                          Келгенің қызық-ау!  

Айгерім           Қарашы күз келді, күз келді,

                         Сары алтын жауыпты іздерді  

                          Құс біткен керуен түзеді,  

                          Көңілсіз неліктен күз енді? 

Жанерке            Қара бұлт қабағын түйеді,

                           Бұталар боз қырау киеді

                           Осы ма, осы ма күз деген

                           Бақшаға баратың бізбенен

Инабат             Сары теңге жапырақ,

                           Бояған ба көл бетін? 

                           Тоңазыпты топырақ, 

                            Ызғарлы екен жел де тым.

Нүрали            Кездескен сон күзімен,

                            Бұтағынан үзілген.

                            Ай жапырақ-сары алтын,

                            Айналаның бәрі алтын

Жүргізуші:           «Қолшатыр» биі ( Айгерім, Жанереке,Жансая)

 Інкар              Гүл жайнаған даланың,

                            Жапырағы солыпты.

                            Таңырқадым, қарадым,

                            Танымастай болыпты.

Аяжан         Алтын, сары, қызыл, көк,

                            Алуан-алуан жапырақ.

                            Күзгі бақта күлімдеп,

                            Көз тартады атырап.

Шұғыла            О, алақай, тамаша,

                            Шашу шашады жапырақ.

                            Бақтың іші алаша,

                            Аунар ма еді жатып ап!

 Айару             Астық жеміс жиылды,

                            Қамбамызға құйылды.

                            Ардақты күз мың алғыс,

                             Алдық өнім сыйыңды.

Мұрат               Көбейді құт-береке

                              Астық толы қоймамыз.

                              Құтты болсын мереке

                               Алтын күзді тойлаймыз.

Шерхан              

                              Өнім үйіп тастадық,

                              Оқуды да бастадық.

                               Берекелі алтын күз,

                               Ашық болсын аспаның.

                               Жатыр еді атырап

- Би:        «Жапырақтар»

Жүргізуші:  Жемістерді қарсы алайық (Осы кезде әуен ойналады, ортаға жемістер шығады) Алма .Нұрай.

Пісіп тұрған алмамын,

Тамсандырар бал дәмім

Жерге сілкіп түсірме

Ісіп кетер маңдайым.

Сәбіз.Наргиза

Өсіретін бойыңды

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз.

Пияз.Асаналі  

Асханадан шықпаймын,

Атым пияз, бұқпаймын.

Көзден жасты шығарам.

Тұмаудан бірақ сақтаймын.


Картоп .Айдын

Картоп біздің атымыз

Жер астында жатырмыз

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз.

Алмұрт.Даниял

Тіл үйірген алмұртпын

Таңсығымын бар жұрттың

Жақсы өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім.

Қызанақ.

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып

Тұрған ол мен қызанақ

Күнге қарап ұялып.      


Күз: Өте тамаша, балалар! Кәзір менімен ойын ойнайсындар ма? Ойынның шарты: Көзді байлап, қолмен сипап-сезу арқылы қандай жеміс екенің табу.

Жүргізуші:  Жарайсындар, балалар! Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік «Ұйқасын тап» ойыны

1.Пісетін кезі дәл күзде

   Мезгілсіз оны үзбе

   Аузынан кетпес бал дәмі

   Онын аты (шабдалы)

2. Кіп-кішкене болса да,

   Ағаштың басын иеді.

   Жемістерін аиырып,

    Танисын ба? (шиені )

3. Жапырақты тасалап,

    Өсетін жері-бақша-бақ

    Күрен қызыл шіркін-ай

    Оның аты…(танқұрай )

«Алтын күз» өленің тамашалыныздар

Жүргізуші: Алтын күз, балалардың өнерлері ұнады ма?

Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды

                             Берекелі бақ-дәулет,

                             Арта түссін тойланып.

                             Сау болындар, балалар,

                             Келгенше жыл айналып

Ал, тәрбиеші апай, менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді. Мен соны сізге берейін балаларға таратып берінізші.

Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Анамызды сыйлайық"

Автор: Айимагамбетова Алмагул Aхметжановна

Дата: 02.04.2017

Номер свидетельства: 405956

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "утренник на 8 марта "
    ["seo_title"] => string(20) "utriennik-na-8-marta"
    ["file_id"] => string(6) "205029"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429784124"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) ""Ата-анамызды? маманды?ы" д?ниетанудан саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(53) "ata-anamyzdyn-mamandyg-y-duniietanudan-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "216483"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433006906"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "?ткенді бекіту"
    ["seo_title"] => string(15) "otkiendibiekitu"
    ["file_id"] => string(6) "284910"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454062134"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "разработка мероприятия к 8 марту"
    ["seo_title"] => string(31) "razrabotkamieropriiatiiak8martu"
    ["file_id"] => string(6) "296480"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456031291"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Балаларды? ?зінен жасы ?лкендерді сыйлауы "
    ["seo_title"] => string(45) "balalardyn-ozinien-zhasy-ulkiendierdi-syilauy"
    ["file_id"] => string(6) "246835"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446464125"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства