kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Аналар,асыл жандар»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ана деген - шешек болып жанары

өмірімнің бастау алар ажары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Аналар,асыл жандар»»

Жүргізуші: Құрметті аналар сіздердің мерекелеріңізге орай ұйымдастырылып отырған «Аналар,асыл жандар» атты кешімізге қош келдіңіздер! Құлыншақ тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар! Балабақша меңгерушісі Сәмиға апайға сөз береміз.

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз,мейраммен

Құрметті аналар!

Балалар:(2 қыз бала гүл шашады)

Жүргізуші:Ал енді аналарымызға арналған әнімізді айтайық.

Хор: «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен».

Жүргізуші:

Ана деген –шешек болып жанары,

Өмірімнің бастау алар ажары.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әр үйден жұлдыз болып жанады - демекші бүлдіршіндеріміз де аналарына ақ пейілдерін жеткізбекші.

Нұрәділ:

Мен анамды сүйемін ,

Құшағына енемін.

Қуанышы баланың,

Бізді өсірген анашым.

Кәусар Б:

Бізді өсірген апатай,

Еңбегіде зор екен.

Құтты болсын апатай,

Құтты болсын мерекең.

Нұрасыл:

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.

Ана деген-бәйтерегі өмірдің,

Ана деген-алтын қазық алтын бақ.

Жазира:

Әлемдегі ақылды адам,

Бәрінен де сол жақын маған.

Ол жанымда жүрсе менде,

Батырларша батылданам.



Ақберген:

Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам.

Ән:

Жүргізуші:Балалар мерекеге қонақ келе жатырған сияқты.

Қуыршақ:Сәлеметсіздер ме,балалар! Сәлеметсіздер ме,аяулы аналар мен асыл ұстаздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймын, сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін.

Жүргізуші:Көңілді қуыршақ, сенің мерекеге келгенің жақсы болды, бүгін бүлдіршіндеріміз аяулы аналарын, ардақты әжелерін мерекемен құттықтағалы отыр.

Қуыршақ:Қандай әдемі балалар,мерекеге дайындықтарың қалай? Әжелеріміз бен аналарымызға арнап ән үйрендік пе?

Жүргізуші:Иә, бүлдіршіндеріміз мерекеге арнап көңілді ән айтады. Алдарыңызда әнші қызымыз Дария «Ана»әнімен.

Ән: «Ана»

Қуыршақ: Қандай әдемі ән. Рахмет!

Жүргізуші:Көңілді қуыршақ, балалар әжелері мен аналарына арнап тақпақ жаттап келді. Келіңдер ортаға шыға қойыңдар.

Диас:

Жақсы көрем күлкіңді,

Айналайын ақ мамам.

Менің анам сүйкімді,

Бәрінен де жақсы адам.

Бегім:

Әлпештеген,аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.

Жандарбек:

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметтті ата-аналар.




Кәусар Е:

Жарқын жүзді жан анам,

Сендей болсын бар адам.

Сендей болса бар адам,

Шаттық кетпес баладан.

Сәлім:

Ән:Ақ мама.

Қуыршақ: Балалар, жарайсыңдар.Мен қарап тұрсам, араларыңда маған ұқсаған кішкентай қуыршақтар бар екен.

Жүргізуші:Иә, олар бүгінгі мерекеге арнап «Қуыршақ» биін билемекші. «Қызғалдақ» бишілер тобын қарсы алыңыздар!

Би: «Қуыршақ»

Қуыршақ:Қане бірге билейік.

Қуыршақ:Мына, қуыршықтар қандай әдемі биледі, рахмет сендерге. Балалар, сендер мерекеге жақсы дайындалыпсыңдар.

Жүргізуші:Бүгін біздің бүлдіршіндеріміз аналарына көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін, «Қызыл телпек» ертегісін сомдайды. Қабыл алыңыздар!

Ертегі: «Қызыл телпек».

Қуыршақ:Өте тамаша.Жарайсыңдар балалар.

Жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай-деп абзал аналарымыз бен әжелеріміздің құрметіне өнерлі баламыз Сахидың орындауында «Жаным»әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Жаным»

Қуыршақ:Балапан жарайсың. Ал балалар сендер үйде аналарыңа көмектесесіңдер ме?

Балалар:Иә

Қуыршақ:Ал бүгінгі мерекеде аналарымызға көмектесуге қалай қарайсыңдар?

Ойын:

Қуыршақ: Ойынға қатысқандарыңыз үшін көп рахмет.

Жүргізуші:

Жүргізуші:Алдарыңызда биші қызымыз Қазына «Аққу» биімен қарсы алыңыздар.

Би: «Аққу»

Жүргізуші:Кезекті тақпаққа берейік.

Бағлан:

Мерекені қарсы алып,

Мәз болады барша жұрт.

Гүл ұсынып анаға,

Бердім өзім ән салып.

Кәмшат:

Анам менің «Айым» дейді,

Мен мұңайсам «уайым» жейді.

Анам менің «күнім» дейді,

Мен қуансам күлімдейді.

Айзере М:

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әрқашан біз ардақтап.

Анаға бас иеміз.

Әмина:

Бала,бала,бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Қазына:

Ардақты ана асылым,

Теңдігіңді жырлаймын.

Жырымның ең асылын,

Мерекеге сыйлаймын.

Нұршах:

Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

Құлыншағым күнім дейтін.

1-жүргізуші:

Ана деп күнде ән салам,

Ауылға бүкіл жар салам.

Қуанту үшін анамды

Күнде-күнде бес алам.

2-жүргізуші:

Менің әжем,ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десем,

Айтып берер тағы әжем.

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман-есен жүрші әжем-деп ардақты әжелеріміздің құрметіне әнші балаларымыздың орындауында «Сағындым әже » әні.

Қуыршақ:Жарайсыңдар балалар!Орындарыңа отыра қойыңдар.

Жүргізуші:

Ана деген-асыл жандар болаттай,

Ана деген-мөлдір жандар бұлақтай.

О,адамдар!Қадірлей біл ананы,

Жат қылыққа ақыл ойды тонатапай

Барлығы да сіздер үшін!

Қуыршақ:Қане бірге билейік!

Жүргізуші:Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет!







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Аналар,асыл жандар»

Автор: Удербаева Нуржамал Сагиновна

Дата: 29.09.2017

Номер свидетельства: 430195


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства