kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ана-бізді? к?німіз

Нажмите, чтобы узнать подробности

                        «Жезкент кентіні? мектеп - лицейі» КММ

Т?рбие са?аты

Та?ырыбы:

«Ана бізді? к?німіз!»

                      0 «?» сынып

                                                Мектепалды даярлы? тобыны?

                                            жетекшісі: Беркимбаева А.З

                                                                         2016  жыл

Та?ырыбы:   Ана бізді? к?німіз!

Ма?саты: ?р адам ?шін басты т?л?а – Ана туралы т?сіндіру.                                                                                                                                                                             

?дісі:        Ерте?гілік.

Дамытушылы?: Балаларды? тілдерін, ойлау ?абілетін дамыту.

Т?рбиелік: Аналарын сыйлау?а т?рбиелеу.

К?рнекілік: Шарлар, ?анатты с?здер, плакат, техникалы? ??рал.

Барысы:  І  ?йымдастыру кезе?і.

                     ІІ   Кіріспе  с?з.  (Музыка ойналып  т?рады. )

Ж?ргізуші: - ?ош, келді?іздер, ??рметті ?она?тар, аяулы аналар, ?желер, ?адірлі ?стаздар! К??ілдері?ізге к?ктем шуа?ындай сезім мен н?р ??йып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау к?ктем мерекесіні? ?ай кезде де орны б?лек. Олай болатыны, аналар?а ысты? сезім, ал?ыс пен ??рмет еш?ашан с?нбек емес. Олар – ?мірді? г?лі, к??ілді? жыры, ?р отбасыны? алтын ді?гегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен ке? д?ниені? ?зі тек аналар мен ажарлы та?мен бірге ?рбір с?би ж?регі ?зі? деп со?са, б?гінгі «Ана бізді? к?німіз» атты ерте?гілігіміз сіздерге арналады. Енді балаларымызды? ?нерін тамашала?ыздар.

 ж?ргізуші:

Сіздерден ?скен балалар

Батырлар мен даналар.

??тты?таймыз мейраммен,

??рметті ?же, аналар!

 ж?ргізуші: - ?ымбатты а? жаулы?ты ?желер, асыл аналар! Сіздерді к?ктем айыны? е? ал?аш?ы мейрамы 8 – наурыз мерекесімен ??тты?таймын!

Хор :   ?н: «А? мамам»

 ж?ргізуші: - К?ктемгі к?нні? к?зіндей жылы ж?зді, н?рлы келбетті аналарымызды,  ?ыздарымызды  к?ктемні? ш??ылалы мерекесімен ??тты?таймын!

?адірлі аналар к??ілді

К?ктемдей жайнап г?л ашсын.

Ба?ыт?а толы ?мірі,

Шатты??а шатты? ?лассын.

Ойын: «Кімні? анасы жылдам?»

К?ктем: К?некей, балалар, келі?дер, орта?а шы?ы?дар. (Ойын?а 3 ?ыз 3 ана шы?ады. Аналар ?ыздарыны? шашын ?семдейді, ал ?ыздары аналарыны? еріндеріне далап жа?ады.)

9-о?ушы: Амина

Сегізінші наурыз к?нін        

Мейрамдайды аналар.            

Аналарды? шатты?ын           

??тты?тайды балалар.          

 ж?ргізуші: К?ктем, балаларды? та?па?тары сізге ?нады ма?

ж?ргізуші:

??тты болсын осы шатты? к?ні?із,

Ба?ытты да ?за? ?мір с?рі?із.

?уанышты ж?зі?ізбен ?рдайым,

Б?л ?мірде к?ліп ?ана ж?рі?із.

??рметті ?она?тар,балалар,б?гінгі мерекелік шарамыз осымен ая?таймыз. К?ріп тамашала?андары?ыз?а к?п-к?п рахмет! 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ана-бізді? к?німіз»

«Жезкент кентінің мектеп - лицейі» КММ





Тәрбие сағаты


Тақырыбы:

«Ана біздің күніміз!»

0 «Ә» сынып










Мектепалды даярлық тобының

жетекшісі: Беркимбаева А.З

2016 жыл






Тақырыбы: Ана біздің күніміз!

Мақсаты: Әр адам үшін басты тұлға – Ана туралы түсіндіру.

Әдісі: Ертеңгілік.

Дамытушылық: Балалардың тілдерін, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Аналарын сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Шарлар, қанатты сөздер, плакат, техникалық құрал.


Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Кіріспе сөз. (Музыка ойналып тұрады. )

Жүргізуші: - Қош, келдіңіздер, құрметті қонақтар, аяулы аналар, әжелер, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана біздің күніміз» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.

жүргізуші:

Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті әже, аналар!

жүргізуші: - Қымбатты ақ жаулықты әжелер, асыл аналар! Сіздерді көктем айының ең алғашқы мейрамы 8 – наурыз мерекесімен құттықтаймын!

Хор : Ән: «Ақ мамам»

жүргізуші: - Көктемгі күннің көзіндей жылы жүзді, нұрлы келбетті аналарымызды, қыздарымызды көктемнің шұғылалы мерекесімен құттықтаймын!

Қадірлі аналар көңілді

Көктемдей жайнап гүл ашсын.

Бақытқа толы өмірі,

Шаттыққа шаттық ұлассын.

1 оқушы: Әлтайыр

Қуанамыз, сыйлаймыз,

Қуаныштың мың гүлін.

Аналарды құттықтап,

Жырдан шашу арнаймыз.

2- оқушы: Бегжан

Бізді өсірген апатай,

Еңбегің де зор екен.

Құтты болсын апатай,

Құтты болсын мерекең.



3 оқушы: Еркеназ

Баланың да тірегі

Даланың да тірегі.

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі.

Бәріңіз де анасың,

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын, мейрамың,

Құттықтаймын анашым!

4- оқушы: Сымбат

Анам менің панам ғой,

Содан қорған табам ғой.

Асықпа анам, ертең ақ

Отын болып жанам ғой.

6-оқушы Аида

Анам менің асыл жан,

Құшағы нұр шашылған.

Күн секілді күледі

Сипап ылғи басымнан.


жүргізуші: Балалар, біздің мерекемізге қонақ келе жатқан секілді.

(осы сәтте Көктем билеп келеді, гул шашады)

Көктем:

Мен Көктеммін, Көктеммін,

Былтыр келіп кеткенмін

Көзін ашып бұлақтың,

Түбіне тал еккенмін.

Жайнататын бар гүлді,

Сайрататын бұлбұлды,

Тілеп жылға оң қадам,

Ән арнайды ел маған.

Тіршіліктің бастауы

Көктем айы мен болам!


жүргізуші:

Көгеріпті төбешік

Өңіріне шөп өсіп.

Бастап думан, сауықты

Құстар әнге салыпты.

Алақайлап ақ бұлақ,

Көктем келіп қалыпты.

Қош келдің, көктем!

Біздің балаларымыздың сізге арнаған әнін қабыл алыңыз.



Ән. Дина мен Тоғанай (Ертегілер әлемі).

жүргізуші: Біздің балаларымыздың сізге арнаған тақпақтары да бар, қабыл алыңыз.

5- оқушы: Толғанай

Мейірімді сымбатты,

Қадірменді қымбатты,

Ең жақын жан балаға,

Ол кім десең, ол-ана!

6-оқушы: Алинур

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Әлпештеген баласын

Ана – бақыт, ана – жыр.

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.

7-оқушы: Серік

Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат мамам, ақ анам.

Қолыңдағы құсыңдай.

Сен керексің қайда да,

Жүре берші қасымда,

Әйбат мамам, ақ анам!

8-оқушы: Алдияр

Ақыл құйған санама

Күннен артық расында.

Күн алыста, ал анам

Ылғи менің қасымда.

жүргізуші:

Қысылып еш саспаңдар,

Қызықты ойын бастаңдар.

Аналардың тойында

Бір көтеріп тастаңдар


Ойын: «Кімнің анасы жылдам?»


Көктем: Кәнекей, балалар, келіңдер, ортаға шығыңдар. (Ойынға 3 қыз 3 ана шығады. Аналар қыздарының шашын әсемдейді, ал қыздары аналарының еріндеріне далап жағады.)

9-оқушы: Амина

Сегізінші наурыз күнін

Мейрамдайды аналар.

Аналардың шаттығын

Құттықтайды балалар.

жүргізуші: Көктем, балалардың тақпақтары сізге ұнады ма?

Көктем: Әрине ұнады, өте өнерлі балалар екен, өркендерің өссін! Келесі жылға дейін аман болыңдар! Сау болыңдар.

(Осы сәтте есік қағылып Қасқыр келеді)

Қасқыр: Сәлеметсіңдер ме?

- Балалар, Қызыл телпекті көрмедіңдер ме? Мен сол Қызыл телпекті іздеп жүрмін, ол көктем айында әжесіне келетін еді. Айтыңдаршы, балалар, сендер неге жиналып қалғансыңдар?

Балалар: Бүгін 8-наурыз –аналар мен қыздардың мерекесі. Аналарымызды құттықтауға жиналдық.

жүргізуші: Сәлеметсің бе, Қасқыр. Қайда жол тарттыңыз, бүгін мереке ғой, қыдырып жүрген боларсыз?

Қасқыр: Е-е-е-е. Қызыл телпек көктем айында неге әжесіне келеді десем, әжесін мерекесімен құттықтауға келеді екен ғой, енді есіме түсті. Мен қазір Қызыл телпектің әжесін ұстап алайын. (Әжесінің үйінің есігін қағады. Ешкім есік ашпайды.)

- Әже мерекеде қыдырып кеткен болар. Қазір мен ендеше Қызыл телпекті ұстап алайын.

Балалар, сендер «Үйде қасқыр бар» деп айтпаңдар, жарай ма? (Әжесінің үйіне кіріп кетеді)

Осы сәтте қуанышты көңіл күймен Қызыл телпек келеді де гүл тереді.

Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме, балалар, Мерекелерің құтты болсын, сендер де әже, аналарды құттықтап жатқан боларсыңдар. Мен де әжемді құттықтауға келдім. (Әжесінің үйінің есігін қағады)

Қасқыр: Бұл кім?

Қызыл телпек: Әже, әже, мен ғой, немереңіз Қызыл телпекпін ғой. Сізді мерекеңізбен құттықтауға келдім. Сіздің тамағыңыз ауырып қалған ба?

Қасқыр: Менің тамағыма суық тиіп қалды. (Есікті ашып әже киімін киген қасқыр шығады.) Қызыл телпекті құшақтап «Амансың ба, қызым» дейді.

- Әже, әже, сіздің қолыңыз неге үлкен?

- Сені қатты құшақтау үшін, қызым.

- Әже, әже, құлағыңыз неге сонша үлкен?

- Сені жақсы есту үшін.

- Әже әже, көзіңіз неге үлкен?

- Сені алыстан жақсы көру үшін, қызым.

- Әже, әже, тісіңіз неге сонша үлкен?

- Етті көп жеу үшін, қызым.

Қасқыр әжесінің киімдерін шешіп тастайды.

Қызыл телпек: Сен қасқыр екенсің ғой, (Қорқып жылайды) –Менің әжем қайда, әлде сен оны жеп қойдың ба?!

Қасқыр: Жоқ-жоқ, мен сенің әжеңді жегенім жоқ, мен саған да тиіспеймін. Бүгін қыздардың мерекесі ғой, қыздарды ренжітуге болмайды. Мен өз ойымнан бас тартып, одан да саған сыйлық әперем, сыйлаймын.


жүргізуші: Көрдіңдер ме, балалар! Бұл мерекені де қасқырдың өзі қыздарды, аналарды сыйлап өзінің ойынан бас тартты, әрдайым осындай кешірімді,мейірімді болайық. Қасқыр, Қызыл телпек,сендер кетпеңдер. Біздің балаларымыздың өнерін көріп көңілдеріңді көтеріңдер.Бүгін Көктем де бізде қонақта.

Қасқыр: Қызыл телпек, ендеше біз балалардың тақпағын тыңдайық.

Тәрбиеші: - Бүгінгі мейрам аналардікі ғана емес, ардақты әжелердікі де. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» -деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер!

10-оқушы: Қуандық

Әжемді мейрамымен құттықтаймын,

Айтатын ән, беретін гүлім дайын.

«Әжетай сені жақсы көремін» деп

Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

жүргізуші:

Сөзімді дұрыстайтын – әже,

Айғайлап ұрыспайтын – әже.

Қыдырса ерте келетін – әже.

Алысқа кетіп ,сағынам – әже.

Ән. Әлтайыр мен Алинур «Ақ мамама еркелесем».

11 – оқушы: Бекжан

Менің анам – мұғалім,

Менің әжем – шын ғалым.

Одан жас та,кәрі де,

Оқып шыққан бәрі де.

12 оқушы: Нұрсұлтан

Үн қатасың бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын, анашым,

Сегізінші наурызыңмен!

13–оқушы: Амир

Қандай бала болмайық,

Анамызға дәріміз.

Көтерсінші көңілін,

Ән салайық бәріміз.

14–оқушы: Нұр

Тек өмірде сен ғана,

Ерекшесің сен, анам.

Бұл өмірде тек қана,

Өзіңе арнап ән салам.

жүргізуші:

Ал, қыздарым, қалықта,

Қалықтаудан жалықпа.

Саусақтарың майысып,

Би биле мына халыққа.

Би: Дина мен Аида «Қуыршақ»

жүргізуші:

Ана көзі күн көзімен пара – пар,

Тұла бойға қуат болып таралар.

Өмірімде шуақ шашып әрқашан,

Көп жасаңдар, ақ ниетті аналар!

15–оқушы: Еркежан

Алтыным деп аңсаған,

Өзіңсің ғой жан анам.

Алаңдаумен жүремін,

Сені аңсап сағынам.

16-оқушы: Сержан

Ана – біздің күніміз,

Ана – біздің гүліміз.

Анамыздан тарайды,

Біздің ана тіліміз.

17–оқушы: Абдульғазиз

Мейірімді жібектей,

Күндей ыстық құшағы.

Ет жүрегі елжіреп,

Құлыным деп құшады.

17– оқушы: Мадияр

Жердегі бар тағамнан,

Ана сүті тәтті екен.

Бұл жалғанда анамнан,

Сүйікті адам бар ма екен?!

18-оқушы: Дина

Мен анамды сүйемін,

Сөзін ойға түйемін.

Анашымды ардақтап,

Басымды оған иемін.

19-оқушы: Дидар

Жылылықтан таралған,

Құшағы оның таң маған.

Менің айдай анамнан,

Асқан сұлу бар ма екен?!

21-оқушы: Нұртас

Ана деген – ақылшың,

Анаң барда батырсың.

Қасыңда кім болса да,

Тек анаңа жақынсың.





жүргізуші:

Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Құрметті қонақтар,балалар,бүгінгі мерекелік шарамыз осымен аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Ана-бізді? к?німіз

Автор: Беркимбаева Айман Зейнабиловна

Дата: 05.04.2016

Номер свидетельства: 315021


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства