Просмотр содержимого документа
«" Ана- гүл, ана- жыр, ана- өмір шуағы"»
Ана- гүл, ана -жыр, ана- өмір шуағы.
Тәрбиеші: Қымбатты балалар, сүйікті апалар, құрметті әріптестер! Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға 8-наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын. (музыкамен залға балалар кіреді)
«Ақ мамам» әні орындалады.
Тәрбиеші:Бүгін наурыздың 8-і
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
Жания: Айналайын анашым Аяласың ,бағысын Сен үшін балалармен Ән шырқайық бәріміз
Нұрислам:Жарқын жүзде жан анам Сендей болсын бар адам Сендей болса бар адам Шаттық кетпес баладан
Адиет:«Бота» дейді маған Кім сүйікті адам? Ол менің анам!
Хабибулла:Анамды мен жақсы көрем Айтқан тілін алып жүрем Қасымда анам жүргенде Шаттанып ойнап күлем
Нұрасыл:Сеннен өскен балалар Батырлар мен даналар Құттықтаймын мейраммен Құрметті анашым
Сағыныш:Анам менің сүйіктім Тек өзіне табынам
Гауһар:Анаң болса қасында Басқа бақыт не керек?
Хайдар:Ана біздің күніміз Ана біздің гүліміз Бізді ана қуантып Ұзақ өмір сүріңіз
Айғаным: Құтты болсын анашым
Құтты болсын мерекең.
«Қамажай» биі.
Тәрбиеші: Балалар, қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем.Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.
Тәрбиеші:Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.
Көктем: Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн -әжелер мен аналар мерекесі ғой. Ал енді, балалармен көктемнің биін билегім келеді.
«Көңілді күн» биі.
Көктем: Ой жарайсыңдар балақайлар!
(осы кезде Көктемнің телефоны шырылдайды).
Көктем: Ия, не болды? Жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілер оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір келемін. Мінекей балалар, менің басқа да жұмыстарым бар, маған кету керек. Бірақ мен сендерге бос қолмен келмедім. Мен сендерге сиқырлы кітап сыйлаймын. Міне ол. Сау болыңдар! (Көктем кетеді).
Тәрбиеші: Қандай қызық кітап. Ой, аша алмай жатырмын, мұны кілтпен ашу керек екен. Ә, міне кілті. (осы кезде кілтті бұзақы бала тартып алып кетеді). Кім бүгін бізбен қалжындасуға келген?
Бұзақы бала: Ол мен, бұзақы бала. Сендерде не болып жатыр өзі?
Балалар: Бүгін аналар мерекесі.
Бұзақы бала: Мен бұзалықты жасасам, анам мені далаға қуып шығады.
Тәрбиеші: Ананың мазасын алатындай күн емес қой бүгін. Бүгін олардың мерекесі. Сондықтан сен бізбен бірге ертеңгіліке қатысып, балалармен би биле.
«Джентельмены» биі.
Бұзақы бала: Ой қандай жақсы балаларсыңдар. Міне сендердің кілттерің.Рахмет, мен кеттім. (Бұзақы бала қоштасып кетеді.)
Тәрбиеші: Ал енді, кітапты ашайық (сиқырлы әуенімен кітап ашылады). Мынау, Кәмпиттің ағашы ғой. Қандай қызық. Әр бұтасында кәмпит өсіп тұр, бұл жәй кәмпит емес шығар. Ой, кәмпиттің ішінде не жасырынған екен? (кәмпиттерді балалар бір- бірден ашадыда, өз тақпақтарын айтады).
Жансая:Мен үшін не керек Бәрін іздеп табасың Айналайын анашым Жұмысыңа барасың Қайтып мені көргенде Шын сағынып қаласын
Інжу:Әже деген көп шығар Әжемдей жоқ шығар Мейірімді бұл кісі Қандай ғажап күлкісі.
Дарын:Айтсаң болды тіл алам Әйбат мамам, менің мамам Сені көрсем қуанам Сен керексің қашанда.
Айдана:Бөбегіңнің сыйлығын Қабыл алшы апашым Ұзақ өмір жүр жасап Ауырмашы ешқашан.
«Менің әжем» әні.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар.
Балалар: Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір- бірден
Аналарға сыйлаймыз.(балалар бірге айтады да, аналарға гүлдерін сыйлайды).
«Ана жыры» орындалады.
Тәрбиеші: Құрметті аналар мен әжелер! Сіздерді 8-наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын.