Тақырыбы: жОМАРТ КҮЗ Мақсаты: Балалардың күз туралы білімін кеңейту, ұштастыру. Балаларды табиғатты аялауға, өз өлкесін сүюге, еңбек адамдарының еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу, оқушылардың тіл байлығын дамытып, ой-өрісін, ойлау қабілетін арттыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Алтын күз ертеңгілігі»
Жомарт күз
Тақырыбы: жОМАРТ КҮЗ Мақсаты: Балалардың күз туралы білімін кеңейту, ұштастыру. Балаларды табиғатты аялауға, өз өлкесін сүюге, еңбек адамдарының еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу, оқушылардың тіл байлығын дамытып, ой-өрісін, ойлау қабілетін арттыру.
I. Жүргізуші: Уа,халайық,халайық, Мұнда назар салайық. Мерекесі халықтың алтын күзге арналған Ертеңгілігімізді бастайық. Құтты болсын осы шаттық күніңіз, Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз. Қуанышты жүзіңізбен әрдайым Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.
Қанеки, балалар, ортаға шығып өнерлерімізді көрсетейік.
Ералы:
Алтын , сары, қызыл ,көк Алуан, алуан жапырақ Күзгі бақта күлімдеп Көз тарталы атырап
А. Нұрәли
Ой, балалар , балалар Қоңырқай күз болыпты. Қурап жапырақ солыпты, Ел егінін орыпты.
Н. Алихан Жетті желмен алтын күз , Жеміс жинау салтымыз. Жиып – теріп болған соң , Той жасайды халқымыз. Әли: Сап сары тоғай Сап сары маңай Құс кетті қайтып Соңғы әнін айтып. Нұрәлі С: Сап- сарығып даланы , Бояпты ғой күз деген. Құстар қанат қағады, Қоштасқандай бізбенен. Жасмин: Келді міне күз , Айнала сары түс. Керемет , тамаша , Қандай әсем күз.
(Жарық сөндіріледі.) Музыка ырғағымен залға Бұлт кіреді.(Билеп жүріп) Мен қара түнек бұлтпын. Бірден жаңбыр жауғызамын, бірден найзағай шашамын, бәрі менің қолымда, мен күштімін, хо-хо-хо-хо. (Бұлт балаларды ұйықтатады.) (Музыкамен Күн кіріп билейді )
Күн: Неге қара түнек мұнда не болып жатыр? Балалар неге ұйықтап жатыр? Бұлт: Күн, сен маған кедергі жасап тұрсың, мен сенің бүлдіршіндеріңді ұйықтаттып, ауа-райын бұзамын. Күн: Жоқ, кәне, балалар оянамыз.(Күн балаларды оятады.) (Жарық жанады, балалар көзін ашады. ) Жүргізуші: Бұлт пен күн, сендер неге айтысып жатырсыңдар? Айтыспаңдар,ақылға келіп балалардың өнерлерін тамашалайық.
Ән «Алтын күз»
Жүргізуші: Ал енді,балалар, бұлтпен, күнмен бірге ойын ойнайық. Ойын: “Күн шықты,жаңбыр жауды.” Ойынды Күн мен Бұлт ойнатады. Жүргізуші: Күн мен Бұлт, ойындарың өте қызықты екен, көп-көп рахмет. Күн әрқашан осылай сәулеңді шашып, бізді нұрландырып, қуантып жүре бер. Күн: Балалар, сендерге көп рахмет, барлығың өнерлі балалар екенсіңдер. Бұлт екеумізді достастырып, көңілімізді көтеріп тастадыңдар. Сау болыңдар(Шығып кетеді)
Жүргізуші: Енді, балалар,ортамызға “Күз ханшайымын” шақырайық. Келші, келші алтын күз, Келші, келші жарқын күз, Мерекені жалғастырып, Ойнап күлші, алтын күз.
Осы кезде мерекелік көңіл-қүймен залға “Күз ханшайымы” кіреді. Күз:
Күз ханшайымы: Армысыздар балалар! Күзгі бақтағы қонақтар! Өздеріңе әкелдім, Күздің сыйын көз тартар. - Балалар, мен жалғыз келген жоқпын, өзіммен бірге жемістерім мен көкөністерімді де ала келдім.Кәне, бәрімізге бірге тамашалайықшы
Асия
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күйімде.
Жаңа піскен кезімде,
Жейді бәрі сүйсіне
Ысқақ
Мен ұялшақ картоппын,
Мен емеспін мақтанар,
Мені жақсы көреді,
Үлкендер мен балалар.
Амина
Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімен.
Барма адам сүйсінбей,
Томат шырын ішпеген
Альфира
Мен де бір сөз айтайын.
Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды,
Винегрет те үстелде
Ибраһим
Іші сары,сырты қатты
Дәні дәрі, дәмі тәтті
Пісіріп жесең ас тамақ
Мұның аты асқабақ
Досхан
Жайлы жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін
Қабат қабат тоным бар
Қалай оны шешемін
Әділжан
Мен алмұртпын,алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттын
Ару
Мен шиемін,шиемін.
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар
Төмен басты иемін
Дана
Жапырақты тосалап,
Өсетін жерім бақша бақ,
Күрең қызыл шіркін ай
Менің атым құлпынай
Ерқанат
Пісетін кезде дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе
Аузыңнан кепес бал дәмі
Менің атым шабдалы
Аяла
Алтынға бояп өңірді
Күзде келді көңілді.
Бау бақшада, орманда
Сары жапырақ төгілді
Жүргізуші: - Қандай тамаша ! Күз ханшайымы өз жемістер мен көкөністеріңізді алып жайғасып біздің де балалардың өнерлерін тамашалаңыздар!