kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Алтын-Күз ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

II-кіші тобына арналған Алтын күз ертеңгілік

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Алтын-Күз ертеңгілігі»

«Күз көрінісі»
Мақсаты:
Балаларды күз әлемімен таныстыру. Күз туралы балалардың дүние танымын арттыру, күз мезгілінің қоршаған ортаға әсерін таныту. Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді сахналандыру. Балаларды күз байлықтарымен, күзгі еңбекпен таныстыру. Тапқырлық, жылдамдық, ұшқыр ойлау қабілеттерін дамыту. Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Музыкалық зал мерекеге сай безендірілген.
Әуенмен қолдарына жапырақ ұстап кіріп, шеңберге тұрып, әнге би қимылдарын жасайды.
Жүргізуші: - Қайырлы күн! Армысыздар құрметті ата - аналар мен балалар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Күз барлығымызға молшылық, ырыс, қуаныш әкелетін мезгіл. Күзіміз әрдайым берекелі, ырысты болсын!
ӘН: «Күзде»
Айша: Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз!
Төлеген Аяна: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Ибраһим: О, алақай, тамаша!
Шашу шашты жапырақ,
Бақтың іші алаша
Аунар ма едім, жатып ап?! Бақдәулет: Жүзім,алма жинаймыз, Алтын мақта тереміз. Үлкендерді сыйлаймыз, Көмектесе береміз. Айсезім: Күн шуаққа маужырап, Жатыр еді атырап. Ағаштардан жамырап, Ұшты кенет жапырақ. Тарғын Аяна: Жапырақ ұшты, Суықта түсті. Сонда да бізге, Қызық көп күзде. Нұралы: Жеміс үйіп тастадық, Оқуды да бастадық. Берекелі Алтын күз, Ашық болсын аспанын.

Жүргізуші: - Балалар, ненің дауысы? Бірден - бірге күшейіп келеді?
Балалар: - Жел.
Жүргізуші: - Жел қатты болғанда қандай өзгерістер болады?
- Иә, жапырақтар ұшады.
(желдің дауысымен ортаға жапырақтарын жан - жаққа шашып Алтын күз келеді)
Алтын Күз:
Сәлем, өрен достарым
Алақанды тос бәрің
Қымбатты сый алыңдар
Қызығыма қаныңдар.

Жүргізуші- Армысыз, Алтын күз. Біз сізді күтудеміз.
Алтын күз: - Ендеше неге тұрмыз, қане би билейік.

БИ: «Жапырақтар»
(Жапырақтармен қыздар би билейді. Билеп болған соң қыздар жапырақтарды шашып кетеді)

Аяла:
Ән салыңдар, күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Кел, күз тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық!

Жанайым:

Сәлем саған алтын күз!

Гүлден:

Тапталады жапырақ,

Судыр-судыр жапырақ.

Өрттей сары бояуға,

Малынғандай атырап

Мұрагер:

Мен торғаймын,торғаймын,

Суықтанда тоңбаймын

Құрт-құмырсқа жәндіктен,

Бау-бақшаны қорғаймын.

Сабина:

Жайдарлы күз, Жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы кең далам,

Дариядай шалқар күз.

Айсана:

Жеміс толы теретін

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

Жүргізуші: Жапқандай жапырағы іздерді
Қуантып байлығымен ізгі елді
Бір тойдырып қайту үшін елімді
Сабырлы, сары Алтын күз келді!

Ал енді Алтын күз біздің балалар сізбен ойын ойнағысы келіп тұр.
Ойын: «Кім жапырақты көп жинайды?»
(Ұлдар жинайды. Кім жапырақты мол жинаса, сол жеңімпаз болады)

Ән: «Қолшатыр»
Ойын: «Қандай жаңбыр?»
(«жәй жаңбыр» дегенде қолды жәй соғамыз. «Қатты жаңбыр» дегенде қолды қаттырақ соғамыз)

Ержүрек:
Көбейеді құт - береке
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.
Амангалиева Илана: Думан толы асқарлы, Күз мезгілі басталды. Күз әуені кеп жетті, Әнге билеп жастарды.

Жаснұр:

Мен моншақты шиемін,

Құмарсындар білемін.

Кетіп қалып жүрмесін,

Тамағыңа сүйегім.

Жантөре:

Тіл үйірген алмұртпын,

Таңсығымын бар жұрттың.

Жақсы өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім.

Ұлан:

Күн суытып,жапырақтар түседі,

Астық-жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.

С.Жарқынай:

Сары теңге жапырақ,

Бояғанба көл бетін,

Тоңазыпты топырақ,

Ызғарлы екен желде тым.

Алтын күз! біздің балалардың тағыда өнерлері бар соны тамашалайық

БИ: «Қолшатыр »
Айқаракөз:
Күзім - ау, күзім - ау
Міңезің бұзық - ау.

Жаңбырың секіріп

Келгенің қызық ау!


Әмина: Құстар қайтты ән салып
Бұлт шарлады аспанды
Қыс келді жар салып
Күзгі суық басталды. Зере:

Керемет,тамаша,

Қандай әсем күз!

Г.Илана: Астық жеміс жиылды, Қамбамызға құйылды, Ардақты күз мың алғыс! Інжу: Қарашы күз келді,күз келді, Сары алтын жауыпты іздерді. Құс біткен керуен түзеді, Қара бұлт қабағын түйеді. Адия:

Келді міне күз, Айнала сары түс. Керемет тамаша, Қандай әсем күз.

Айзере: Жеміс-жидек пісті, Қамбаға астық түсті. Қызу жұмыс басталып, Жинап алды жан салып.
Омар: Сап-сары манай, Сап-сары тоғай. Соңғы әнін айтып, Құс кетті қайтып.

Ахмедияр:

Алтын, сары , қызыл, көк,
Алуан - алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.

Жүргізуші: Шат көңілді балалар
Шаршағанды білмейді
«Алтын күз» мерекесіне
«Саңырауқұлақтар» биін билейді.

Би «Саңырауқұлақтар»
ӘН: «Уражай» (хор)
Алтын Күз: Балалар, өнерлерін үстем болсын. Сендерге әкелген сыйымды тарту етейін.
Жүргізуші: Күз арқылы білеміз
Жомарттықтың салтын біз
Біз өзіңді сүйеміз
Балалар: Рахмет саған Алтын күз!

- Құрметті ата - аналар, мерекелік ертеңгілігімізді аяқтағалы отырмыз. Берекелі, мерекелі жомарт күздің сыйлаған сыйы, әрбір отбасының ақ дастарқанынан арылмасын, еліміз аман, заманымыз тыныш болсын! Келесі күзге дейін кездескенше!

СОҢЫ.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Алтын-Күз ертеңгілігі

Автор: Жауынбаева Гульнара Амангелдиновна

Дата: 28.03.2018

Номер свидетельства: 464056


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства