kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Алтын күз" ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ертеңгілік балабақшада ортаңғы топта ұйымдастырылып өтті, Балалардың жас ерекшелігіне сай әдістер таңдап алынған. Балалрды шығармашылыққа, табиғатты аялауға, қамқорлыққа тәрбиелеу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Алтын күз" ертеңгілігі»

Ембергенова Айгерім Жарболғанқызы

«Бегім Ана» балабақшасының тәрбиешісі

Қызылорда қаласы


Тақырыбы: Алтын күз
Мерекеге сай безендірілген топ. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады.

Теледидардан жаңалықтар болып жатады.

Диктор: -Қайырлы таң,теледидар алдына жиналған қызылордалықтар.Бүгінгі күннің басты жаңалықтарына назар аударыңыздар.Бүгін қаламыздағы «Бегім Ана» балабақшасында

«Алтын күз» мерекесі тойланып өтті.Ертеңгілікте «Балауса» тобының бүлдіршіндері өз өнерлерін көрсетті.Олай болса, экранға назар аударайық.

Залға бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады.
Балалардың қолдарында жапырақтар.
Тәрбиеші:

Армысыздар халайық!
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!

- Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме, қадірлі
қонақтар!Ел байлығын арттырған берекелі күз айы да келді. Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.

Жүргізуші Рауан:

Мұнда назар салайық

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған

Ертеңгілікті бастайық.
Тәрбиеші:- Қараңдаршы, бүгін біздің залымыз қандай әдемі болып кеткен.
(Сырттан бір дыбыс естіледі,желдің шуы)
- Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу?
(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді.)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы
:

Уа, халайық, дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
Тәрбиеші
: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет! Біздің балалардың сізге арнаған өз өнерлері бар.Бүгінгі мерекені бізбен бірге тойла!

Ән. «Күз келгенде»

Тақпақтар.

  • Нұрай:
    Берекесін сыйлауға,
    Өлкемізге күз келді,
    Жемістерді жинауға,
    Шақырады біздерді.
    2. Нұрбол:
    Ой балалар балалар,
    Қоңырқай күз келді,
    Гүл жапырағы солыпты,
    Ел егінін орыпты.
    3. Маржан:
    Жаздай күткен бәріміз,
    Сары алтындай сары күз,
    Алтын ұя бақшада,
    Ойын бастар шағымыз.
    4.Рақымжан:
    Қуандырып біздерді,
    Мерекелі күз келді.
    Кел жемісті алтын күз
    Кемелденсін халқымыз.

5.Хафиз

Тоңазып атырап

Көп жеміс піседі

Сарғайып жапырақ

Саудырап түседі.

6.Жәңгірхан

Біреу астық түсіріп

Біреу бидай ұшырып

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп
Күз ханшайымы:

- Бүгін сіздерде мереке болып жатыр гой, дендеріңіз сау болып, дастархандарыңыз жеміс жидекке толы болсын. Балалар мен сендердің тақпақтарыңды, ән мен билеріңді сағынып келдім. Мен сендерге түрлі түсті жапырақтарымды ала келдім.
Қане, осы жапырақтармен би билейікші.

Би.»Жапырақтар» биі

Күз ханшайымы:

Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін.
Қонаққа келдім сендерге. Сәбіз, картоп, тәтті алма!
Оған достым таң қалма! Жапырақ та сиқырлы,
Ойын ойнар түр-түрлі!

Тәрбиеші:Рахмет, саған Алтын күз! Қабыл алдық сыйды біз! Отырыңыз жайғасып!
Ал, ендеше, балалар, бекер қарап тұрмаңдар.
Жапырақ пен сиқырлы, ойынды тез ойнаңдар.

Ойын: «Кім тез жапырақтарды жинайды?».

Шарты:Ортада балалар екі топқа бөлініп тұрады.Жерде жапырақтар шашылып жатады, соны балалары тез жинауы керек.Әуен біткенше жинауы керек.Соңында жеңімпаз топ анықталады.

Рауан:

-Күз ханшайымы біздің балалар ән айтқанды жақсы көреді.Тек қазақ тілінде емес орыс тілінде де ән айта алады.Қане ,балалардың «Капельки» әнін тыңдап көрелік.

Ән.»Капельки»

Рауан:-Күз ханшайымы, менің достарым өте білімді, ақылды.Сізге күз айларының ерекшелігін өлеңдетіп айтып бермекші.

1-бала:Әсем(қыркүйек)
Бір-біріне жер аспан
Мейіріммен қарасқан
Ұстаз-шәкірт жүздескен
Қош келіпсіз күз дескен.

2-бала: Саян(Қазан)

Қазан айы болыпты,
Қамбаға астық толыпты
Сары даланы сәндетіп
Думандатып әндетіп

Жаңартқан ғаламды
Жаңбырлы ғажап ай
Осынау заманды
Орнатқан қазан ай.
3-бала: Ерасыл(Қараша)

Мол байлық тергені
Шаттығы қаншалық.
Қарашы, өрледі
Қараша ән салып.

Күн суытып барады
Малдар қолға қарады
Қараша ауыл даламыз
Қысқа дайын боламыз



Тәрбиеші: Мінеки, балалар күз айларымен таныстыңдар.
Өнім биыл тамаша!
Көз тоймайды қараса:
Сәбіз, пияз, қияр, картоп,
Бұршақ, асқабақ, қызылша,
Қызанақ, орамжапыраққа қарашы.
Көкөністер бір жерде жиыла қалып дауласты.
Балалар (хормен):
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?

Бұршақ:Назерке
Кішкене түймедеймін мен
Ұнаймын мен бәріне
Дәмді тағамдарымен
Сый жасаймын бәріңе!
Қызылша:Әсем
Мен де бір сөз айтайын
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде.

Орамжапырақ:Нұрай

Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана.

Қияр:Нұрбақыт
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
Сәбіз:Алижан
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!

Асқабақ:Сұлтан
Өсем бақша-бауында
Қатты ұқсаймын қауынға
Жемек болып шикідей
Күлкі болмай қауымға.
Қызанақ:Рамазан
Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімен
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырын ішпеген?
Пияз:Рақымжан
Боламын мен дәмдеуші
Барлық-барлық тағамға
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.
Картоп:Маржан
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар.
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық!

Алма Саян:

Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайым.

Шие Хафиз

Мен моншақты шиемін
Құмарсындар білемін,
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегім.

Алмұрт Ерасыл:

Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды.
Қараса егер салғырт кім

Банан Нұрбол:
Өсіретін ойыңды

Дамытатын ойыңды

Сүйікті асы баланың

Мен боламын бананың.
Рауан:

Көкөністер бәріде
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жақсы біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер.

Тәрбиеші:

-Балалар міне біздің көкөніс жемістеріміз адам үшін пайдалы қайсысы екенін білмей таласуда, сендер білесіңдер ма қайсысы пайдалы екенін?

Балалар:-Иә,адамға барлығы да пайдалы.

Тәрбиеші:

-Балалар , осы біздің жеміс,көкөністерімізді қай мезгілде жинап алатынын білеміз ба?

Балалар:

-Күз мезгілінде жинап алады.

Тәрбиеші:

-Олай болса, «Күз»әнін бірге шырқайық.

Ән: «Күз»
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың өнерлері ұнады ма?
Күз ханшайымы: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен.

Тәрбиеші:

-Қазір, бізге қонаққа кішкентай топ бүлдіршіндері келіп отыр екен.Кезекті соларға беріп өнерлерін тамашалайық.

Ортада «Балапандар» тобы.


Жүргізуші: Балалар мен жұмбақ жасырғым кеп тұр бәріміз мұқият тыңдайық:
Іші толған шәрбат
Дәмі қандай әйбат
Үзесің бірден жүзін
Оның аты-...(жүзім)

Дөп-дөңгелек сары
Ішінде бар дәні
Қызығасың көріп
Оның аты-...(өрік)

Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін ай
Оның аты-...(құлпынай)

Бір сабақта көп түйме
Жей алмайсың көк күйде
Санап қара қанша
Оның аты-...(шие)

Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты...(Шабдалы)

Жазда інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.Бұл не?
(Сәбіз)


Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін
Қабат-қабат тоным бар
Қалай оны шешемін.
Бұл не? (Орамжапырақ)


Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
Бұл не?(Пияз)


Аспай піскен, қайнамай түскен.
(Жеміс)

Тәрбиеші:

-Балалар, бағанадан бері ойнадық ,биледік енді бір әсем әннің реті келіп тұрған сияқты

«Біз билейміз,ойнаймыз»әні .

Күз ханшайымы:-Тамаша!Балалар менің сендермен тағы да ойын ойнағым келеді.Қалай қарайсыңдар?

Балалар:-Иә,ойнаймыз.

Ойын. «Дәмін тап!»

Шарты:Бірнеше баланы шығарып көздерін байлап,аузына жеміс немесе көкөніс саламын.Балалар ненің дәмі екенін айтады.

Тәрбиеші:
-Күзде ауа райы қандай болады?
Балалар:
-Салқын болады, жаңбыр жауады.

-Қазір бізге Нұрайым,Жантемір,Ерасыл жаңбыр туралы әндерін тарту етеді.

Ән. «Жау-Жау-Жаңбыр»

Би. «Қолшатырлар

Ғажайып сәт.

Жұмбақ:

Ұқсайтын шеңберге
Қабырғасы жиылып, керіледі,
Жиһазы мол кең бөлме,
Төбесінен жұлдыздар көрінеді. (киізүй)

Жұмбақ жауабын шешіп Күз ханшайымының сыйлығына ие болады.



Рауан: Ақтарады мырза күз
Уылжыған жемісті
Күзге бізде ризамыз
Аянбаған ел үшін

Тәрбиеші:

Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.


Берекелі бақ дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болыңдар балалар,
Келгенше жыл айналып.

Тәрбиеші:

-Құрметті қонақтар!Бүгінгі мереке тағыда құтты болсын!Дастарханымыз асқа толсын! Отбасыларыңызға береке,бірлік,шаттық думан тілейміз!Осымен ертеңгілігімізөз мәресіне жетті келгендеріңізүшін көп көп рахмет!Сау болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Алтын күз" ертеңгілігі

Автор: Қуанышқалиева Марал Сержанқызы

Дата: 11.05.2021

Номер свидетельства: 580197

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) ""Арайлы, Алтын к?з" ерте?гілігі"
    ["seo_title"] => string(33) "araily-altyn-kuz-iertien-ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "264841"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1449771055"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "«Алтын күз ертеңгілік»"
    ["seo_title"] => string(24) "altyn_kuz_iertien_ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "347656"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1475736593"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""Алтын  к?з"  ерте?гілігі"
    ["seo_title"] => string(28) "altyn-kuz-iertien-ghilighi-3"
    ["file_id"] => string(6) "264298"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449679941"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "«Алтын күз» ертеңгілік"
    ["seo_title"] => string(22) "altyn_kuz_ertengilik_2"
    ["file_id"] => string(6) "543590"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1584696486"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""Алтын к?з"  ерте?гілігі "
    ["seo_title"] => string(28) "altyn-kuz-iertien-ghilighi-1"
    ["file_id"] => string(6) "242568"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1445495484"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1820 руб.
3040 руб.
1430 руб.
2390 руб.
1270 руб.
2110 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства