«Айгөлек»балабақшасы
«Алтын күз-асыл айналам»
Дайындаған: Даулетбаева А.С
2016 жыл.
Жүргізуші: Балалар қарандаршы орманымыз қандай тамаша. Айналамыздың бәрі қандай?
Балалар: Айналамыздың бәрі сап-сары.
Жүргізуші: Орманымыздың бәрі неге сап-сары кім айтады?
Балалар: Өйткені Алтын күз келді.
Алтын күз: балаларды алтын күз мерекесімен құттықтайды. Балалар мен сендерге тәттілер әкелдім.
Жүргізуші: Балалар Алтын күзге арнап ән айтайықшы.
Ән: Күз жомарт
Алтын күз: Балалар мағам енді тақпақтарынды айтып беріңдер.
Жомарт: Бір-бірлеп жапырақ,
Сыбдырлап ұшады.
Сарғайған жапырақ.
Күз нұрын шашады.
Нұржан: Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін.
Жомарт екен күз деген.
Назым: Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Қадар ұшып келеді: Біз қаздармыз қаздармыз
Біреуі сұр-біреуі ақ.
Біз көңілді қаздармыз.
Қаз: О бұл Алтын күз біз балаларға алтын күзді болдырмаймыз.
Алтын күз: Мен балаларға арнап мерекеге тәттілерді әкелдім.
Қаз: қаздарым менің алтын күзден тәттілерді алып қойыңдар.
Алтын күз: Мен оны балаларға әкелдім.
Қаз: Тәттілер сенікі болды ал қазір ол біздікі. Қаздарым менім мынау алтын күздіде алып кетіңдер.
Қаз: Алақай мен алтын күзді алып кеттім. Енді балалар алтын күзді тойлай алмайды. Мен сені алтын күз ұйықтатып тастаймын. Ұйқта,ұйықта.
Қасқыр: Әуенмен қасқыр кіріп келеді. Бұнда неғылған ушу қаз сен неге көңілді болып отырсын?
Қаз: Қасекен қарасай мен саған кімді әкелдім алтын күзді.
Қасқыр: Е-е-е жарайсын сұр қаз акел бесті.
Қасқыр: Сұр қаз кел екеуміз көңіл көтеріп би-билнп алайық.
Қасқыр мен Сұр қаз билейді.
Қасқыр: Ойбаяй неге мен семен би биледім енді белімді көтере алмаймын. Мағам әлі бау-бақшамды жинау керек.
Қаз: Қасеке мағам кету керек сау бол.
Қасқыр: Ойланып жүреді алтын күзді жіберейінбе,жібермейбе. Жіберем,жібермеймін ойланып жүреді.
Жүргізуші: Балалар мен қазір алтын күзді іздеп келейін. Сұр қаздың қанаттарының түскен ізімен орманды аралайды.
Қасқырдың үйін көріп айнегінен сығалап қарайды.
Жүргізуші: Қаскыр алтын күзді жіберші мен сенін тілегінді орындаймын.
Қаскыр: Жарайды алтын күзді жіберейін бірақта сен менім бау-бақшамдағы жемістермен көкөністерді жинап бересін.
Жүргізуші: Жарайды қасқыр жинап берейін.
Би: Көкөністер мен жемістер.
Жүргізуші: Қасқыр саңған көп рахмет. Балалар қарандаршы мен алтын күзді алып келдім. Балалар алтын күзге арнап тақпақтарымызды айтып берейік.
Дильназ: Мен алмамын,алмамын
Таңдандырар бал дәмін.
Пісіп толдым,мінекей.
Баптап керек бағбаным.
Таймас: Мен алмұртпын,алмұртпын.
Аузындамын бар жұрттың.
Сабина: Мен қиярмын,сәндімін
Салаттардың сәнімін.
Дәруменім мол менің.
Жегенде қуат сыйлаймын.
Арнур: Атым пияз бұқпаймын
Асханадан шықпаймын.
Көзден жасты шығарып.
Тұмауданда қорғаймын.
Марьям: Өсіретін бойынды,
Дамытатын ойынды.
Қоянғада азықпыз.
Сәбізднрміз жазықпыз.
Жүргізуші: Балалар қарандаршы орманымыз сап-сары алтын күзіміз сияқты. Бір дауыс шығады.
Аю: Әуен ырғағымен кіріп келеді қолында қолшатыр. О орманда балалар жүрғой.
Жүргізуші. Аю біз орманды,алтын күзді тамашалауға келдік.
Аю: ал мен саңырауқұлақтарды іздеп жүрмін көрмедіңдерме?
Жүргізуші. Көрдім анау жақта өте көп. Аю кетеді.
Би: Саңырауқұлақтар
Аю: рахмет сендерге мен көп саңырауқұлақтарды жинап алдым. Менімен бірге ойын ойнайсындарма?
Балалар: Ия
Ойын: Жаңбыр жауды
Ойын: Көкөністерді жина
Аю: Балалар сау болыңдар мен күз айына азықтарды жинадым енді мен ұйқыға кетемін.
Жүргізуші: Балалар алтын күзге арнап әнімізді айтып берейік.
Ән: Күз
Жүргізуші: Балалар жанбыр жаумай тұрып бізде балабақшаға қайтайық алтын күзге сау болыңдар дейік.
Алтын күз: Балалар рахмет сендерге мен сендерге өзімнің сыйлығымды тәттілерімді берейін. Сау болыңдар балалар.
Балалар: Сау болыңыз алтын күз.
Жүргізуші: Балалар осымен біздің алтын күзіміз аяқталды сау болыңдар деп айтайық.