риясыз күлкісімен қалады. Есейе келе балалық шағыңды
аңсайсың . Өткенді еске алып, біздің балалық шағымыз
қалай өтіп еді деп ойға батасың. Ойсыз, қамсыз бала кезге
не жетеді, шіркін ?
Мен мамандық таңдауда еш қателеспедім. Өз анамның жолын куып тәуелсіз еліміздің ертеңі боларлық қазақстанның көк байрағын білім кеңістігінде желбірететін бүлдіршіндерді тәрбиелеу жолын таңдағаныма еш өкінбеймін.
Қазіргі әдіскер қызметін атқарып отырған балабақшада ауыртпалығы мен жауаптылығы қырық атанға жүк боларлық осы мамандықты таңдау арқылы қоғамдық дамуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқанымды мақтан етемін.
Біздің балабақшамыздың тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге аянбай тер төгуде.
Тәрбиешілер озық технологияларды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде пайдаланып,балалардың шығармашылығын дамытуға ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асыруда.
Тәрбиеші – маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманына қанат бітіретін басты тұлғасы. Бүгінгі жас ұрпақтың жеке тұлға ретінде қалыптасуына тәрбиешілердің еңбегі зор екендігі белгілі.
Балабақша тәрбиешісінің жұмысы күрделі де қызықты .Олар үшін балалармен жұмыс жасау -үлкен бақыт.Өйткені , бала ғана мейірімділікке, шынайы шындыққа сенеді, өз құпияларын тәрбиешісіне айтып оған сенім артады.Осы сенімнің болуы- әр тәрбиешінің бақыты.Әртүрлі жағдайларға байланысты тәрбиешінің түрлі жағдаятқа жиі енуіне тура келіп жатады: балалар үшін тәрбиеші барлығын білетін дана , ойын кезіндегі жолдасы, жан-дүниесін түсінетін және қиын сәтте қол ұшын беретін жақын досы. Тәрбиеші - балалардың ақыл сұрап баратын ең жақын адамы.
Менің ұғымымда,біріншіден тәрбиеші бала тәрбиесін бар жүрегімен,жан-тәнімен сезініп жұмыс жасауы қажет.Себебі, бала-пәк, бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты.Көзін ашып тұнығына қану үшін тәрбиешіде жылы жүрек, аялы алақан және тәрбиешіге тән қасиет- баланы құрметтеу сезімі болу керек.
Тәрбиешінің міндеті өз білгенін балаларға жақсы үйретуден де тереңірек жатыр. Алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу--тәрбиешілердің бұлжытпас борышы.
Екіншіден,тәрбиеші алдындағы баланы жан тәнімен сүюі керек. Ұлы педагог Г.Песталоцци: " Егер де сүйе білмесең, тәрбиелеу құқығың жоқ" деген екен. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту еңбекке деген рухани адамгершіліктің қалыптасуына серпін беріп, негіз болады. Сондықтан баланы еңбексүйгіштікке,мейірімділікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу қажет.
Үшіншіден,тәрбишілердің баламен сырласуы, оның мүмкіндіктеріне сенуі керек.Балаға үнемі қолдау көрсету,оның адами өмір сүру ортасын шама жеткенше ұйымдастыру, балалық шағын зерделі көзбен көруін қалыптастыру қажет.
Сондықтан бала жүрегіне жылылық ұялатып, қабілетімен дарынын ашу әр тәрбиешінің алдына қойылған басты міндеті деп түсіндім.
Мен өзімнің еңбек жолымда әрдайым тәрбиешілерге осы жайлы әдістемелік көмек беріп, қазіргі заманғы педагогикалық теориямен практиканы басшылыққа алып, дұрыс әдіс-тәсілдерді қолдануға бағыт берудемін.
Болашақта өз тәрбиеленушілеріміз биік белестерден көрініп жатса , сол биік белестерден көрінуге тәрбиешілердің қосқан үлестері бар дегенді нық сеніммен айта аламын.Өз шәкірттерін биіктен көру тәрбиешілер үшін ең үлкен бақыт.