kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Алға,Ұландар! атты 7 мамыр "Сарбаздар күніне " арналған тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данная разработка предназначена воспитателям дошкольного образования.Разработана для праздника в честь 7 мая Днем Защитников Отечества.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Алға,Ұландар! атты 7 мамыр "Сарбаздар күніне " арналған тәрбие сағаты»

Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп









мерекесіне арналған тәрбие сағаты





Орындаған:Демеуова Л.А.







2013 жыл







Тақырыбы: Алға,ұландар!

Мақсаты:Балаларды өз отанын сүюге тәрбиелеу,оны қорғауға талпыну сезімін ояту.Ұжымда бірге жұмыс істеуге үйрету.Логикалық ойлау қабілетін дамыту.Балаларды жылдамдыққа,төзімділікке баулу.

БАРЫСЫ:

-Қайырлы күн, ардақты аналар,құрметті қонақтар!Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,7 мамыр Отанқоғаушылар күні де келіп жетті.ендеше бүгінгі мерекелік шарамыз біздің болашақ сарбаздарымыз-даярлық тобының оқушыларына арналады.

(сыныпқа ұлдар кіреді)

-Ортаға батыр бабаларымыздың найзаның ұшымен,қылыштың жүзімен алып беріп кеткен жерімізді,елімізді қорғайтын болашақ сарбаздарымызды-осы даярлық тобының жігіттерін шақырамыз!


-Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды,тыныштығымыз бен бейбіт тіршілігімізді қас қақпай күзететін, халқымызға қорған болатын,ұлттық әскеріміздің айбынын асыратын жігіттер,міне,осылар!


Жүрекке адалдықтың ескен гүлін,

Ғажайып келешектің төккен үнін,

Болашақ сарбаздарға шын көңілден

Жолдаймыз алғыс пенен биді бүгін!

Би: Тарту

-Бүгінгі мереке-ол біздің ағаларымыздың,әкелеріміз бен аталарымыздың,інілеріміздің күні.Олай болса ортаға Әлішер,Айсері,Азамат,Қадірәлі,Русланды шақырайық!

Әлішер:Күнім менің,інім,-дейді,

Күнімдей боп күлімдейді.

Жамандықтан жирентеді,
Жақсылыққа үйретеді.

Айсері:Аға,тіпті кесірлерді

Ағаттықты кешіреді.

Қадағалап әр күнімді.

Қатал қарап тәртібімді

Ардақтаған,аялаған

Ардақты ағам-аяулы адам!

Азамат:Қазақ деген пейілі кең,бай халық,

Болды арманы егеменге айналып.

Бейбітшілік қорғанындай сенімді,

Сарбаздары сап түзеді сайланып!

ҚАДІРӘЛІ:Батыр болған бабаларым,

Ел бастаған даналарым.

Байтақ елге жау тигізбес,

Сарбаздары,қазақтың сарбаздары!

Руслан:Бойда қызу қаны ойнаған жігерлі,

Қаһарманы заманымның бұл енді.

Отан даңқы мүддесі үшін қажетті

Сарбаздар ол-елдігімнің тірегі!


-Әскери адам болу-әрбір баланың арманы.Өйткені әскери адамдар –ерекше адамдар.олар шыныққан,жігерлі,батыл адамдар.

-Жете бер,аңсап күткен тілегіңе,

Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.

Отанның,ел-жұртыңның мақтаны бол,

Алды бол қатарыңның бұл өмірде!-деп ортаға кішкентай сарбаздарымызды шақырайық.Ән:Алға,ұландар!

САЙЫС

-бүгінгі мерекеміз жігіттерге арналғандықтан біз сендерге сайыс өткізіп сендердің мықтылықтарыңды,төзімділіктеріңді,білімділіктеріңді сынап көрейік.

-Қазір біз екі командаға бөлінеміз:

Сұңқарлар: Қырандар:

Азамат Нұрболат

Қадірәлі Әлішер

Руслан Елжан

Фархат Айсері

Бекжан Айбек


Біздің сайысымыздың ережелері бар:

1.Ойынымыз әділетті болу керек.Жеңіліп қалсақ та ренжіп,ашуланбау керекпіз

2.Мықты болу

3.Жеңіп кетсек қуанамыз бірақ мақтанып кетпеуіміз керек.

4.Командаласыңды қатесі үшін кінәлама

5.Сабырлық сақта

6.Айтқан тапсырманы мұқият тыңда

-Балалар,әскери адамдардың қай жерінде жұлдызшалар болады?

Дұрыс,иықтарындағы погондарында.Олай болса әрбір дұрыс орындалған тапсырмаға қыздар жұлдызшалар беріп отырады.

1 САЙЫС: БІЛІМДІ БОЛСАҢ ОЗЫП КӨР:

1.9 санында неше бірлік бар?

2.Жартылай дауысты жартылай дауыссыз дыбыс?

3.Сусымалы заттарға нелер жатады?

4.Бесіншісі артық:Мылтық,пулемет,қуыршақ,танк,оқ

5.Өрт сөндіру үшін не керек?

2 САЙЫС:МАТЕМАТИК САРБАЗДАР

3 САЙЫС:ГРАНАТА ЛАҚТЫРУ

4 САЙЫС:ӨЗ ЕТІГІҢДІ ТАУЫП КИ

5 САЙЫС:ТЕЗ КИІНУ

6 САЙЫС: ПАЗЛ ЖИНАУ

7 САЙЫС:АРМРЕСТЛИНГ

8 САЙЫС:АРҚАН ТАРТЫС

-Енді біз жеңімпаз топты анықтайық.Әділқазылар алқасы оны анықтағанша:

Мың бұралып билеген,

Кім аруды сүймеген?

Мың бұралған бишілерге

Кімдер басын имеген?-демекші келесі кезекті «Көктем» биіне берейік.

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,

Төгілді күн нұрының шапағаты.

Ортада «теңізшілер» би билейді

Халайық,қол соғыңыз мархабатпен!

Алдарыңызда би «Теңізшілер»

-Қымбатты балалар!Ғылым иесі-ғалымды да,елін қорғаған батырды да,тілінен бал тамған ақынды да,темір балқытқан ұстаны да,егін салған диханды да өмірге әкелген—ол Ана!Алып анадан туады дейді қазақ.Сондықтан,ардақты аналар,сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.Сіздерге арнап «Алтын аналар» әнін жолдаймыз!

(Зарина,Аяулым,Нұрболат,Айғаным,Айдана)

Әділқазылар алқасы шешімін жариялайды.Топтарды мадақтап марапаттау

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңызда көріскенше

Осымен мерекеміз аяқталды!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Алға,Ұландар! атты 7 мамыр "Сарбаздар күніне " арналған тәрбие сағаты

Автор: Демеуова Лаура Ансагановна

Дата: 09.03.2019

Номер свидетельства: 502383


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства