Өткен тарихымыздан аздаған түсінік. ХV ғасырда қуатты қазақ хандығын құрдық, алайда тәуелсіз қазақ мемлекеті бейбіт өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге жан – жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрліккен ел шұбыра қашып “Ақтабан шұбырынды” болды. Жұрт Алқакөлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады, Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Алаштың азат арманы»
Тақырыбы: Алаштың азат арманы
Мақсаты:Еліміздің тарихы туралы түсінік беру, өз Отанын сүюге тәрбиелеу, туған елге сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: Н. Назарбаевтың суреті, еліміздің рәміздерінің суреті, нақыл сөздер, слайд.
Жоспар
Кіріспе
Ел тарихынан шағын түсінік
Мұғалім: Өткен тарихымыздан аздаған түсінік. ХV ғасырда қуатты қазақ хандығын құрдық, алайда тәуелсіз қазақ мемлекеті бейбіт өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге жан – жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрліккен ел шұбыра қашып “Ақтабан шұбырынды” болды. Жұрт Алқакөлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады, Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты.
XVIII- XIX ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды.Көмек күткен Ресейіміз қазақ халқын аздыра бастады. Ұлан ғайыр даламыз империя меншігіне айналды. Халқымыздың басынан қара тұман серпілмеді.
ХХ ғасырдың 1916 жылы маусым жарлығына жігіт бермейміз деп қарсылық көрсеткендер оққа ұшырады, қаншасы өз жерінде қырғын көрді.
1917 жылдан кейін де бостандыққа қолымыз жетпеді. Өз жерімізде өзіміз қырғынға ұшырап, қуғынға түстік. Мыңдаған жандар ата- жұртын тастап кетуге мәжбүр болды. 1932 – 1933 жылдарда болған адам айтса нанғысыз ашарлыққа 9 миллиондай халықтың 2,2 (екі бүтін оннан екі) миллионы опат болды. Тағы аштық, тағы жалаңаштық, тағы өлім.
Зиялы қауымды қынадай қырған 1937- 1938 жылдар...
1941 – 1945 жылдар аралығында адамзат тарихында болмаған алапат соғыста қазақ ұландары ерекше ерлік көрсетті.
1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.
1 – оқушы:
Отан - осы достарым
Көңілге мұны түйе біл
«Отан» деп өс, жас қауым
Оны ардақтап сүйе біл!
2 – оқушы:
Астанам
Бабалардың көзіндей,
Даналардың сөзіндей.
Ұлы дала тұрғызды
Ұлы қала өзіндей.
3 – оқушы:
Қазақ тілі
Өшпейді еш уақытта
Ата баба аңсары
Қазақ тілі бақытқа
Жеткізеді баршаны! / Т. Молдағалиев/
4 – оқушы:
Астанам
Отанымның төрінде
Сарыарқаның өрінде
Ту ұстаған Астанам
Әсем қалам, бас қалам! / Т. Жексенбай/
5 – оқушы:
Тәуелсіздік көркі ол да
Өркениет өрінде
Нұр төгеді елтаңба
Ақ Орданың төрінде.
6 – оқушы:
Қазақ деген бес арыс: Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек.
7 – оқушы:
Қазақ деген үш бәйтерек: Сәкен, Ілияс, Бейімбет.
Мемлекетіміздің астанасы 1997 жылы Астана қаласына көшірілді. Бүгінде Астана қаласы Қазақстанның ең ірі және экономикалық дамыған мәдени қаласына айналып отыр.
Қазақстанның ең ірі және экономикалық дамыған
мәдени қаласына айналып отыр. Астана қаласының тұрмыс- тіршілігі, әлеуметтік жағдайы, экономикалық дамуы, өзге елдермен байланысы күннен-күнге дамып көркею үстінде.