Жыл бойы ж?ргізілген ж?мысты ?орытындылау ма?сатында «?ош бол, даярлы?ым!» та?ырыбында даярлы?пен ?оштасу ерте?гілігін ?ткіздім. Ерте?гілікте балалар та?па?тар, ?ндер айтып, би биледі, к?рініс к?рсетті. Ойын ар?ылы тапсырмалар орындап, ал?ан білімдерін к?рсетті.
Та?ырыбы: «А?жол са?ан б?лдіршін !»
Ма?саты: Жыл бойына ал?ан білімдерін пысы?тау, ерте?гі ?аза?станны? болаша?ы екендігін ??ындыру, ?здерін ?адірлей білуді ?йрету. К?рнекілік: газеті , шармен ?сем безендірілген сынып.
Т?рбиеші:
Уа халайы?, халайы?
М?нда назар салайы?
Б?лдіршіні? ортада
Тілашарын алайы?
Музыка ойналып, орта?а балалар шы?ады.
?ымбатты ата-аналар, ?стаздар, ?она?тар! Б?гін біз жыл бойы м?пелеп ?сірген, т?рбиеленген б?лдіршіндерімізді ?ямыздан ?шырып, 1-ші сынып?а шы?арып сал?алы отырмыз.
Даярлы?пен ?оштасу?а арнал?ан «?ош бол, даярлы?ым!» атты ерте?гілігімізге ?ош келіпсіздер!
?арсы алы?ыздар 2015 жылды? балдыр?андарын!
(балалар шармен кіріп жарты ше?берге т?рады) Ж?ргізуші: ?тті ?ызы? к?п к?ндер,
Алты жас?а жетті?дер.
Барасы?дар мектепке
Бір белестен ?тті?дер.
?сті а?ыл, ойлары?,
?сті,міне бойлары?.
?уаныш?а орта?пыз,
??тты болсын тойлары?!
Есенгали:
С?йген ?з ?ыз,?з ?лын,
Б?бегім деп аянбай
Даярлы? ?з ?йім.
Т?тем болды анамдай
Тамирис:
Мен ?айырымды баламын.
Тек жа?сылы? ойлаймын.
Кішілерге ?ам?ормын,
Біріншіге дайынмын
Хор: «Балдыр?ан» ?ні
У.Аружан:О?имыз, білім аламыз
Болаша? жолын саламыз
Даярлы?пен ?оштасып
Мектепке кетіп барамыз
Даниял:Сыйласты?ты білеміз,
Досты?ты біз с?йеміз
Ата-ананы сыйлаймыз
?стаздарды ты?даймыз
Тамирис:Біз балауса баламыз
Жетілді ой санамыз
Бал к?ндерді ?иялдап
Мектепке кетіп барамыз.
Т?рбиеші:?нер десе ?рілген
Биіктерден к?рінген
Бишілерді ша?ырса?
«К?белектер» биімен
«Мектеп алды даярлы?» тобыны? бишілері «К?белек» биі.
Даяна:Даярлы?ым с?йікті
?н салдырды, билетті
Шыны?тырып дене?ді
Шымырлы??а ?йретті.
Максим:?ош даярлы? тобымыз
Арда?таймыз аты?ды
Ізгілікті? басы боп
Мені мектеп ша?ырды.
Ш.Аружан:К?к ж?зінде сам?а?дар
М?хиттарды жал?а?дар
К?ллі ?лемді шарла?дар
?арыш?а да сам?а?дар
Т?рбиеші: ?сем ?нмен арайлап та? атады,
Бар ж?рекке н?рын ??йып жатады.
Мерекеге арнал?ан ?сем ?нмен,
Аяулымды шапала?тап ?арсы алайы?.
?н: «Ертегілер ?лемі»
Сахналы? ?ойылым: Цифрлар:
Амир:
?рбір с?зді? м?нерін
?йреткен к?п ?нерін
Адам етіп бапта?ан
Анамыз са?ан мы? ал?ыс (Хормен)
?н: «Балапан»
?н: «А? мамам» даярлы? сынып о?ушылары
Би: «?оштасу вальсі» даярлы? сынып
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«А? жол са?ан б?лдіршін»
Ақ жол саған бүлдіршін!
Жыл бойы жүргізілген жұмысты қорытындылау мақсатында «Қош бол, даярлығым!» тақырыбында даярлықпен қоштасу ертеңгілігін өткіздім. Ертеңгілікте балалар тақпақтар, әндер айтып, би биледі, көрініс көрсетті. Ойын арқылы тапсырмалар орындап, алған білімдерін көрсетті.
Тақырыбы: «Ақ жол саған бүлдіршін!»
Мақсаты: Жыл бойына алған білімдерін пысықтау, ертеңгі Қазақстанның болашағы екендігін ұғындыру, өздерін қадірлей білуді үйрету. Көрнекілік: «Ақ жол саған бүлдіршін !»атты қабырға газеті , шармен әсем безендірілген сынып.
Тәрбиеші:
Уа халайық, халайық Мұнда назар салайық Бүлдіршінің ортада Тілашарын алайық
Музыка ойналып, ортаға балалар шығады.
Қымбатты ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін біз жыл бойы мәпелеп өсірген, тәрбиеленген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, 1-ші сыныпқа шығарып салғалы отырмыз.
Даярлықпен қоштасуға арналған «Ақ жол саған бүлдіршін!» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!
Қарсы алыңыздар 2015 жылдың балдырғандарын! (балалар шармен кіріп жарты шеңберге тұрады) Жүргізуші: Өтті қызық көп күндер, Алты жасқа жеттіңдер. Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер. Өсті ақыл, ойларың, Өсті,міне бойларың. Қуанышқа ортақпыз, Құтты болсын тойларың!
Алуа:Ақ тілекті ағытып бір тастайық, Қоштасатын кешімізді бастайық. Жүздеріңнен көрем шаттық, арайын Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Асылхан: Құтты болсын қадамдарың қонақтар
Біздің тойдың көрермені болыңдар
Тамашалап балалардың өнерін
Марқайып, алақанды соғыңдар
Алмас : Күннің нұры шуақты,
Өтті сәби күндерім.
Құрдастарым сияқты,
Оқушымын мен енді
Адель: Қуан шаттан алақай,
қуанатын күн бүгін
Даярлықты қимай біз,
қоштасатын күн бүгін
Қ.Алихан:Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны бөлекше,
Даярлықпен қоштасатын
Бүгінгі той ерекше.
И.Аружан: Бірге болсын ойымыз
Құтты болсын тойымыз
Бүлдіршіндер шаттана
Ән айтады мақтана.
Н.Алихан: : Бүгін қызық, бүгін той Біздер үшін біліп қой Әнге салып, би биле Жалғастырып ойды ой.
Камила: Ана тілін ардақтап, Ата салтын біз көрдік. Сурет салып,ән жаттап, Оқып, жазып үйрендік.
Есенгали: Сүйген өз қыз,өз ұлын, Бөбегім деп аянбай Даярлық өз үйім. Тәтем болды анамдай
Тамирис: Мен қайырымды баламын. Тек жақсылық ойлаймын. Кішілерге қамқормын, Біріншіге дайынмын
Хор:«Балдырған» әні
У.Аружан:Оқимыз, білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Даярлықпен қоштасып
Мектепке кетіп барамыз
Даниял:Сыйластықты білеміз,
Достықты біз сүйеміз Ата-ананы сыйлаймыз
Ұстаздарды тыңдаймыз
Тамирис:Біз балауса баламыз
Жетілді ой санамыз
Бал күндерді қиялдап
Мектепке кетіп барамыз.
Тәрбиеші:Өнер десе өрілген
Биіктерден көрінген
Бишілерді шақырсақ
«Көбелектер» биімен
«Мектеп алды даярлық» тобының бишілері «Көбелек» биі.
Даяна:Даярлығым сүйікті
Ән салдырды, билетті
Шынықтырып денеңді
Шымырлыққа үйретті.
Максим:Қош даярлық тобымыз
Ардақтаймыз атыңды
Ізгіліктің басы боп
Мені мектеп шақырды.
Ш.Аружан:Көк жүзінде самғаңдар
Мұхиттарды жалғаңдар
Күллі әлемді шарлаңдар
Ғарышқа да самғаңдар
Тәрбиеші: Әсем әнмен арайлап таң атады,
Бар жүрекке нұрын құйып жатады.
Мерекеге арналған әсем әнмен,
Аяулымды шапалақтап қарсы алайық.
Ән: «Ертегілер әлемі»
Сахналық қойылым: Цифрлар:
Есенгали: Мені келсе білгің, Мен таяқша бірмін. Барлық санға жол бастап, Ең басында тұрамын.
Камила: Бірден кейін тұрамын, Бірден кейін тұрағым. Бірді бірге қосқанда Мен шығамын шырағым.
Тимур: Екіден соң әрқашан, Үш саны мен тұрамын. Орныма барамын, Екі айшық саламын.
Адель: Үш сызықтан таяғым, Оқушылар қояды. Төрт дегенің баяғы Төрт түліктің аяғы.
Шыңғыс: Төрттен кейін бесті, Білу оңай десті. Санашы бір қолыңның саусағын, Оңай табасың бесті.
И.Аружан:
6 саны: Мен өзімді қатарға Бестен кейін тұрамын Басым бірден басталып Нөлмен бітер аяғым
Ағзам7 саны:
Қара мына қызықты Көсеуді ұмытты Жазылғанда қос дөңгелек Бел ортамнан сызықты
Алуа 8 саны:
Менің атым сегіз Жетіден соң десеңіз Жеті болам бір тартсаң Мен боламын сегіз
Асылхан 9 саны:
Сегізден кейін тоғыз Алтыны төбесінен тұрғыз Сонда боламын тоғыз
Аяулым 10 саны:
Әліппеде О-ға ұқсаймын Санда 0-ге ұқсаймын Жеке тұрсам мәнім жоқ Бір орынды ұстаймын
Амир:
Әрбір сөздің мәнерін
Үйреткен көп өнерін Адам етіп баптаған
Анамыз саған мың алғыс (Хормен)
ән: «Балапан»
Ойын: «иа, жоқ» балалармен
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Танартен ерте тұрамыз ба?
6. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
7. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
8. Екі алғанда жылаймыз ба?
9. Оқушы біз боламыз ба?
10. Тәртіпті боламыз ба?
Ата аналармен ойнау:
1. Балаңызға әрқашан тірексіз ба?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксіз ба?
3. Тамағын уақытылы бересіз ба?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды ұрасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?
Ән:«Ақ мамам» даярлық сынып оқушылары
Камила:Қуантып, әрі қинайды Даярлықтан алыс кеткенім Қажет қой бірақ білімнің Теңізінен өткенім.
Досхан:Үлкендердей тап- таза Бормен жазар тақтаға Үлгілі бала боламын Жүретіндей мақтана.
Ш.Аружан: Адам етіп баптаған, Ардақтап бізді мақтаған. Даярлыққа мың алғыс тәрбиешіммен мен мақтанам.
Алмас: Күннің нүры шуақты Сергітеді денемді Құрдастарым сияқты Оқушымын мен енді.
Алуа: Жақсылыққа құмармыз Жақсы адам болып шығармыз Қуантып ата - ананы Таза сәби жүрекпен Айтамыз сізге мың алғыс
Ерасыл:Тәрбиеші мен күтуші Апамыздай біздерге Тек жақсылық тілейміз Рахмет айтып сіздерге.
У.Аружан:6-жасқа толамыз Әдепті бала боламыз Қуантып ата-ананы Мектепке кетіп барамыз
Би: «Қоштасу вальсі» даярлық сынып
Тәрбиеші:Өтті қызық көп күндер
Алты жасқа енді жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер!
Айналайын балалар,
Алда Мектеп - Ана бар,
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар - дегендей мектепалды даярлық тобының
«Ақ жол саған бүлдіршін» атты ертеңгілігімізді жабу үшін және мерекелік лебізін білдіру үшін сөзді мектеп-лицей директоры Смаилова Күлімкөз Қаирбаевнаға беріледі.