kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Аяулы анашым" мерекелік шара сценарийі

Нажмите, чтобы узнать подробности

8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік. кіші топ бүлдіршіндеріне арналған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Аяулы анашым" мерекелік шара сценарийі»

Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар

№26 орта мектебі

Тәрбиешісі: Калкаманова Гулнур Сагынаевна

«Аяулы анашым» атты 8 наурызға арналған ертеңгілік сценарийі

Жүргізуші: Армысыздар аяулы аналар!

Армысыздар мейірімді әжелер!

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Аналардың мерекесін бастайық.

Көктемнің алғашқы 8 - наурыз мерекесі құтты болсын!

(Көңілді музыка ырғағымен ән-күй залына балалар шар ұстап кіріп, екі қатар болып тұрады , флешмоб билейді).

Флешмоб: «Ана жүрек»

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, аналар мен әжелер! Сіздерді көктемнің келуімен және бірге келетін алғашқы көктем мерекесі 8 Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Ең аяулы есім ғой ана деген,

Бар тіршілік бақытты анаменен.

Болған соң ойлайтыны бала қамы.

Баладан анасына мың алғыс – деп «Қызғалдақ» тобының «Аяулы анашым» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етеңіздер.

«Анашым» әнін сіздерге арнаймыз. Қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Өмірге ана бұлақ, ана пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем, талай шешен.

Ана, ол біздің елде ардақты адам,

Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.

Жігіттеріміздіӊ орындауында аналарға арналған би.

Тақпақтар: Алан, Абдуалим, Нұрали.

Алан: Ақ жүректе сақтаған,

Жарқын күлкің бақ маған.

Ақ бетіңнен сүйемін,

Келші, келші ақ мамам

Абдуалим: Жер бетінің ғұмыры,

Күн нұрымен арайлы.

Біздің үйдің жылуы,

Анамыздан тарайды.

Нұрали: Әлпештеген баласын,

Ана бақыт, ана күн,

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.

Жүргізуші: Тамшы, тамшы тамшылар,

Көгерді ағаш, тал шынар,

Тамшылардан өнетін,

Тамаша гүлдер бар шығар.

«Кѳктемде» әнін сіздерге арнаймыз. Қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Біз ғана емес,

Қадір тұтқан – бабалар,

Ана – деген тіршіліктің тірегі,

Мерекеңмен – Қасиетті Аналар!

Жасмин қызымыздың орындауында ән қабыл алыңыздар.

Ән: «Көктем келді»

Жүргізуші: Балалар «Ана деген керемет асыл жан ғой. Сондықтан да балалар, анамызға деген тақпақтарымызды айтып берейікші».

Тақпақтар: Адия, Шұғыла, Томирис.

Адия: Наурыз күні  ана күні ,әлем күні,

Әлемді тебірентер ана үні.

Анасыз жан туған жоқ жер бетінде,

Ұғып ал бөбектерім сендер мұны.

Шұғыла: Анашым жан анам,

Балдай тәтті бал анам.

Үйге келсең қуанамын,

Құшақ жая қарсы аламын.

Томирис: Ана – өмір шырағы,

Әке – өмір тірегі,

Сен бақытты ұлансын,

Бәрі саған қуансын.

Жүргізуші: Көктемде көңілді,

Құлпыртып өңірді,

Гүл өсті бақтарға,

Баққа гүл толғанда,

Жинайық біз оны. Кәне, аналарға гүлдерді жинап беріңдерші.

Ойын: «Гүл жинау»

Жүргізуші: Құтты болсын шаттық күніміз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз,

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Құрметті аналар  біздің қыздарымыздың орындауында «Қарлығаштар» биі сіздерге арналады.

Би: «Қарлығаштар»

Жүргізуші: Айналайын анашым,

Аялайсың бағасың,

Сен үшін балалармен,

Ән шырқайық бәріміз.

Ән: «Ана»

Жүргізуші: Жанымызды жайнатқан,

Сіздерсіз ғой, аналар,

Зор денсаулық, мол бақыт,

Тілейміз біз балалар – деп аналарымызға арналған тақпақтарымызды айтып берейікші.

Көрініс: «Үш ана»: Ортада стол және үш орындық тұрады. Столдың астында қуыршақ жатады. Әлия – қызы; Жасмин – анасы; Кәусар – әжесі.

Жүргізуші: Ойыннан келген Әлия,

Қуыршағын іздейді.

Столдың астынан тапты да,

Хәл сұрауды көздейді.

Әлия: Қуыршағым менің қалайсың?

Томсырайып қарайсың,

Қарның ашып отырмай,

Тамақ ішсең жарайсың.

Отыр қане қасыма,

Тамақтанып аласың.

(Қуыршағын алдына алып отырады).

Жүргізуші: Әлияның осы сәт,

Анасы үйге кіреді,

Тағат таппай қызының,

Қалын сұрап біледі.

Анасы Жасмин: Әлияжан, бүгін сен,

Тамақ іштіңбе?

Қызықтап әлде ойынды,

Кешке дейін жүрдің бе?

Күнде саған ұмытпай,

Тамағыңды іш деймін,

Тіл алмайсың қырсығып,

Осы сені не істеймін (отырады).

Жүргізуші: Анасының артынан,

Аптығып әже кіреді,

Ол – дағы қызының,

Қалын сұрап біледі.

Әжесі Кәусар: Айналайын алтыным,

Шаршадың ба жарқыным,

Ішпедің – ау тамақта,

Кешке дейін тұрып жұмыста.

Жүргізуші: Аналардың елжіреп,

Ет бауыры барады.

Әрқайсысы сұқтанып,

Өз қызына қарады,

Бәрі – үш ана,

Қандай қиын, қараңыздаршы,

Қырсық мінез бала болу,

Бәрінен де оңай емес,

Білсеңіздер ана болу!

Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем әнмен тәтті күй,

Көңіліме түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй!

Ән «Он алты қыз»

Жүргізуші: Вальс биі «Қыздар, қыздар – сұлу қыздар»

Жүргізуші: Ана деген – жарық шырағың,

Ана деген – қайнар ыстық бұлағың.

Ана деген – өмірдегі қамқорың,

Ана деген – жұбанышың, сүйінерің.

Жүргізуші: Осымен шағын ғана «Аяулы анашым» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Ал, енді балаларымыздың сыйлықтарын қабыл алыңыздар.



7



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Аяулы анашым" мерекелік шара сценарийі

Автор: Калкаманова Гулнур Сагынаевна

Дата: 19.03.2019

Номер свидетельства: 503671

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Ай дидарлы анашым"
    ["seo_title"] => string(18) "ai_didarly_anashym"
    ["file_id"] => string(6) "551877"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1590742504"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства