kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Аяулы-Анашым 8-наурызға арналған ертеңгілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

II-кіші тобына арналған 8-наурыз ертеңгілігі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Аяулы-Анашым 8-наурызға арналған ертеңгілік»

«Ардақты анашым» 8 наурыз сценарийі
(балалар музыка әуенімен залға кіреді).

Жүргізуші:
Балалар, айналаға көз салайықшы. Көктем күн шуағын төгіп тұр. Көктемгі күннің шуағынан гүлдер қауызын ашып, жадырап, жарқырайды.Айнала толған қызыл—жасыл гүлдер. Біз гүл бағына келген сияқтымыз….
(музыка әуенімен көктем кіреді)

Көктем ханшайымы:
Сәлеметсіңдерме балалар, мен көктем ханшайымымын. Менің ғажайып гүл  бағыма қош келдіңдер.

Жүргізуші:Бүгін біздің аналарымыздың, әжелеріміздің мерекесі. Біздің балалар аналарына арнап ән кешін сыйламақ.

Ән: «Көктем»

Көктем ханшайымы:
Қош келіпсіз ақ жаулықты әжелер мен аналар!
Жүздерінен мейіріммен нұр тамар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді!
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!

Тақпақтар:

Омар:

Көктем келді шуақты,

Балаларды қуантты.

Алақай ау,алақай,

Құстар сайрап,бақтар жайнап гүл атты.

Айзере:

Өлең айтып беремін,

Нанды алып келемін.

Өйткені мен анамды,

Өте жақсы көремін.

Бақдәулет:

Менің анам ардақты,

Алтынан да салмақты.

Жақсы көріп баласын,

Мәпелейді анашым.

Аяла:Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсындай.

Құлпырып осіп дем алам,

Құшағыңа қысылмай.

Гүлден:

Анамды мен жаөсы көрем,

Айтқан тілін алып жүрем.

Қасымда апам жүргенде,

Шаттанып ойнап күлем.

Айсезім:Я тебе желаю счастья,

Радости тепла.

Чтобы не случилось,

Ты всегда добра.

Айсана: Мамин праздник наступает,

Символ счастья и весны.

Самая красивая,

В мире,мама,ты!

Тарғын Аяна:

Анашым аяулы адам сен едің,

Серігі болған біздердің.

Түн ұйқысын төрт бөлген,

Қамқоршы менің анашым.

Г.Илана:

Ақ сүтін берген анашым,

Ақылды менің данашым.

Өзіңдей жанды әлемнен,

Қайдан табам анашым?!

Би: «Гүлдер»

Көктем ханшайымы:
Балалар!Ғажайып бақтың алғашқы гүлін сыйға тартайын. Бұл сиқырлы гүл,

барлық тілектерімізді орындайды. Ол үшін гүл желектерінен сұрайық…

Көктем ханшайымы: Балалар,онда гүлдің сиқыры барма екен,ол үшін бір күлтешесін жұлып қарайық.
Жүргізуші:1.Біз бірінші гүл желегін жұлайық,
Ақ тілекті гүл желектен сұрайық.
Тобымыздың әншілері,
Орнымыздан тұрайық.
Мейірімді аналарға,
Әнімізді сыйлайық!

Ән:«Анамның мерекесі»

Көктем ханшайымы:Міне, көрдіңдер ме,балалар! Гүліміздің сиқырын тағы да бір сынап көрейік. Ол үшін гүліміздің тағы бір күлтешесін жұлайық.
Жүргізуші:2.Ұш, ұша түс гүл желек,
Бақшамызға қон желек.
Баршаңызға аналар!
Зор денсаулық біз тілейді.
Қазір шығып ортаға,
«Ұлдарымыз» би билейді.

Би:«Маряктар»
Көктем ханшайымы: Ой,балалар қандай өнерлі екенсіндер, ал енді тағы да күлтешемізді жұлайық.
Жүргізуші:3.Біз үшінші гүл желегін жұлайық,
Батыстан асып, шығысқа,
Ұшып бар деп сұрайық.
Аяулы ана, асыл әже,
Тақпақтарды біз сіздерге арнайық…..

Тақпақтар:

Әмина:

Әжетайым,әжетай,

Сізді жақсы көреміз.

Сізге өлең тақпақты,

Жатқа айтып береміз.

Адия:

Әжем менің әліде,

Ұқсамайды кәріге.

Шәй қайнатып береді,

Қажет болса бәріне.

Төлеген Аяна: Әжем менің әйбат,

Ешкім оған жетпейді.

Күнә бойы бірге ойнап,

Жанымнан бір кетпейді.

Джамилия: Мама-лучший в мире друг,

Дарит мне подарки.

Я спешу ее поздравить,

Громко: «С 8 марта!»

Сабина: Встану утром рано,

Поцелую маму.

Подарю цветов букет-

Лучше в мире мамы нет.

Жанайым: Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Зере:

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым!

Мұрагер:

Бөбегінің сыйлығын,

Қабыл алшы анашым.

Ұзақ өмір жүз жаса,

Ауырмашы анашым

Ұлан:.

Мейірім төккен баршаға

Онымен өмір қаншама?

Анасыз өмір бола ма,

Айтыңдаршы баршаң да?

Көктем ханшайымы:
Аяулы аналар!  Ендеше кезектіойынымызға берейік…
Ойынымыз «Гүлдерді жинау.» деп аталады.

Көктем ханшайымы: Балалар ойынға жақсы қатыстындар.

Жүргізуші:5. Ақ арманды гүл желектен сұрайық
Ол үшін біз тағы бірін жұлайық
Ананың — біз гүліміз,
Ана – біздің күніміз!
Тек сіздерге арналады,
Міне, біздің биіміз!
Би: Қуыршақтар

Көктем ханшайымы:Балалар көктем мерекесі тек қана аналардың мерекесі емес сонымен қатар әжелердің де мерекесі. Сіздердің әжелерге де айтатын тілектерің бар шығар.

Ән:Жақсы көрем атамды,жақсы көрем әжемді.
Жүргізуші:6.Гүл желектің біреуін,
Қане, жұлып көрейік.
Сізге бүгін сый—құрмет,
Жан аналар мерейім.
Келіпті бізге қонаққа,
Ұлдарымыз бен қыздарымыздың

Сіздерге арнаған өлең шумақтарын арнайды.

Тақпақтар:

Ибрахим:

Бүгін наурыздың сегізі,

Сұлулықтың егізі.

Әдемі сөз адамның,

Анаға айтар лебізі.

Ахмедияр:

Біз доспыз гүлдермен ,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден,

Аналарға сыйлаймыз.

Нұралы:

Жүре берсем қасымда,

Әйбат анам,әй анам.

«Ботам» деген даусыңнан,

Мен мәз болып оянам.

Айша:

Еркелесем күнім дейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

Құлыншағым күнім дейтін.

Жаснұр:

Ана-біздің күніміз,

Ана-біздің гүліміз.

Бізді ана қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Жарқынай:

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Інжу:

Бәрімізге анасын,

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың.

Құттықтаймын анашым.

Көктем ханшайымы:Балаларымыздың өнерлеріне  қошемет көрсетейік аналар.
Жүргізуші: Біздің балаларымыз қазақ тілінде ғана емес, орыс тілі мен ағылшын тілінде ән айтқанды ұнатады.
Ән: Май дия дия мама

Жүргізуші: Әнімізге ән беретін, сәнімізге сән беретін аналарымызбен бірге ойын ойнайық.

Ойын: «Ананы сәндейміз» (ұлдар)

Жүргізуші:

Аналардың мейірімі ерекше,
Талпындырған асулар мен белеске.
Аямаған шуағы мен жан нұрын,

Берші анама бар жақсылық, тәңірім!! – деп тілей отырып, сіздерге арналған сыйлығымызды табыс етейік…
(сыйлықтарын аналарға береді)
Көктем ханшайымы:
Астанамыз тұнып тұрған бау болсын,
Сүті теңіз, еті ерен тау болсын,
Бала үшін түн ұйқысын төрт бөлген,
О, аналар!! Дендеріңіз сау болсын!!
Мерекелеріңіз мәңгілік болсын!





















Келісілді:____________ № 50«Заңғар» бөбекжай

әдіскері: И.Б.Анесова












«Аяулы-Анашым!!»

«Балауса» II-кіші тобы.


Тәрбиешілері: Азмуханбетова Д.А.

Жауынбаева.Г.А.


















2018ж




























Тәрбиешілері:Жауынбаева.Г.А.

Азмуханбетова.Д.А.

Орал-2018 ж




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Аяулы-Анашым 8-наурызға арналған ертеңгілік

Автор: Жауынбаева Гульнара Амангелдиновна

Дата: 28.03.2018

Номер свидетельства: 464065


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства