kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Аяулы ана, инабатты қыз" сайысы. Балабақшада

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ана мен баланың сүйіспеншілігін одан әрі нығайту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Аяулы ана, инабатты қыз" сайысы. Балабақшада»

Тақырыбы: "Аяулы ана, инабатты қыз"

Жүргізуші: Аналарды сүйеміз!

Сөзін ойға түйеміз.

Әрқашан біз ардақтап,

Әжеге бас иеміз!

Сенен өскен балалар-

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Кұрметті апа, аналар!

Жүргізуші:Қымбатты да ардақты, аяулы аналар мен құрметті көктемдегі құлпыраған қыздар!

Гүл көктем, ару көктем, күн көктем!

Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз! Мына жарық дүниенің мәні де,сәні де сіздерсіздер! Балалардың сіздерге арналған «Аяулы анашым» атты ертеңгілімізді қабыл алыңыздар.

Балалар залға әуенмен кіреді, орын ауыстыру қимылдарын жасайды.

"Қыздар мен ұлдардың ортаға шығуы" би қимылдары.

1 бала Ақ тілекті ағытып бір тастайық

Аналардың мерекесін біз бастайық

Көздеріңнен көрем шаттық арайын

Өтсін солай әрбір күнің, әр айың!


2 бала Қадірлі аналар көңілі

Көктемдей жайнап гүл ашсын

Бақытқа толып өмірі

Шаттыққа шатық ұлассын!


3 бала Гүл-гүл жайнап әріміз 
Кіреді біздің сәніміз 
Аналарды тойымен 
Құттықтаймыз бәріміз 

4 бала Құтты болсын осы шаттық күніңіз 
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз 
Қуанышты жүзіңізбен әр дайым 
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз, 
Ақ анашым ұзақ өмір сүріңіз 


5 бала Бәрімізге анасың 
Біз үшін күн боп жанасың 
Құтты болсын мерекең 
Құттықтаймын анашым 


Жүргізуші:
Әсем әнім, сырнайды 
Әлем сүйіп тыңдайды 
Тамылжытып ән салмай 
Күнде думан болмайды демекші кезекті әдемі бір әсем әнге берсек. 
Ән: «Аналардың тілегі»  


Құрметті біздің мерекеге жиналған қауым, бүгінгі мерекеміз ерекше өтеді. Себебі, аналарымыз бен қыздарымыз сайысқа қатысқалы отыр. Бүгінгі сайыстың атауы "Аяулы ана, инабатты қыз" . Қатысушыларды ортаға шақыруға рұқсат етініңдер:

1 Нұрлан Інжу, анасы - Толқынбекова Ботагоз Ғылымбековна.

2 Тілеуқабыл Айшабибі, анасы - Рашатова Асем Бериковна.

3 Қасым Айша, анасы - Жылкибаева Луиза Даниловна.

4 Көбетай Іңкәр, әпкесі - Кубетай Нұрсая.

5 Төлеу Айзере, анасы - Даутова Қымбат Габидоллаевна.

6 Сулкеева Аяулым, анасы - Кусанова Айзада Муратовна.


Кім жеңеді сайыста үміт алда

Қобалжу бар жүректе күдік барда

Әділ – қазы алқасы атынды ақта

Жүректерге арман мен бақыт жолда – деп әділ – қазы алқасымен таныстырамын:



"№ 23 Айналайын" бөбекжай балабақшасының басшысы :

Қасым Жұлдыз Салиевна

"№ 23 Айналайын" бөбекжай балабақшасының әдіскері:

Куракина Любовь Васильевна

"№ 23 Айналайын" бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі:

Жаманкараева Кулшат Мирашовна

Сайысымыздың бөлімдерімен таныс болыңыздар:

І бөлім - "Таныстыру"

ІІ бөлім - "Шебер қолдар" қол өнер

ІІІ бөлім - "Дефиле" сән көрсету

IV бөлім - Би "Ана мен қыз" деп аталады.

Әділ қазылар алдында парақтар таратылды қатысушалардың ата - жөнімен, сайыс бөлімдері бар, сонымен қатар әр бөлімге баға беріп отырасыздар. "Таныстыру" сайысының ең жоғарғы бағасы "5"

Қатысушыларға сәттілік!!! Ал, біз бастаймыз.

Бірінші нөмірлі қатысушыларды өз таныстыруларымен ортаға шақырамыз.

1 Нұрлан Інжу, анасы - Толқынбекова Ботагоз Ғылымбековна.

2 Тілеуқабыл Айшабибі, анасы - Рашатова Асем Бериковна.

3 Қасым Айша, анасы - Жылкибаева Луиза Даниловна.

4 Көбетай Іңкәр, әпкесі - Кубетай Нұрсая.

5 Төлеу Айзере, анасы - Даутова Қымбат Габидоллаевна.

6 Сулкеева Аяулым, анасы - Кусанова Айзада Муратовна.

Енді кезекті әдіс қазы алқаларына береміз, бағаларыңызды көрсетсеңіздер.

Ендігі кезекте "Қол өнер" сайысы. Анасы мен қызы үйден бірге жасаған жұмыстарын ортаға шығарып, таныстыру қажет. Ең жоғарғы баға "5". Сайыскерлерге сәттілік тілейміз.

1 Нұрлан Інжу, анасы - Толқынбекова Ботагоз Ғылымбековна.

2 Тілеуқабыл Айшабибі, анасы - Рашатова Асем Бериковна.

3 Қасым Айша, анасы - Жылкибаева Луиза Даниловна.

4 Көбетай Іңкәр, әпкесі - Кубетай Нұрсая.

5 Төлеу Айзере, анасы - Даутова Қымбат Габидоллаевна.

6 Сулкеева Аяулым, анасы - Кусанова Айзада Муратовна.

Әділ - қазылар дайын болса өз шешімдерін көрсетсін. Сіздерге көп рахмет!!!

Қазір сайыскерлер келесі бөлімге дайындалғанша біз балалармен "Көктем келді" әнін шырқайық.

Қазір мен залда отырған ата - аналар мен балалармен ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның аты "Орамал жинау" деп аталады.

Ойынның шарты: мына жерде жуылған орамалдар жатыр. Сол орамалды тезірек іліп, кептіруіміз керек. Қазір қыздарымыз сол кірлерді жаяды, ал аналарымыздың тапсырмасы қиындау. Көздері жұмулы, жайылған кірлерді жинайды. Ойынның шарты түсінікті болса, ойынымызды бастаймыз.

Сіздерге көп рахмет, орындарыңызға отыруға болады.

Жүргізуші: Ал, халайық ықылапен демейік

Аяулы аналар мен инабатты қыздардың сән үлгісін көрейік

Сыры менен сымбатына қарап біз

Әділдікпен бағаларын берейік.

Жүргізуші: Әділ қазы өз бағасын берсін, ал біз әрі қарай көңілді

мерекемізді жалғастырамыз.
Біз әдепті баламыз 
Оттай болып жанамыз 
Тақпақтарды жақсы айтып , 
Би де билеп аламыз 
Би: "Крылатые качели"


Жүргізуші: Ал, енді сіздерге бір үлкен, тату - тәтті отбасы туралы көрініс көрсетеміз.

Кішкентай мысық (маргау) кіреді.

Жүргізуші: Мынау мысық (марғау) - отбасымыздың ең кішкетай мүшесі. Ол өмірге жаңа келді. Отбасымызда кімнің басты адам екенін білу оған қызықты.

Марғау: Балалар! Қонақтар! Мяу - мяу,

Құттықтаймын бәріңізді!

Сегізінші Наурызбен,

Сағындыра кеп жеткен.

Көктемнің алғашқы күнімен,

Мен марғаумын.

Ойнағанды ұнатам,

Күні кеше туылсам да.

Секіріп, секіріп билегенді ұнатам,

Бар жақсыны үйретер.

Кереметтей жанұям бар,

Жанұямның бірақта

Басшысы мен емеспін,

Өкініштісі сол ғана.

Жүргізуші: Сенің отбасыңда кім басшы?

Марғау: Мен кішкентай баламын,

Отбасымның басшысы.

Менің анам деп ойлаймын.

Мысық ана кіреді: Кішкентай мағауды құшақтайды. Біздің үйдің басшысы - бізге сорпа қайнатып беретін, сүтімізді беретін, басымызды уқалап, бар мейрімін төгетін адам деп ойлаймын. Үйіміздің күзетшісі итіміз осы сөзімізді растайды.

Ит кіреді

Ит: Гав, Гав, Гав

Қандай әдемі ит. Сізге бір сұрақ қойсам бола ма?

(ит басын изейді)

Жүргізуші: Отбасыңызда кім басшы? - мысық па, ит пе, әлде ана мысық па?

Ит: Мен басшы болар едім. Отбасында анамыз өте жақсы, мейірімді, әкеміз де керемет. Отбасында барлығы ана мен әкені тыңдайды.

Жүргізуші: Ал, енді қатысушыларымыздан сұрайық. Отбастарыңызда кім басшы?

1 қыз: Кім басшысы маңызды емес.

Отбасыда қуаныш болса болғаны.

2 қыз: Кім басшысы маңызды емес.

Отбасымда қамқорлық болса болғаны.

3 қыз: Кім басшысы маңызды емес,

Отбасында мейірім болса болғаны.

4қыз: Кім басшысы маңызды емес,

Отбасымда татулық болса болғаны.

5 қыз: Кім басшысы маңызды емес,

Отбасымда көңілді болса болғаны.

6 қыз: Кім басшысы маңызды емес,

Отбасымда махаббат болса болғаны.

(Қыздарға анасы келеді, оларды құшақтайды).

Соңғы сайыс,би: "Аналар мен қыздары"

Жүргізуші: Келесі сайысымыз "Менің сүйікті анам". Біздің қыздарымыз демалғанша, ортаға ұлдарды шақырамыз. Ұлдардың аналарын ортаға шақырамыз. Аналар орындыққа отырыңыздар. Ал, біздің ұлдар аналарын сәндеуге арналған заттарды сатып алып, аналарын мерекеге сәндесін. Столда заколка, очки, моншақ, шляпа т.б. жатады.

Жүргізуші: Әділ - қазылар сайыс қорытындысын шығарады. Ал, біз аяулы ана, әжелерімізге құттықтауды жалғастырамыз.

Тақпақтар:


Ән: "Әже"

"Аяулы - ана, инабатты - қыз" сайыскерлерін ортаға шақырамыз.

1 қыз: Маған анам бояу да бермейді.

2 қыз: Далап та жоқ, бірақ мен қамықпаймын.

3 қыз: 6 түрлі - түсті фламастер алып, бетімді сонымен әрілеймін.

4қыз: Мойнымызға алқа тағып, қолымызға моншақ тағып.

5 қыз: Әлемде қыздан артық әдемі ештеңе жоқ.

6 қыз: Әкешім босқа ренжімеңізші.

Жүргізуші: Міне осылай әкелер, өз ханшайымдарыңызға қараңыздар.

Тақпақтар ана туралы:


Сайыстың қорытындысын шығарғанша, би тамашалайық

Би "Рок - н - ролл"

Ендігі кезекті әділ - қазылар алқасына береміз, ортаға шығып өз шешімдеріңізді айтсаңыздар.

Жүргізуші: Бүгінгі мерекеге ұлдар құр қол келген жоқ, ұлдарға сөз кезегін берейік. Ұлдар құттықтау сөздерін айтып, сыйлықтарын береді.

Жүргізуші: Менің қолымда анаға, әжеге, қызға деген махаббат символы - жүрек бар. Қазір осы жүректі анамыз туралы жақсы сөздер айтып, бір - бірімізге береміз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Аяулы ана, инабатты қыз" сайысы. Балабақшада

Автор: Курманхожаева Венера Ахметбековна

Дата: 13.03.2018

Номер свидетельства: 461608


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства