«Аягөз аңыздар мен абыздар елі» тақырыбындағы зерттеу жұмысы
«Аягөз аңыздар мен абыздар елі» тақырыбындағы зерттеу жұмысы
Шығармашылық жоба тақырыбы:
«Аягөз- аңыздар мен абыздар елі»
«Аягөз аңыздар мен абыздар елі» тақырыбындағы зерттеу жұмысы
Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты – әр жеткіншектің туған жерінің тарихына көз жүгіртіп,тарихи ескерткіштер сырымен танысып, атақты адамдар өмірі жайлы білмегенін біліп, білгенін толықтыруға үлгі беру. Ол үшін бала қызығушылық танытып қана қоймай, алдына талап қойып, ізденуі керек.
Зерттеу болжамы - балабақша балаларына туған өлкесіндегі тарихи ескерткіштер мен атақты бабалары жайлы білуге насихаттау үшін қолдануға болады.
Зерттеу мына кезеңдерден тұрады:
Зерттеу жұмысының тақырыбын таңдау.
Әдебиеттерді қарастыру.
Іздену жұмыстары.
Экскурсия жасау.
Материалдар жинақтау
Қорытынды жасау.
Зерттеу жұмысын жүргізгенде мына әдістер қолданылды: сұхбат, материалдар жинау, іздену, жүздесу,шығармашылық.
Зерттеу барысында Қозы Көрпеш Баян сұлу кесенесі мен ескерткішіне,
Дулат Бабатайұлының мұражайына, кесенесіне барып зерттеу арқылы ол тарихи ескерткіштердің мәнін түсінеді. Туған өлкесінің көрнекті орындары мен атақты адамдарын танып, олармен мақтанады. Сол арқылы балалардың патриоттық сезімі дамып, туған елге, отбасына деген сүйіспеншілік сезімі қалыптасады.
Зерттеу барысында көптеген ақпараттар жинайды және құрбыларымен бөліседі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Аягөз аңыздар мен абыздар елі» тақырыбындағы зерттеу жұмысы»
Ж.А.Сеитжапарова, Аягөз қаласы,№5 балабақша меңгерушісі
Шығармашылық жоба тақырыбы:
«Аягөз- аңыздар мен абыздар елі»
«Аягөз аңыздар мен абыздар елі» тақырыбындағы зерттеу жұмысы
Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты – әр жеткіншектің туған жерінің тарихына көз жүгіртіп ,тарихи ескерткіштер сырымен танысып, атақты адамдар өмірі жайлы білмегенін біліп, білгенін толықтыруға үлгі беру. Ол үшін бала қызығушылық танытып қана қоймай, алдына талап қойып, ізденуі керек.
Зерттеу болжамы - балабақша балаларына туған өлкесіндегі тарихи ескерткіштер мен атақты бабалары жайлы білуге насихаттау үшін қолдануға болады.
Зерттеу мына кезеңдерден тұрады:
Зерттеу жұмысының тақырыбын таңдау.
Әдебиеттерді қарастыру.
Іздену жұмыстары.
Экскурсия жасау.
Материалдар жинақтау
Қорытынды жасау.
Зерттеу жұмысын жүргізгенде мына әдістер қолданылды: сұхбат, материалдар жинау, іздену, жүздесу,шығармашылық.
Зерттеу барысында Қозы Көрпеш Баян сұлу кесенесі мен ескерткішіне,
Дулат Бабатайұлының мұражайына, кесенесіне барып зерттеу арқылы ол тарихи ескерткіштердің мәнін түсінеді. Туған өлкесінің көрнекті орындары мен атақты адамдарын танып, олармен мақтанады. Сол арқылы балалардың патриоттық сезімі дамып, туған елге, отбасына деген сүйіспеншілік сезімі қалыптасады.
Зерттеу барысында көптеген ақпараттар жинайды және құрбыларымен бөліседі.
Кіріспе
Елбасымыз «әрбір адам бала кезінен «Қазақстан-менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей еткен жөн»,- деген болатын. Кіндік қаным тамған жерім Аягөзімді, ата-баба әулетінің мәйіті жатқан жерді қадірлеу менің перзенттік борышым.
Жұмыстың өзектілігі:
Өз өлкесінің тарихын білуі.Туған өлкеміздің, оның көрнекі жерлері мен ақын,батырлары туралы,абыздар мен аңыздар кесенесі туралы ақпараттарды жинақтау. Баба рухын қастерлеп, өнеге тұту.
Мақсаты:
Аягөз қаласының көрнекі жерлерімен танысу. Аягөз өңіріне қатысты аңыздар мен танымал адамдар туралы ақпараттар жинақтау.
Туған өлке жайлы білімді кеңейту, туған жер тарихын танып білуге деген қызығушылық білдіріп, оның көрнекі жерлері мен атақты тұлғаларымен танысу. Аңыздар мен абыздар туралы білгендерімді құрбыларымен бөлісу.
Міндеттері:
Туған өлке тарихын білу;
Аягөз жеріндегі әйгілі адамдар мен олардың мұражайларынан керек
ақпараттар жинап , бабалар өмірін үлгі ету;
Кесенелерге саяхат жасау арқылы, бабалар ерлігін өнеге тұту;
Тарихқа деген көзқарасты қалыптастыру;
Негізгі бөлім
Батыр бабаларымыздың тек ту астында тулап өлген соңғы ерлігі ғана емес,оның бала кезінен жасаған батырлықтары да өнеге.Сол бір «ақтабан шұбырынды,алқакөл сұлама» атанған зарлы замандарда үнемі жау шабуылына ұшырап,қырғын тауып,қан жұтқан замандардағы аталарымыз бесіктен белі шықпай жатып ат құлағында ойнап,бес жасында жай тартып үйренген.Ыстық,суыққа төзімді,баршылық пен жоқшылыққа мойымайтын қайратты болып өскен. Аттары аңызға айналған.
Аягөз ару мекен,арман мекен,
Ұрпаққа бабалардан қалған мекен.
Тасына тарих тұнған осы өңірді,
Талайлар бір көрсем деп арманда екен,- деп ақын ағамыз Дастан Ақаш жырлағандай,мен де өз бабаларымды өнеге,мақтан тұтамын.
Бұл жобаны алғандағы мақсатым туған өлкем Аягөздің көрнекі жерлерімен,және Дулат бабамның өлеңдерімен танысу ,туған өлкесіне,кесенесіне ,«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» кесенесіне , қала ортасындағы ескерткішіне саяхат жасау.
Қабанбай, Бөгенбайлар қорғаған жер,
Ордасы Абылайдың орнаған жер.
Ақтамберді,Ақтайлақ, Дулат бабам,
Алмастай асыл жырын толғаған жер.
-деп ақын ағам жырлағанындай, Аягөз түріктің «ай» және «огыз» деген сөзі, яғни «айдай өзен» ұғымды білдіреді.
Аягөз аумағында 18 тарихи ескерткіштер бар.
Соның ішіндегі ең үлкені 10 ғасырлық тарихы бар әлемге әйгілі Қозы Көрпеш-Баян сұлу кесенесі.
Аягөз аяулым,
Қозы мен Баянның,
Мәңгілік мекені.
Аягөз атағың,
Алысқа кетеді - деп, бұл кесене Аягөз өңірінің мақтанышы.
Кесененің биіктігіне тоғыз адам бірінен соң бірі тұрып жететіндей биік, әсем. Бұл ескерткіш бозбала мен бойжеткеннің арасындағы шексіз махаббаттың символы ретінде тұрғызылған екен. Әлібек атаның әңгімесінен әкелерінің қатыгездігінен қосыла алмаған қыз бен жігіттің бірге өліп, бір молада жерленгінін білдім. Және осы ескерткіш салынған Таңсық ауылы мен көрші Ай ауылы сол Баянның екі сіңілісі екенін айтты.
Қаламыздың орталық саябағында махаббат символы болған аңыздарымызға ескерткіш орнатылған.
Ескерткішке қарасам,терең ойға қалам.Әдемілік пен ерекше махаббаттың символы болған Қозы мен Баянға жаңа үйленген отбасылар да арнап гүл шоқтарын қойып жатады.
Аягөз жері аңыздар мен абыздар елі.
Оның тарихын жырлаған ақындар Дулат Бабатайұлы,Ақтамберді жырау, айтыскер ақын Әріп Тәңірбергенов осы өлкенің ұрпақтары.
Қабанбай, Бөгенбайлар қорғаған жер,
Ордасы Абылайдың орнаған жер.
Ақтамберді, Ақтайлақ, Дулат бабам,
Алмастай асыл жырын толғаған жер,-
деп батыр бабаларымыздың бала кезінен жасаған батырлықтары да өнеге.
Сол бір «ақтабан шұбырынды аталған замандардағы аталарымыз бесіктен белі шықпай жатып ат құлағында ойнап, бес жасында жай тартып үйренген. Ыстық, суыққа төзімді, баршылық пен жоқшылыққа мойымайтын қайратты болып өскен. Аты аңызға айналған бабаларымыздың бірі - Дулат Бабатайұлы.
Ол кісі туралы білу үшін Ақшатау ауылдық мектебіндегі ақын мұражайына келдік. Мұражай жетекшісі Қуаныш ағай бізге Дулат баба туралы жиналған деректерді көрсетті. Ол кісіні ұлы Абай атамыз ұстаз тұтқан екен.
Ол кісінің айтуы бойынша Дулат Бабатайұлы «Көнелерден сұрасам, сөзін жинап, құрасам», — деп өзі айтқандай, білімі мен білігі ұшан-теңіз кісі болған, ақындық атағы да қатты шықкан. Ол кісінің ақындыққа келуі де маған қызық көрінді. Бала кезінде мал бағып жүрген атамыз бір сәт ұйықтап кетеді. Сол кезде түсіне ақсақалды адам кіріп, көген керек пе, өлең керек пе деп сұрайды. Ол кісі өлең деп жауап береді. Содан бастап Дулат бабамыз өлең жаза бастаған екен.
Жырымды менің сұрасаң,
Сары алтынның буынан
Сырымды менің сұрасаң
Тұманың тұнық суынан
Сорғалаған жырын тыңда Дулаттың,- деп жырлаған Дулат атаның туғанына 200 жыл болғанда туған жері Сандықтас деген жерде зираты табылып,кесене салынған екен. Атаммен, жетекші апайыммен сол кесенеге бардым. Кесене ауыл орталығынан алыс тау бөктерінде салыныпты. Ақ кірпіштен салынған-ақ күмбездей кесене іші өте кең екен. Атамның айтуынша оның ішін
Дулат бабамыз және тағы оншақты туысқаны жатқан көрінеді.
Атаммен бірге көптеген жерлерді аралап ,әртүрлі ақпараттар жинақтадық.
Балабақшаға келген соң достарыммен өз көріп-білгендеріммен бөлістім.
Ата-анаммен бірлесіп «Менің өлкем» сурет сайысын өткіздік және Аягөз жерінің көрнекі орындары жайлы альбом, кесене макетін жасадық.
Дулат бабамыздың кесенесіне барып қайтқан соң мына өлең жолдарын қағаз бетіне түсіруді жөн көрдік: