Мақсаты: Жеңіс күні
1. Білімділік: Балаларға Ұлы Отан соғысы, жеңіс, ерлік, батырлық туралы түсінік, ұғым беру, білімдерін жетілдіру.
2. Тәрбиелілік: Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, сүюге, үлкенді құрметтеуге, отан үшін шайқасқа түскен аға- апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге – ізет, кішіге-қызмет етуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Балалардың ақыл-ойын, қиялын,тілін, сөз байлығын, ән айту қабілетін дамыту.
Жүргізуші :
Қамықпаған қиындықтың үрейінен,
Өздеріңе силап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
Құрметті балалар! Баршамызға белгілі 9 мамыр ұлы Отан соғысында елімізге жеңіс әкелген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қанша бала жетім қалды, қанша ана жесір қалды, қаншама қыршын боздақтарымыз отан үшін өмірін қиды. Соғыс зардабы қаншама жүректерге жазылмас жара салды.
Бірақ, бізге – тыныш жылдар, бақытты өмір сыйлаған ата-бабаларымыздың ерлігін ұмыттырмақ емес! Ерлер есімі – ел есінде мәңгілік сақталады. Мерекені Мемлекеттік Әнұранмен бастайық.
Ән: «Қызғалдақты көктемде»
Жүргузіші: (Слайт көрсету)
Осы сұрапыл соғыста ер азаматтармен бірдей біздің апаларымызда өздерінің естен кетпес ерліктерін көрсетіп, отан үшін қан майданда жараланған солдаттардың жанын сақтап өз көмектерін аяған жоқ. Сұм соғыстың өзі өрімдей жап-жас Әлия мен Мәншүк қыздарымызды ала кетті. Мәншүк 19 жасқа келгенде соғысқа аттанды. Ол пулеметші, мерген болған. Мәншүк ерлікпен қаза болды, елі үшін отқа түсіп, жас өмірін отан үшін қиды. Ендеше 1 минут үнсіздік жариялаймын.
Тақпақтар:
Біздер үшін жанын қиған
Бас иеміз жандарға.
Әлия орыс қаласын
Азат етіп болды мерт
Ол жеңісті көрген жоқ
Келді кейін азат күн
Қорғады алтын бесігін
Ұмытпаймыз өрлетіп
Мәншүк апа есімін
Жаралғандай жалыннан,
Жайсаң батыр Бауыржан
Естігенде есімін,
Жау есінен жаңылған.
Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,
Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.
Жеңіс, алақай жеңіс!
Жасасын жеңіс
Би : «Катюша» қыздардың орындауында
Тақпақтар:
Алаулап гүл тұрады
Туған жер құлпырады
Бейбітшілік болса!
Түрленіп бақша, бағы
Тірлік те жақсарады
Бейбітшілік болса!
Үйлер де құламайды
Ешкімде жыламайды
Батыр ұл есімдері ақталады
Жыр болып жүректерде сақталады.
Ешқашанда енді соғыс болмасыншы
Гүлдері ата-ананың солмасыншы
Жеңерміз қиындықты қайыспастан
Тек қана елге амандық орнасыншы
Ұлдардың орындауында бір тамаша биді тамашалайық.
Тақпақтар:
Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамды
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталды.
Жерден, көлден. Аспаннан
Соқты жауды ел күнде
Отан үшін от кешті
Тылдағы ел де ерледі
Тынымсыз күн-түн терледі
Ерлердің жоғын білдірмей
Жауды да жеңіп кел деді.
Бәріде майдан үшін
Бәріде жеңіс үшін
Ән : «Жеңіс күні»
Жүргізуші:
Оның жолында миллиондаған азаматтар мерт болды. Олар Отан үшін, біз үшін, сендер үшін, болашақ үшін, ұрпақ үшін шайқасқа түсті. Олар бірлік пен ерліктің арқасында жеңіс сағатын қолдарына тигізді. Тек қана елге амандық орнасыншы Бейбіт болып әрбір күніміз Береке тола берсін жылымыз Биіктерге тұрсын мәңгі желбіреп Көк аспанмен түстес біздің туымыз – деп құрметті мекеме қызметкерлері, балалар осымен мерекелік ертеңгілімізді аяқтаймыз!
Бекітемін:
«Ақбота» бөбектер бақшасының
меңгерушісі: Б.І.Байбусинова
«Жеңіс күні»
ІІ кіші «Гүлдер» тобы
Тәрбиешілері: К.М.Тишбекова
2016-2017 оқу жылы