kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

8 наурыз ерте?гілігіне орай "Біз ананы? г?ліміз" атты сайыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Балдыр?андар?а 8 наурыз-аналар, ?желер, апайлар мерекесі екенін ??ындыру, оларды? е?бектеріні? зор екенін т?сіндіру, балаба?ша мен ата-аналар ?атынасын с?з м?нерін, есте са?тау ?абілеттерін дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«8 наурыз ерте?гілігіне орай "Біз ананы? г?ліміз" атты сайыс»

ЖАРДЕМОВА Ж.С.

Сырым аудандық білім беру бөлімінің

МКҚК «Балдырған» балабақшасының «Ертөстік» екінші кіші тобы тәрбиешісі.

БҚО, Орал қаласы, Сырым ауданы


Біз ананың гүліміз


Мақсаты: Балдырғандарға 8 наурыз-аналар, әжелер, апайлар мерекесі екенін ұғындыру, олардың еңбектерінің зор екенін түсіндіру, балабақша мен ата-аналар қатынасын сөз мәнерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Әуен:
Жүргізуші:
Бүгін біздің балабақшада дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.
Балаларға ең жақыны сен ғой, ана,
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.
Сіздерге теңестірер ешнәрсе жоқ,
Теңесе алар бір-ақ нәрсе-Отан ғана.
Құрметті асыл аналар, қыз-қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астында қалқиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып аналар мерекесі келеді.
«Ана десем әділдікті ұғамын» дей отырып, бүгінгі балабақшада өткелі отырған «Біз ананың гүліміз» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Қазір сайысқа қатысатын аналарымызды ортаға шақырайық.
Жақсы адам кімге болса болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл сана.
Көркіне ақылы да сай келетін,

Шақырамыз ортаға анасы Бибігүл Мансурқызы мен қызы Бибіні.

Әуен:

Шығады мың бұралып биші,

Өнерді сүйген бәрің сүйші.

Аналары бұл топтың бәрі өнерлі,

Шығады арасынан әнші, күйші-демекші анасы Майра Кенжебекқызы мен ұлы Даниалды.


анасы Динара Серікқалиқызы мен қызы Айсара.

Әуен:

Аналары бәрі сұлу салсаң назар,

Бәрі де арманына қолын созар,

Арманың орындалсын сенің,

Бұйыртса бақыт құсы саған қонар деп __________________________________________
Әуен:

Бәрін де жақсы көретін,

Жарыста демеу беретін,

Келесі біздің

Мың бұралып, билеп беретін келесі біздің сайыскеріміз _______________________________

Әуен:

Кім жеңеді сайыста, үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда.
Әділқазы алқасы атыңды ақта,
Жүректерге арман мен бақыт жолда дей отырып Әділ қазы алқасымен таныс болайық.

1.«Балдырған» балабақшасының меңгерушісі Ғалия Мұханбетжанқызы
2. «Балдырған» балабақшасының әдіскері Рысханым Отарқызы
3. «Ертөстік» тобының ата анасы Армангүл Ергенқызы.


Жоспары:

  1. Таныстыру: «Мен анамын-ұрпағын әлдилеген»

  2. Өз өнері: «Көтерейік көңілді ән-жырменен»

  3. Мақал-мәтелдер: «Сиқырлы гүлдер»

  4. Дәмді тағам : «Өнерлінің қолы алтын»

  5. Сән үлгісі: «Сұлулық сыры»

Таныстыру: «Мен анамын-ұрпағын әлдилеген»

Аналар өздерін таныстырады.
Бүгін наурыздын сегізі,

Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі.
Аналарымызға, әжелерімізге арналған балаларыңыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар!

Алдияр:

Мен үшін не керек - бәрін іздеп табасың.

Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.

Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.

Даниал:

Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттык кетпес баладан.

Нурали:

Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ анам!

Махаббат:

Айналайын анашым,

Әлпештеген баласын,

Еміп өскен бөбекпіз,

Анамыздың мамасын.

Мерей:

Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

Адилжан:
С праздником весенним
В светлый этот час
Мамочка родные

Поздравляем вас!
Өз өнері: « Көтерейік көңілді ән-жырменен». Аналар өз өнерлерін көрсетеді.

Ән: «Мерекеңмен анашым»

Би: «Біз кішкентай жұлдыздармыз»

Әуен:

Мақал-мәтел: «Сиқырлы гүлдер»
1. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

2. Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

3. Білегі күшті бірді жығады,

Білімі күшті мыңды жығады.
4. Ақыл - тозбайтын тон,

Білім – таусылмайтын кен.

5. Қолыңмен істегеңді,

Мойныңмен көтер.

6. Әдепті бала — арлы бала,

Әдепсіз бала — сорлы бала.

7.Бір тал кессең, он тал ек.

8. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

9. Көзден кетсе, көнілден кетеді.

10. Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас.

Әуен:

Би: «Джентельмен» отырғышта отырып билейтін.

Әуен:

Жүргізуші: Балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Алихан:

Анам, анам, ақ анам

Мен өзіңдей ақ балаң,

Айтқан тілінді аламын

Жұмсағанда барамын.
Нұрәділ:

Mommy I love you
These Flowers are for you

Нуртас:

Мен мұғалім анамның,

Өнегесін аламын.

Ертең менде анамдай.

Оқытушы боламын.

Нурислам:

Бөбегінің тілегін

Қабылалшы әжетай

Ұзақ өмір сүрініз

Жүрші әже қамықпай
Әуен:

Дәмді тағам: « Өнерлінің қолы алтын»
Әуен:

Жүргізуші: Шеберлерім өнер шашып қолынан,
Жаңылмаған ата-баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз айтамыз төрелігін соңынан.

Аналарымызға, әжелерімізге арналған балаларыңыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар!

Шамшырақ:

Әлпештеген, аялаған,

Ақ сүт берген, апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.

Лейла:

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір - бірден

Аналарға сыйлаймыз.

Арина:

Ерлік еткен біз үшін,

Еңбек еткен біз үшін.

Еркелеткен біздерді,

Еркіндеткен біздерді.

Аналарға мың алғыс!

Әділхан:

Ана –біздің күніміз!

Ананың біз - гүліміз!

Бізді, ана, қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Айсара:

Теңгесі жоқ данасын,

Асқар таудай панасын.

Еңбегінді ақтаймын,

Аман болшы анашым.

Айнара:

Еркелеймін, шаттанам

Жарқын-күлкің бақ маған.

Ақ бетіңнен сүйейін

Келші-келші, келші-келші ақ мамам.

Ердос:

Мен анамды сүйемін

Сөзін ойға түйемін

Ардақтаймын әрқашан

Әдеппен бас иемін.
Ән: «Ақ әжем»

Әуен:

Би: «Джентельмен»
Әуен:

(Балалардың тақпақтары)
Нұржанат:

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз.

Ринат:

Әжем ақыл бесігі

Мейіріммен тербеткен

Мен де ақылды баламын

Аман есен ер жетем.

Алтынай:

Әже деген көп шығар

Менің әжемдей жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай әсем күлкісі.
Алишер:
Мы для мамы

Песню запоем

Мы для мамы
Пляску заведем

Әуен:

Сән үлгісі: «Сұлулық сыры»

Әуен:

Сұлулық табиғаттан басталады,
Көктемнен олар бірге шаттанады.
Бәйшешектей құлпырып, гүлдей жайнап,
Сән үлгісінің кезеңі басталады.
Балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар:

Бибі:

Аялаған, баптаған,

Асыраған, сақтаған.

Сақтандырып күнде еппен.

Айтып бәрін үйреткен

Анамызға мың алғыс!
Рахат:

Бізге қарап елжіреп, ...

Сүйсе беттен күнім деп,

Құшақ ашса келші деп,

Жүгіреміз күлімдеп.

Айша:
I love mommy
yes I do
Айжан:

Анамыздың мейірлі

Жүзіне біз қараймыз.

Анамызды пейілді

Жомарт жанға балаймыз.
Жүргізуші:
Аналарымыз сайыстың барлық шарттарын орындап шықты. Сөз кезегін бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын әділ қазы алқасына береміз.
Құтты болсын осы шаттық күніміз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Ардақты аналар, апа-қарындастар!Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Дендеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз.
Құрметті қонақтар, біздің «Біз ананың гүліміз!» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Қош,сау болыңыздар!

Әуен:




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
8 наурыз ерте?гілігіне орай "Біз ананы? г?ліміз" атты сайыс

Автор: Жардемова Жанна Сергеевна

Дата: 14.06.2016

Номер свидетельства: 334568


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства