Просмотр содержимого документа
«8 наурыз ертеңгілік»
«8 наурыз – аналар күні» ертеңгіліктің сценариі
(№ 1; №4- ІІ-кіші топтарына арналған, 2018)
Мақсаты: 8 наурыз мерекеге байланысты көңіл күйді сезінуге үйрету; балалардың музыкалық қабілеттерін әрі қарай дамыту; әндерге, билерге сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Жүргізуші: Келгеніне қуаныштымыз, төрлет Көктем. Балалар сені көп күтіп, саған тақпақтарын дайындады.
Көктем: Қане, тақпақтарыңды тыңдайық.
Балалардың көктем туралы тақпақтары.
Көктем: Көктемде табиғат оянады, гүлдер өседі (көрсетеді: осы кезде тәрбиешіөкөмекші кілемге гүлдерді қояды)...Гүлден гүлге көбелекер ұшады, қараңдаршы! – осы кезде қыздар-көбелектер гүлдерге «ұшып келеді».
Би «Көбелектер»
Көктем: Рахмет сендерге, балалар...(үйшікті көріп) Қандай әдемі үйшік! Кім үйшікте тұрады екен?
Жүргізуші: Үйшікте кішкентай балапандар тұрады...Келіңдер, балалар, балапандарға ән айтып берейік!
Ән «Балапан»
Көктем: Балапандардың анасы қайда?
Залға билеп, Тауық кіреді
Тауық: Ко-ко-ко. Мен осындамын...Сәлеметсіз бе, Көктем. (Көктем амандасады) Сәлеметсіңдер ме, балалар? (Балалар амандасады) Келіңдер, балапандарым, мерекені, би билеп, қарсы алайық!
«Тауық пен балапандар» биі
2
Осы кезде залға Бүркіт ұшып келеді
Бүркіт: Қандай дәмді балапандар! Қазір мен сендерді ұстап аламын, - деп, балапандарға жақындамақшы болады; Тауық оны балапандарға жақындатпайды.
Көктем: Қане, көженің дәмін көрейік. Ммм, өте дәмді екен! Әжелерге қалай жақсы көмектесесіңдер! Қандай жақсы аспазшыларсыңдар!
3
Жүргізуші: Және біздің балалар спротпен де айланысады. Қараңдаршы!
«Спорттық би»
Көктем: Қандай көңілді би! Қандай тамаша мереке! Рахмет сендерге, балвлар! Маған өте ұнады. Сау болыңдар, кездескенше, балалар - деп, кетеді.
Жүргізуші: Құлпырған гүлдей,
Көктемгі күндей.
Жылулық бізге
Төгетін үзбей –
Мың рахмет аналарға!
Жүргізуші: Балалар, осымен 8 наурызға арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Ад, мерекені біз топта жалғастырамыз. Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар, құрметті қонақтар!