Просмотр содержимого документа
«8 марта-день торжественный»
«АНА- БІЗДІҢ ГҮЛІМІЗ»
Тәрбиеші:
Біздің халық өнерпазға бай тегі,
Әнші деп те,күйші деп те айт оны.
Күлімдеген көктем жайлы,
Жаксылап бір ән шырқасақ қайтеді.
Ән: «Мерекеңмен анашым»
Тәрбиеші: Армысыздар ақжаулықты аналарым,
Ақылы дариядай кемеңгерім
Ардақты аналардың мейрамында,
Арнайды бүлдіршіндер өнерлерін!-дей отыра кезекті балалардың тақпақтарына берейік.
Ернар: Ана деген не деген
Ақ тілеулі жан еді.
Алғысын алып анамның
Бақыт тапқым келеді.
Аяулым:
В этот день-все женщины прекрасные
И глаза горят у них сутра
Но восьмого марта всех счастливее
Дорогая мамочка моя!
Для нее одной мой старания
Ей одной признания в любви
Поскорей загадывай желания
Знаю я-исполняться они!
Би: «Попури»
Балалардың бірі хат тауып алады.
Тәрбиеші: -Міне қызық!Мына хат кімнен келді екен? Кәне оқып көрейік.
«Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен көктемнің апасы,Қыс ханшайымымын.Сендер менімен бірге қыс мезгілін қызықтап, қардан аққала жасап,шанамен сырғанап көңіл көтердіңдер.Енді менің Сібір жаққа кететін уақытым болды.Ал менің сіңілім Көктем аруы әлі ұйықтап жатыр.Сендер бүгінгі мерекеде ән салып,би билесеңдер сонда Көктем аруы ұйқысынан оянатын болады.Көктем келген кезде дала құлпыратын болады.Қош сау болыңыздар. Сәлеммен Қыс ханшайымы.
Тәрбиеші:
-Қыс ханшайымы көңіл көтеріңдер деді ғой.Олай болса көңіл көтерейік.
Музыка ойналып ішке сыпырғышымен ұшып мыстан келеді.
Мыстан: Қараңғы үйшікте тұрамын,
Сиқырлаймын алдаймын.
Сыпырғыммен ұшамын,
Ұшып-ұшып қонамын.
Мұнда бала көп екен.
Бұл не өзі болды екен?
Балалар: -«Күншуақ» шағын орталығы.
Мыстан: Демек,мен дәл түскен екенмін ғой,жақсы болды!Ормандағы досым айтып еді.Балабақшада балалар көктемді қарсы алып ,аналар мен әжелерін құттықтап жатыр деп.Ал сендер мені шақырған жоқсыңдар.Мына мені Мыстан сұлуды шақыруды ұмытып кеттіңдер.Сондықтан мен сендерді кешірмеймін!Мерекені болдырмай,сендерді осы жерден қуып шығамын!
Мыстан: А, сендер менен қорықпайды екенсіңдер,қазір мен айқайлаймын(айқайлайды),сыпырғыммен ұрайын,(сыпырғымен жерді ұрады).Мен сендерге Көктем аруын жібермеймін.Айналаны қара түнек басатын болады.Ал, Көктем келмесе мерекені де тойлай алмайсыңдар!
Тәрбиеші: Біз көңілді халықпыз.Ән салып ,би билеп,көңіл көтеріп қара түнекті қуамыз.Кәне, балалар,көңілді ,әзіл ән салыңдар.
Мыстан: Ән салыңдар,салыңдар!Осыдан мені күлдірмей көріңдер,көрсетем сендерге!
Әзіл ән: «Әжелер әні»
Бәрі:
Келіннен қорқып саспайық,
Келіңдер өсек бастайық.
Немеренің әртүрлі,
Қылығын айтып тастайық!
Қ/сы:Ойбай,белім-ай,
Қайда кетті келін-ай.
1-Әже:
Немерем менің блатной,
Күндіз тыным таппайды,
Видио көру керек деп,
Кешкі ұйқыға жатпайды.
Қ/сы: Ойбай,сұмдық-ай,
Ұят екен масқара-ай!
2-Әже:
Немерем менің кір-кір боп,
Үйдің бетін көрмейді.
«Киндер» сатып әпер деп,
Еш тыныштық бермейді.
Қ/сы: Ойбай,сұмдық-ай,
Ұят екен масқара-ай.
3-Әже:
Немерем менің теңгеге,
Үйір болып алыпты.
Мың теңгені сағызға
Аямай бере салыпты.
Қ-сы:Ойбай,сұмдық-ай,
Ұят екен масқара-ай!
4-Әже:
Немерем менің ән салса,
«Махаббат» -деп айтады.
Қызың бар ма?-деп едім,
«ия» деп басын шайқайды.
Қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай,
Ұят екен масқара-ай!
Бәрі:
Келіндер келіп қалыпты гой,
Бізде үйге кетейік.
Немере шіркін тәтті-ғой,
Барына шүкір етейік.
Қ/сы: Ойбай,белім-ай,
Қайда кетті,келін-ай.
Мыстан: -Жарайды,мені күлдірдіңдер!Енді мына балалардың өнерін көргім келеді.Маған ұлдар би билеп берсін.
Тәрбиеші: Ендеше ұлдар дайынбыз ба?Мыстан Әжеге би билеп берейік.
Балалар : -Ия
Би: «Қазақ жігіттері»
Мыстан: Бұл балабақшада өнерлі балалар көп екен,көңілім көтеріліп бір жасарып қалдым.Жарайды,менің де орманға кететін уақытым болды.Мен барып Көктем аруын оятайын.Ал,сендер мені келесі мерекеге шақыруды ұмытып кетпеңдер!Қош сау болыңдар!
Тәрбиеші: - Дала да қар бар ма?
Балалар: -Жоқ.
Тәрбиеші: -Неліктен қар жоқ?
Балалар: Өйткені күн жылы.
Тәрбиеші: -Балалар,қыс мезгілінен кейін қай мезгіл келеді?
Балалар: -Көктем мезгілі.
Тәрбиеші: Көкке бояп өңірді,
Көктем келеді көңілді.
Бау-бақшада орманда,
Құстар әнін төгеді-олай болса Көктем аруын ортаға шақырамыз.
Көктем аруы:
Сәлем,сәлем балақайлар,
Қуаныңдар,алақайлап,
Құстар әнін ала келдім,
Жерге кілем жаба келдім,
Жан бітіріп табиғатқа
Гүлдерімді ала келдім.
Тәрбиеші:Амансың ба,Ару Көктем!Ұлан-байтақ жерімізге қош келдіңіз!Шуағыңды шаш,нұрыңды төге бер!Төрлетіңіз, балалардың өнерін тамашалаңыз. Келесі кезекті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Нұргелді:
Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың.
Еңбегіңді ақтаймын.
Аман болшы анашым.
Нұрислам:
Ана біздің гүліміз Ана біздің күніміз Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!
Анель:
Өмірге бізді келтіріп,
Жарық дүние сыйлаған Жамандыққа баласын Ешқашанда қимаған Көрмесін қайғы балалар! Аман болсын аналар!
Алина:
Свою мамочку люблю,
Крепко обнимаю,
И поздравить в этот день Раньше всех желаю С 8марта, мамочка Счастья и любви!
Лучше нету на земле Мамочка,чем ты!
Алинұр:
Анаң болса қасыңда Басқа бақыт не керек Аналардың жүрегі,
Мейірімді ғой керемет.
Көктем Аруы: -Мен де құр қол келген жоқпын,әсем гүлдерімді ала келдім,қыздар келіңдер тамаша бір би билейік!
Би: «Гүлдер»
Тәрбиеші:
-Балалар,қалай ойлайсыңдар,ең асыл жан кім?
Балалар: -АНАЛАР!
Тәрбиеші: - Үнемі періштедей қорғап ,демеу болатын кім?
Балалар: -АНАЛАР!
Тәрбиеші: Ендеше орнымыздан тұрып ән шырқайық,
Ән: «Ана деп ән саламын»
Тәрбиеші:
Дүниеде ең кемеңгер дананы Ана табады,аялайды бағады.
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті Ананы!
Би: «Түрік биі» көріп тамашалаңыздар.
Тәрбиеші:
Армысың,ақжаулықты әжелерім
Мейірбан аппақ көңіл даналарым Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен Құттықтайды сіздерді балаларың Нұрасыл:
Асыға күтіп жүргенмін Болар деп қашан мейрамың Ақ тілек жаздым сіздерге Келеді соны сыйлағым.
Бисехан Раяна:
Менің әжем, нар әжем Көп жасаған кәрі әжем
Ауырғанда мен үшін,
Әр сүйгені дәрі әжем.
Рай:
Аналарды сүйеміз Ақылын ойға түйеміз Әжені де ардақтап.