Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру. Әр баланың бойындағы ойлау қабілеттерін, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«7 мамыр "Жігіт сұлтаны" мектепалды даярлық тобы»
«Жігіт сұлтаны» Мақсаты: 1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру. 2. Әр баланың бойындағы ойлау қабілеттерін, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. 3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу. Көрнекіліктер:Нақыл сөздер,музыкалық әуен, шарлар. Байқауға қатысатындар: Даярлық ,шағын орталық топ жігіттері. Байқау барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі. Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру.
Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді!
1 – жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! –
– дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандарымзды шақырайық! Қарсы алыңыздар! (Байқауға қатысушылар кезекпен ортаға шығады) музыка «Алға қазақжігіттері»
1Ташенов Алинурды, ортаға шақырамыз.
2. Көкежан Алинур
3Құрмаша Алихан
Рамазан Қуаныш
Сабыржанұлы Асанәли
Тусупов Мансұр
Адамов Нұран
Жумалиханов Бекзат
Қол соқсыншы ағайын.
(Қоржыннан асық алады, әрбір жігітке номерлер тағылады.) 2 – жүргізуші: «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар! 1.
2
3
1 – жүргізуші: Қайсысы әнші, кім биші, Талабына қарайық. Кімдер зерек, кім жылдам, Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
3. Спорттық ойындар (асық ату,күш сынасу, кім мерген, доппен, кегли)
2 – жүргізуші: Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік, Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып «Жігіт сұлтаны» байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.
1 – жүргізуші: Ақыл – көрік бойларында жетеді, Әлі талай сынақтардан өтеді. Мына отырған баршыңызды өзімен Тез арада таныстырып өтеді – деп, Сайысымыздың бірінші бөлімі «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер...». деп аталады.
Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.
Ән « Сарбаз болам мен ертең »
(Сайыскерлер өздерін таныстырып өтеді) 2 – жүргізуші: Таныс болдық жігіттер тегіменен Туып өскен мекені, еліменен. Бәрі де ақын көрінеді, Таныстырып кетті ғой төгіп өлең., «Бәрекелді!» деп шіркінге, - дей отырып, сайысымыздың «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерлерін көрсету бөлімін бастаймыз.)
Би «Матрос биі»
Сайысымыздың келесі түрі 3. Спорттық ойындар (асық ату,күш сынасу, кім мерген, доппен, кегли)
Ән «Ел қорғауға әзірміз»
Би «Ты морячка, я моряк» 2 – жүргізуші: Әр номинация бойынша қатысушылар марапатталады.
Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз.Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!