kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

1 Желтоқсан Тұңғыш президент күні

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балабақша мен мектепалды даярлық сыныптарына арналған ертеңгілік. Тәрбиешілерге дайын сценарий.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«1 Желтоқсан Тұңғыш президент күні»

Тәрбие сағат тақырыбы: 1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күні

Мақсаты: Балаларға Елбасы Н. Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру. Елбасыны құрметтеуге, оны үлгі тұтуға тәрбиелеу.

Ұйымдастырушы кезең:

Әнұран.

Тәрбиеші: Балалар 1-ші желтоқсан- тұңғыш Президент күні.

Қазақстан Республиқасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының, Шамалған ауылында дүниеге келген. Ақылды, зерек бала болып өсті. Н.Ә. Назарбаев өзінің еңбекқор ақыл- парасатымен үздік оқу орындарын бітіріп, 1991 жылы Қазақстан Республиқасының Президенті болып сайланды. Қазақстан Республиқасына адал қызмет етіп жүрген елбасы.

Енді біздің тобымыздың балалары тақпақ айтады.

Медина.

Ұлттық өрнек мұрамыз,

Адастырмаз мұраттай.

Нық көтеріп тұрамыз,

Жалауды біз құлатпай.




Нұртас. Перизат.

Желбірейді шалықтап,

Қазақстан жалауы.

Көкте қыран қалықтап

Қанат қағып барады.




Аяжан.

Тәуелсіздік көркі ол,

Өркениет өрінде.

Нұр төгеді елтаңба

Ақ орданың төрінде.













Нұрзат

Отан ыстық ұямыз

Жүректе отан тұрады.

Отан маған пәк ана,

Мен отанның ұланы.



Жарайсыңдар балалар. Енді сұраққа жауап берейік.

  1. Қ.Р. Президенті кім?

  2. Қ. Р. Рәміздерін ата?

  3. Н. Ә.Назарбаев қай қалада тұрады?




Әнұран

Жаса Қазақстан әні. Автор Асқар Жүнісбеков.

Елбасы күні – елімізді өркендетін төуелсіздікті тұғырлы ететін күн болсын деп, сынып сабағымызды аяқтаймыз.





































Ашық тәрбие сағаты: «Ұлтына қамқор - Елбасы»
Мақсаты:

  1. Қазақ  халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған ,қызмет еткен жерлері туралы  мағлұмат беру;

  2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

  3. Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік  сезімін ояту, құрметтеуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі:
слайдтар  көрсету,үнтаспа, шарлар,суреттер, көрме.


1- Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, тәрбиешілер, оқушылар және қонақтар! 
2-Жүргізуші: Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді  азаматтары, ұлдары мен  қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы Еңселеткен Елорда» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. 
1-жүргізуші:Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Гимнің тұр көгіңде шырқалып.

(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)



2-Жүргізуші: Алихан, сен қалай ойлайсын, осы Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп, көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?
1-жүргізуші: Әрине, Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы. Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.


1- Жүргізуші: Мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері әрине дамыды, экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да. Барлығы, елбасымыздың саясатының негізінде емес пе? 
2- Жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың, бірақ сол тәуелсіздікке де оңай жете қоймадық қой. Қаншама бабаларымыз, аталарымыз, Қайрат пен Ерболдай ағаларамыз, Ләззаттай әпкелеріміз  тәуелсіздік жолында құрбан болды. Ендеше 1986 жылы 16 желтоқсан күніне арналған Ақұштап Бақтыгерееваның «Ерлікті көзбен көрген күн» өлеңін тыңдайық. Оқитын - Жұбанышева Қарлығаш.


Ерлікті көзбен көрген күн

Желтоқсан — 86, ызғарлы күн,

Мұз бен қар жылжығандай құздан бүгін,

Өттің де астаң-кестең ойда жоқта

Артыңа үмытылмас із қалдырдың.

Айтамыз ертегі етіп ол күндерді,

Батыр деп мадақтаймыз жөн білгенді,

Халыққа Жаңа жылдық сәлем жолдап,

Жазушылар үйіне Колбин келді.

Біреулер бастық көрсе қуанатын,

Біреулер жалпылдайды сұрап атын.

Бір кезде жазушылар мінбесіне

Барады көтеріліп Жұбан ақын.

Қазақша акцент, толқыған қатал үнмен:

«Замандаспыз — деді оған, қатар жүрген.

Желтоқсанның көргенше он алтысын

Бір күн бұрын батсамшы батар күнмен».

—​ Қорғағанмын жаудан мен Совет елін,

Әлі күнгі Отанды ән етемін.

«Мен қазақпын!» - деуші едім біле түра,

«Шовинизм» дегеннің бар екенін.

Ұрпағыма халім бар не дер еңді,

Қорладыңдар бұл қазақ деген елді.

Қыздарымды сүйретіп бұрымынан

Ит таласын деп пе едім немеремді?

Ақынша айтсам, «ұлы елдің» бұл мазағын

Менің далам көтерді күллі азабын.

Тың жерімді игерген бауырларың

Тракторге таптатты қыр қазағын.

Оныңа да шыдады халқым менің,

Берді емес пе билігін, алтын кенін.

Тұңғыш тұрсың алғашқы дәмін татып,

Түсінбейсің замандас, салтын елдің.

Бір еместей өзіңмен жолым бүгін

Мен айтпасам паш етер сорымды кім,

70 жылдай, қүрбым-ау, келесіңцер

Пайдаланып қазақтың момындығын.

Деп үйреттің мәңгүртсің; бәрің надан,

Тіл мен діннен айрылды елім, бабам,

Кеше аланда сабаған — сенің тегің,

Ал таяқты жегендер менің балам.

Ақын жүрек тартуда содан қайғы,

Шыдамаспын айтпауға жарам жайлы,

Кешір мені, замандас, осы жолы

Жұбан саған пікірлес бола алмайды.

Намыс пен кек түнеріп қабағында,

Мұң аралас жас тұнып жанарында.

Ел алдында арқадан жүгі түсіп,

Ақын тұрды тазарып ар алдында.

Тынып қалды зал тегіс күбірлемей,

Бір адамның жанары күлімдемей.

Біз отырдық төбеден жай түскендей

Арқамыздан құмырсқа жүгіргендей.

Кетті залды ақынның өртеп демі,

Әлі есімде-біреулер селт етпеді.

37 қуғынын көрген сорлы

Қол соғудан сескеніп, жер тепкені.

Жұбан-бөрі, өзгелер — қояндардай,

Колбин жүзі сөл қанға боялғандай,

Зал гуілдеп, бір кезде жер солқ етіп,

Ұйқысынан бар қазақ оянғандай.

1-жүргізуші: Елбасымыздың  өмірбаянына тоқталсақ. Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін,өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен  атқаратын  адам.Ол әр  қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу – бойға  біткен дарынмен  қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.

2-жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  6-шілде 1940 жылы Алматы  облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде  айта беретініміздей  таршылық  жағдайда өтті.Үлкендердің  мал бағуына,бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды,шөпшек теріп,отын  жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті  заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол  стансасына бару  дегенің  керемет мереке саналған.Мектепті  жақсы оқып,жақсы білім  алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.


1-жүргізуші:Ол ерте есейді,орта мектепті  бітіре  салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды  металлургия комбинатының көлемді құрылысына  аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск  қаласына  барып металлург –жұмысшы  мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна  пешінің  көмекшісі жұмыстарын  атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

2-жүргізуші:Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап  көрінді.Қалалық,облыстық және республикалық  көлемде басшы органдарда жауапты  қызметтер  атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалықпартия ұйымдарында  экономикалық салаға жауап  беретін хатшы  болды.


Қызмет жолы:

1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.

1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,

1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.


1-жүргізуші:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста  болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

2-жүргізуші:1991 жылы 1желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш  рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп  сайланды.

1-жүргізуші:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы  Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз  демократиялық  және құқылық  мемлекет» деп жариялады.

Нұрсұлтан Назарбаев үшін ең бастысы - ел ішіндегі тыныштық пен бейбітшілік. 1991 жылдың күзінде 40 жылдан астам уақыт бойы адамзат баласына от бүркіп, апат қауіпін төндіріп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. 459 ядролық жарылыс өткен бұл полигон енді мәңгіге тыншыды. Туған елінің тыныштығын, адамзаттың қауіпсіздігін ту еткен Н.Назарбаев Америка Құрама Штаттарының, Ресейдің, Францияның билеушілерімен ұзақ та күрделі келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан аластауға 1994 жылы келісті.

2-жүргізуші:1992 жылы 4маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.Елтаңба  авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы,Шотаман Уәлиханов.                                        

1-жүргізуші:1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.

Уәли Айбек
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан,ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы,елтаңба,әнұраны бар
Айтындаршы, енді елім кем де неден?

2-жүргізуші:
1995  жылы 28-қаңтарында  тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
Амандықов Мерей

«Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де,балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
                                                         Ермек Өтетілеуұлы

1-жүргізуші:Астана-ҚР-ның саяси,әкімшілік  және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997  жылы мұнда  бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент  көшіп келді.Еліміздің  басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

Тілек Мерген

«Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы – 
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім,дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!

2-жүргізуші:1998  жылы 10-маусымда жаңа астананың  ресми  тұсау кесері болды.Қала  Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.

Тұманбай Молдағалиев «Есіл  ер»
1-оқушы:  Мерей
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік  қоясың,
Халықпен  бір  ашығасың да,халықпен бірге  тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге  айтып арман әндері, 
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ  жаясың.
2-оқушы:  Мерген
Халықтың мұңы мұңдайтынын да,халықтың жыры жырлар  жыр,
Көкірегіңде көнермей әлі өткен де  кеткен жылдаржыр,
Соңына  ердік сол ғана бізді жеткізеді  деп бақытқа,
Бақытқа  баста  байтақ  еліңді,бақытсыздықтан құр қалдыр.
3-оқушы:  Айбек
Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп  жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені,санамыз,сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен  жіберген.
4-оқушы:  Нұрберді
Жесірге  пана,қашанда қамқор  боп жүрсің жетімге,
Ананың тілі,баланың тілі сөйлей білесің не тілде.
Қалам тербесек жүрек берді есеп  басынан өткен жылдарға,
Саған  сенбесек ,кімге сенеміз осынау жердің бетінде...


1-жүргізуші: Ендеше ортамызға мектебіміздің мың бұрала билейтін биші

қыздарыңыз Исмагулова Аида мен Жамилова Альбинаны «Қазақ» биімен қарсы алайық!


 2-жүргізуші: 
Оқушы монологы. «Менің Президентім».Жұбанышова Қарлығаш:
Біз отбасымызбен күнделікті теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен – ақ әжемнің жаңылмай қайталайтын бір тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл берген саған рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын», - деуден жаңылмайды. Бұрынырақ әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін, енді тарих пәнінен тереңдей оқыған сайын, әжемнің сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін. Расында да көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға. Қазір мен де әжеммен бірге Алладан Нұрсұлтан Әбіш ұлына денсаулық тілеймін.  


Оқушы монологы. «Менің Президентім»

Қазақ халқы ерекше қонақжай халық екені белгілі. Меніңше, біздің Президентіміздің бойында да осы қасиет бар. Соңғы он жылда Қазақстанға кімдер ат басын тіремеді десеңші? Белгілі саясаткер, мемлекет қайраткерлері мен басшылары, ғалымдар мен өнер қайраткерлері.
Әр елден келген қонақтарға ұялмай көрсететін жаңа қала Астанамызды Президенттің ақыл-ойының жемісі дер едім. Астана күннен күнге бой түзеп жасарып, жаңарып келе жатқан жас қала. Сарыарқаның төсіндегі шағын ғана қаладан, әлем таныған әсем Астана жасаған Елбасының ақыл-ойына кім басын имес?


2-жүргізуші:  
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар, - демекші Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.


1-жүргізуші:   «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

Ән: «Жаса, Қазақстан» орындайтын Шайдрахман Шыңғыс.


Мұғалімнің сөзі:
Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.
Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
1 Желтоқсан Тұңғыш президент күні

Автор: Кокышева Балжан Турарбековна

Дата: 26.04.2020

Номер свидетельства: 548028

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "1 - желто?сан Т???ыш Президент к?ні"
    ["seo_title"] => string(44) "1-zhieltok-san-tu-n-g-ysh-priezidient-kuni-1"
    ["file_id"] => string(6) "278907"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453142908"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "" 1- желто?сан т???ыш Президент к?ні" т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(46) "1zhieltoksantungyshpriezidientkunitrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "291134"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1455085284"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "1 желто?сан - Т???ыш Президент к?ні"
    ["seo_title"] => string(34) "1zhieltoksantungyshpriezidientkuni"
    ["file_id"] => string(6) "305478"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457953263"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) ""1 Желто?сан – Т???ыш президент к?ні""
    ["seo_title"] => string(35) "1zhieltoksantungyshpriezidientkuni1"
    ["file_id"] => string(6) "311659"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459242468"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "16-желто?сан Т?уелсіздік к?ні"
    ["seo_title"] => string(35) "16-zhieltok-san-t-uielsizdik-kuni-1"
    ["file_id"] => string(6) "273429"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452228592"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства