Просмотр содержимого документа
«1 -мамыр мерекесІне орай сценарий»
Ақмола облысы Целиноград ауданы
Қосшы ауылы «Алтын дән» балабақшасының
«Балапан» тобының
тәрбиешісі-Жанатай Райгүл Сағатқызы
Бірлігі жарасқан елміз
Зал іші мерекеге сай безендірілген. Қолдарында шарлары, жалаушалары бар әсем киінген балалар мерекелік әуенмен кіреді.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі балалар! Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі құтты болсын! 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Бірлігі жарасқан елміз» атты ертеңгілік өткізіп отырмыз.
Жүргізуші: Тілі басқа тілегі бір біргеміз, Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз. Мақсат ортақ, бейбітшлік ұран боп Татулықтан бұзылмасын іргеміз.
Жүргізуші: Біздің Республикамызда 100-ден аса ұлт өкілдері тұрады. Қазақстандағы барлық ұлттар бір-бірімен дос, тату-тәтті өмір сүреді. Осы достыққа арналған ән-жырларымызды бастайық.
Хор: «Достық » әні
Жүргізуші: Балалар бізге әр ұлт өкілдері қонаққа келді. Олар ортаға өнерлерін көрсетпекші. Енді балаларымыздың 1 -мамырға арналған жыр шумақтарына кезек берейік. Олай болса орыс ұлтына кезек берейік.
Еркеназ: Бейбітшлік ұраны,
Жарқыраған алтын күн.
Ән қанатты қыраны
Еркіндігі халқымның.
Алижан: Кең-байтақ жеріміз, Татулық тұрағы. Бауырмал еліміз, Ынтымақ ұраны. Іңкар: Жаңғыртып даланы , Шырқап ән салады. Халықтар достығы – Бірліктің қамалы. Ерали: Қызыққан шартарап, Береке – тірлігі. Құрған сән-салтанат, Жарасқан бірлігі.
Жүргізуші: Балалар бізге қонаққа сонау алыстан грузин халқы келді.
Би: «Грузин биі» Билейтіндер: «Балапан» тобының ұлдары.
.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Жүргізуші: Ортаға татар ұлтының өкілдерін шақырамыз, мерекеге әкелген шашуларын тамашалайық.
Ернияз:Берік болса бірлігім – Биік болар жұлдызым. Бақытты боп ұл-қызым, Күлімдесін нұр-жүзім. Айша: Қанатымыз талмасын, Биіктерге самғасын. Туған жерге ақындар, Жақсы өлеңін арнасын.
Жүргізуші: : Ән-жыр десе көмейі бүлкілдеген, Ақ маржандай көңілі үлпілдеген, Өзбек менің өз ағам – дейді қазақ Дастарханнан дәм-тұзы бөлінбеген Би: «Өзбек» биі: Билейтіндер: «Балапан» тобының қыздары
Көрініс:«Бірлік» Жүргізуші: Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай үйреткен екен. Қарт балаларына бір бума шыбықты сындыруға ұсынады. Балалары көп әуреленіп, бума шыбықты сындыра алмайды. Қарт буманы шешіп, шыбықты шыбықты бір тандап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оңай сынады. Қария: Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді.. Ал жеке-жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады.
Хор: «Ағайынбыз бәріміз»
Жүргізуші: Қазақстанымыздың қуаттылығы мен басымызға қонған бақытымыз бірлігіміздің татулығын арттыра берсін, бейбітшілік мәңгі ажырамас серігім болсын! Бұл мереке бізбен бірге ғасырларға ұлассын! Бейбіт аспан астында достығымыз нығайып, еліміз өркендей берсін деген тілекпен бүгінгі «Балапан» тобының ертеңгілігін аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!