«1 МАЯ – ДЕНЬ ЕДИНСТВА НАРОДОВ КАЗАХСТАНА» Соболева Е. В. Музыкальный руководитель КГКП я/с № 23 «Ақниет» г. Караганда Дети заходят в музыкальный зал под песню «Вместе весело шагать» (Муз. В. Шаинского, Сл. М. Матусовского), делают перестроения. Заходят два ведущих, здороваются. Поздравляют всех с праздником. Говорят слова о Казахстане и о дружбе всех народов проживающих в Казахстане.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"1 Мая - день единства народов Казахстана"»
1.Грамматикалық категория
2. Зат есімнің сөйлемдегі қызметі..
3.Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.
Амантай өз ойын Қайырға әлдеқашан-ақ айтып қойған ғой (Ғ.М.).
Грамматикалық категория (гр. grammatike гр. gramma әріп, жазу, гр. kategoria пікір айту, пайымдау орыс. грамматическая категория) — мағынасы біртиптес грамматикалық тұлғалардын бір-бірінен өзгеше жүйесі.
Бұл жүйеде категорияландыратын белгі басты қызмет атқарады. Мысалы: шақ, жақ, етіс т. б. категориялардын жинақты мағыналары соларға сай тұлғалар жүйесін қалыптастыратын категориялық белгі болып тұр. Грамматикалық категорияны анықтауда мағыналық тұрғыдан қарап, оны бірінші қатарға шығару кең тараған. Шынында, грамматикалық категорияның ен басты белгісі мағынасы мен тұлғасының бірлігі болып табылады. Одан грамматикалық категорияның екі жақты сипаты көрінеді.
Грамматикалық категория морфологиялық және синтаксистік болып бөлінеді. Морфологиялық категорияларға етіс, түр, шақ, жақ, рай, септік т. б. жатады. Бұл категориялардың жүйелі түрлері сөздердін ірі грамматикалық топтарын (сөз таптарын) жасайды. Тілдерде грамматикалық категориялардың саны бірдей емес. Мысалы, қазақ тілінде орыс тіліндегідей вид, род категориялары жоқ.
Синтаксистік категориялар тұлғалардың сөз тіркесі мен сөйлем құрамында тіркесу қабілетіне қарай жіктеледі. Грамматикалық категория ұғымы негізінен морфологиялық материал негізінде қалыптасқан да, ал синтаксистік материал негізінде жетімсіз талданған, Грамматикалық категория ұғымының синтаксиске қатысты қолдану шегі әлі айқын емес деген пікір бар. Грамматикалық категория ұғымына байланысты әлем тілдері бір-бірінен:
Грамматикалық категорияның саны мен құрамына карай;
Бір грамматикалық категорияның ішіндегі қарама-қарсы тұрған мүшелер санына қарай (мысалы, септік жалғаулары орыс тілінде — 6, қазақ тілінде — 7, кейбір дағыстан тілдерінде 40-ка дейін);
Белгілі бір категориялардың қандай сөз таптарына кіретініне қарай жіктеледі.
Грамматикалық құрылыстың тілдік бірлігі (единица) деген ұғым грамматикалық категориямен тікелей байланысты. Бұл мәселе жөнінде тіл білімінде эр түрлі көзқарас бар. Бірқатар ғалымдар грамматикалық құрылыстың тілдік бірлігі (единицасы) морфема деп, енді бірсыпырасы — сөз деп пайымдайды. Ал, A.M.Пешковский, Л. В. Щерба, В. В. Виноградов, А. И. Смирниикий еңбектерінде грамматикалық құрылыстын бірлігі грамматикалық категориялар деген пікір қалыптаскан.
Зат есімнің сөйлемдегі қызметі
Бастауыш, анықтауыш
Атау тұлғалы екі зат есім қатар айтылған жағдайда алдыңғысы анықтауыш қызметін атқарады. Оның елтірі тымағы бар.
Қолдану ерекшелігіне қарай зат есім пысықтауыш болады. Жасымда ғылым бар деп ескермедім.
Ол жан-жаққа жалтаң қағып қарай берді.
Жалтаң қағып күрделі тіркес қалай? Деген сұраққа жауап беріп, күрделі қимыл-сын пысықтауыш қызметінде жұмсалап тұр.
Еліктеуіш сөздер көмекші етістіктердіңтиянақты формаларымен тіркесіп қолданылса, онда баяндауыш қызметін атқарады. М, селтең ете түсті.
Е. Мергенбаев. Қазақ тіліндегі сөзжасам жүйесі. А, Санат, 1994-127б
Лексикалық мағына – объективтік заттар мен құбылыстардың адам санасында бейнеленуін, яғни сөздің ішкі мазмұны мен мағынасын білдіреді. Лексикалық мағына – тілдің лексикалық құрамына еніп, семантикалық шеңбері әбден анықталған мағынасы.
«Сөз таптары» деген лингвистикалық ұғым негізінде тілдің күнделікті өмірде атқаратын қызметіне байланысты, нақтылы сөздерді топтастыру үшін жасалған. Сондықтан кез-келген сөз табы тілдің тікелей функциясымен байланысты.
Функция деген ұғым екі түрлі аспектіге бөлінеді: мүмкіндік пен мақсатты. Екіншісі – тілдік материалдың белгілі бір мақсатқа, ойға (пікірге, ниетке) байланысты айтылатындығы. Ал мүмкіндік деген түрі – сол мақсатты тілдік единицалар арқылы қалай жүзеге асыра алатындығы.
Мағына дегеніміз – тұлғаның белгілік (знаковой) мазмұны, яғни тұлғаға тән жүйелі мазмұнның ішкі сипаты болып табылады.
О. Есперсен (ағылшын) функцияны «форма – функция – понятие» деген үш тағанның орталық түрі деп есептеледі.
Л.В. Щерба «стол, медведь» деген сөздерді септегенде, біз олардың зат есім болғандығына қарай емес, зат есім деп саналатындығымызға байланысты септейміз дейді. (Щерба, 1974).
Тілде бір сөз табына емес, бірнеше сөз табына қатысты лексикалық единицалар кездеседі. Сөз таптары да тарихи құбылыс. Мысалы, белгілі бір сөз табына біржола телінбеген, қызметі «жылжымалы» единицалар да кездесуі мүмкін. Оларға қазақ тіліндегі модаль сөздер мен түркі тілдеріндегі бейтарап сөздер жатады. Мысалы, керек, лазым, бар, жоқ т.б.
Қазақ тіліндегі сөз таптарының тұрақталып айқындалуы және олардың ұнасымды бір тәртіпке түсірілуіне Қ. Жұбанов, Н. Сауранбаев, А. Ысқақов т.б. ерекше үлес қосты.
Тілдің даму процесінде кейбір сөз таптары жаңадан қалыптасып жататын болса, кейбір сөздер өз табының жалпы грамматикалық мағынасынан қол үзіп, басқа сөз таптарына да қосыла алмайтындай, аралық сипатта жүретін жайттары да кездеседі. Мысалы, «бейтарап» немесе «модаль сөздердің» жайы осындай. Модаль сөздерді бір ізге түсіріп, жүйелейтін тұрақты бірыңғай белгі жоқ. Олардың шығу төркіні мен өзінше бір грамматикалық категория болып қалыптасу ерекшеліктері, морфологиялық және синтаксистік белгілері тұрақталмаған. Мұндай сөздердің сыр-сипаттары тек қана қазақ тілінде емес, жалпы түркітануда соңғы жылдары ғана қолға алына бастады.
Есім сөзөзгерім категориясына есім сөз таптарына тән сөзөзгерім грамматикалық тұлғалар жатады. Осындай тұлғалар іштей екі түрге бөлінеді: біріншісі – сөзге функционалды – грамматикалық мағынасын үстейтін тұлғажасам қосымшалар, екіншісі – сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін айтылатын таза грамматикалық сөзбайлам қосымшалар. Бұлардың қай-қайсысы болсын өзінің қосылған сөзінен жаңа лексикалық мағына тудыра алмайды. Сөзөзгерімдік тұлғажасам түріне зат есімнің экспрессивті-эмоционалды жұрнақтары мен сын есімнің шырай категориясын жасаушы функционалды-грамматикалық тұлғажасам жұрнақтары, сан есімнің және үстеудің кейбір тұлғажасам жұрнақтары жатады. Екінші сөзбайлам түріне зат есімге (немесе субстантивтенген басқа да сөз таптарына) жалғанған көптік, септік, тәуелдік және жіктік жалғаулары жатады.
Тұлғажасам қосымшалар – түбір негіздер мен туынды негіздермен қосылып, жаңа сөзтұлғасын жасайтын қосымша грамматикалық морфемалар қатарына жатады. Олар көбіне түбір негіздерге тікелей немесе сөзжасам жұрнақтардан соң қосылады. Ол сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстейді. Сөздің сөйлемдегі қызметіне тікелей байланысты болғандықтан, тұлғажасам қосымшалар функционалды-грамматикалық қосымшалар деп аталады.
Зат есімнің тұлғажасам қосымшалары өзі қосылып отырған зат есімдерге әр түрлі еркелету, құрметтеу, ұлғайту, кішірейту, мысқылдау, келемеж ету сияқты грамматикалық мағыналар үстеу үшін қолданылады. Мұны Ысқақов «Зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнақтар деп көрсетеді: бұлардың ішінде сөзжасам жұрнақтары да аталып кеткен сияқты (Мергенбаев).