Мектепте т?рбие ?дерісін жан - жа?ты ?йымдастыру жолдары
Мектепте т?рбие ?дерісін жан - жа?ты ?йымдастыру жолдары
Т?уелсіз мемлекетімізді? б?гіні мен ерте?і болаша? ?рпа? ?олында екенін ескере отырып, жан - жа?ты дамы?ан т?л?а т?рбиелеу – кезек к?ттірмейтін м?селелерді? бірі.
Сонды?тан жас ?рпа?ты шы?дап ?сіру, білікті азамат болып ?алыптасуын ?амтамасыз ету – б?гінгі мектеп алдына ?ойылып отыр?ан басты міндет.
?стаздар мен ?алымдарды? екінші ?аза?станды? съезінде Елбасы Н. ?. Назарбаев: «?ымбатты ?стаздар, сіздер бізді? балаларымызды ?сіріп, оларды? а?ыл - ойын жетілдірудесіздер. Олар ?шін кейде ата - аналарына ?ара?анда сіздерді? беделдері?із ?лкен. Жа?а ?рпа?ты? болаша? азаматты? ба?дары, оларды? патриотизмі, ту?ан жерге етенелілігі к?п ретте сіздерге байланысты. Оларды зиянды ?деттерден, есірткіден са?тап, бойларында салауатты ?мір салтын орны?тыру?а сіздерді? к?ш - ?уаттары?ыз жетеді. Ел ?шін оны? балалары бал?ын ша?ынан т?уелсіз ?аза?стан ?шін ма?таныш сезімін бойларына сі?іріп, оны? тарихы мен за?дарын, мемлекеттік нышандарын білгені ?те ма?ызды»,- деген.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мектепте т?рбие ?дерісін жан - жа?ты ?йымдастыру жолдары »
Тақырыбы: «Мектепте тәрбие үдерісін жан - жақты ұйымдастыру жолдары»
Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі болашақ ұрпақ қолында екенін ескере отырып, жан - жақты дамыған тұлға тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Сондықтан жас ұрпақты шыңдап өсіру, білікті азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ету – бүгінгі мектеп алдына қойылып отырған басты міндет. Ұстаздар мен ғалымдардың екінші Қазақстандық съезінде Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Қымбатты ұстаздар, сіздер біздің балаларымызды өсіріп, олардың ақыл - ойын жетілдірудесіздер. Олар үшін кейде ата - аналарына қарағанда сіздердің беделдеріңіз үлкен. Жаңа ұрпақтың болашақ азаматтық бағдары, олардың патриотизмі, туған жерге етенелілігі көп ретте сіздерге байланысты. Оларды зиянды әдеттерден, есірткіден сақтап, бойларында салауатты өмір салтын орнықтыруға сіздердің күш - қуаттарыңыз жетеді. Ел үшін оның балалары балғын шағынан тәуелсіз Қазақстан үшін мақтаныш сезімін бойларына сіңіріп, оның тарихы мен заңдарын, мемлекеттік нышандарын білгені өте маңызды»,- деген. Әбу Насыр Әл - Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» - деген екен. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне тоқталайық.
Танымдық іс - әрекет. Сыныптан тыс танымдық іс - әрекет шеңбері оқушылар сабақта алған білімдерін кеңейтетін, қоршаған өмірге қызығуын дамытатын мәселелерді қозғайды. Танымдық іс - әрекетте ұжымдық және жеке жұмыс формаларын бөліп қарауға болады. Ұжымдық сыныптан тыс танымдық іс - әрекетте балалар ұжымы мүшелерінің алдына жалпы танымдық міндеттер қойылады. Сабақтан тыс уақытта оқушылар жаңа білімдерді бірлесе алады, тәжірибе жұмыстарының, қарапайым модельдер дайындаудың нәтижесіне жетеді, түрлі мамандықтар жөнінде мағлұматтар алады. Өз еркімен түрлі ұжымдық - танымдық іс - әрекеттерге қатынасып, оқушылар іс барысындағы тәуелділікке, жауапкершілікке, өзара көмек қатынасына тартылады. Оқушылардың сыныптан тыс танымдық іс - әрекетін ұйымдастыруда мұғалім балалардың түрлі жас кезеңдеріне байланысты топтарының танымдық қызығу ерекшеліктерін білуі керек. Бастауыш мектеп жасындағы балаларды қызықтырмайтын нәрсе жоқ. Бұл жастағы балалардың қызығуы шашыраңқы болады. Мысалы, 6 - 7 жасар балалардың қоятын сұрағы заттар және құбылыстармен алғашқы танысуға байланысты болса, 8 - 10 жастағылардың сұрақтарынан деректерге, құбылыстарға, олардың мәнін тануға қызығуды көруге болады. Бұған қосымша бұл жастағы балалар сұрағынан олардың санасына шешімі табылуға тиісті мәселе туындағанын көруге болады. Олар бұл мәселені өздігінен шеше алмауы мүмкін, сондықтан олар үлкендерге иек артады.
Олардың танымдық қызығуын талдау нәтижесінде В. А. Сухомлинский әр баланың ойы өзіндік жолмен дамиды, олардың әрқайсысы өзінше ақылды да дарынды деген болатын.
Сыныптан тыс жұмыс барысында балалардың танымдық қызығуы қанағаттандырылып қана қоймайды.
Оқушылардың сыныптан тыс танымдық іс - әрекеті формалары мен әдістері олардан себеп - салдарлық байланыстарды талап ететіндей, қарапайым сұрақтардан күрделірек сұрақтарға көшетіндей етіп құрылады.
Оқу барысына қарағанда, оқушылардың сыныптан тыс іс - әрекет формалары көбірек. Балалар байқауларға, викториналарға, әңгімелерге қатынасады, ғылым мен техника жаңалықтары жөнінде баяндамалар тыңдайды, танымдық сипаттағы ойындарға қатынасады, оқылған кітаптар мен көрілген кинофильмдерді талқылайды. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен жүргізілетін танымдық іс - әрекет формасы қызығу саласына сай клубтық жұмыстар болып табылады.
Еңбектік іс - әрекет. Мектептің бастауыш сыныптарының өзінде оқушылардың олардың түсінуіне мүмкін мамандықтармен таныстыру басталады. Олар түрлі материалдармен жұмыстың қарапайым тәсілдерін меңгереді, оқу - көрнекі құралдарын жөндейді, мектепке, балабақшаға, үйге қажетті түрлі бұйымдарды дайындайды.
Бастауыш мектеп ұстаздарының тәжірибесі бастауыш мектеп жасындағы оқушылар түрлі еңбектік іс - әрекетке қатынаса алатындығын көрсетеді. Оқушының істі орындауға даярлық дәрежесін ескеріп, мұғалім еңбектің түрін таңдап алады. Сыныптан - сыныпқа көшкен сайын сабақтан тыс жұмыстар түрленіп отырады. Оқушылар оқу құралдарын, таблицаларды ретке келтіреді, түрлі коллекцияларды, гербарийлерді құрастырады, еңбек сабағы үшін табиғи материал жинастырады, т. б. Қамқорға алынған балабақша бөбектеріне, қарттар мен мүгедектерге көмекке келеді, қора – жайларды көгалдандыруға қатынасады. Еңбектік іс - әрекет нәтижесі балалардың қанағаттандыру сезімі, көңіл - күйдің көтеріңкілігін туғызады, оларды жаңа еңбек істеріне жетелейді.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың еңбектік іс - әрекеті ересектердің еңбегімен кең танысу арқылы жүргізіледі. Бастауыш сынып мұғалімдері балаларды ата - аналарының еңбегімен таныстырады, еңбек озаттары жөнінде баяндайды. Өндіріске фермерлік шаруашылық даласына, мал шаруашылығы комплекстеріне экскурсия жасаудың үлкен тәрбиелік мәні бар. Мұндай экскурсиялар ересектердің еңбектік іс - әрекетіне балалардың қатынасуымен жүреді. Бастауыш сынып оқушылары еңбектік іс - әрекеттердің қатынасулары болып қана қоймайды, олар мұғалімнің ол істерді ұйымдастырудағы белсенді көмекшілері де бола алады.
Ойын. Ойын бастауыш мектеп жасындағы оқушылар үшін әрі өз бетіндік іс - әрекеттің түрі, әрі барлық іс - әрекет түрлерінің міндетті элементі. Ойынның алып күшін кезінде Ян Амос Коменский атап көрсеткеніндей, ойында балалар өз өмірінің ең маңызды жақтарын бейнелейді. Балалар ойынына Н. К. Крупская аса зейін қойып қарады. Бастауыш мектепте балалар ойынына аса зейін қою керек. Себебі, тек ұжымдық ойындарда ғана мақсатқа тиянақты ұмтыла алатын басқаларды соңынан ерте алатын ұйымдастырушы, басшылық ететін балалар тәрбиеленеді.
Сыныптан тыс жұмыстарда балалар жасампаздық немесе рөлдік ойындарға ерекше орын береді. Бұл жастағы балалардың ойын іс - әрекеті әрдайым жасампаз болады. Ойында балалар өздерін еліктіретін белгілі бір өнегеге ұқсап бағады. Сондықтан мұғалім балалар ойынына мұқият қарап, олардың орынды өнегеге еліктеуіне жәрдем етуі керек. Оқушылардың ойын іс - әрекетінің құндылығы оның барысында түрлі қиындықтарды жеңуінде, өз тәртібін басқаратынында, батыл, жігерлі және орнықты бола алатындай ойын ұйымдастырылса, ойын өмір мектебі, өз құрдастарының ұжымына еңбек және қарым - қатынас мектебі бола алады Ойын ұйымшылдық сезімді бекітіп, баланың бастамасы мен өз бетіндігін бекітеді.
Спорттық іс - әрекет. Бұл іс - әрекет баланың денсаулығын бекітуге және күш қуатын шынықтыруға бағытталады. Қазіргі мектептің негізгі міндеттерінің бірі – денсаулығы зор жас ұрпақты тәрбиелеу. Бастауыш мектепте оқушылардың спорттық іс - әрекет үйірмелер жұмыстарын, қимыл ойындарын, оқушылар қатарларының байқауын, т. б. өткізуге лайықты гигиеналық жағдай жасаумен байланысты.
Спорттық іс - әрекетке қатынасу барысында балалардың бой түзеп өсуі қалыптасады, гигиеналық дағдылар бойына сіңіріледі, еркі мен төзімділігін тәрбиелейді. Баcтауыш мектеп жасындағы оқушылардың спорттық іс - әрекеті спорттық мекемелерді, әскери – спорттық ойындарды, көпшілік жарыстарын қамтиды. Спорттық жұмыстардың басым көпшілігіне ойынның қатынасы бар. Мысалы, бастауыш сынып оқушылары оқушылар қатарларының және әндерінің байқауына зор ынтамен дайындалады және қатынасады. Мектепте таза ауада спорттық ойындар өткізіледі. Оқушылар бастауыш сынып мұғаліміне спорттық іс - әрекеттерді ұйымдастыруға көмектеседі.
Сонымен, мектеп сыныптан тыс жұмыстарды түрлі іс - әрекеттердің тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдаланып, баланың қоғамдық мәнін мақсатты, жан - жақты және үйлесімді дамытады. Мектептегі сыныптан тыс тәрбие іс - әрекеттің мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістеріне қойылатын талаптарды бейнелейтін тәрбиенің жалпы принциптері негізінде құрылады. Дегенмен, сыныптан тыс тәрбие жұмысының өзіндік принциптері бар. Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстың бір принципі – оған оқушылардың өз ырқымен қатнасуы. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлі бағыттары мен ұйымдастыру түрлері бар. Балалардың өз ынтасы мен қабілеттерімен сәйкес істерді таңдап алу мүмкіндіктері бар. Бірақ бастауыш мектеп жасындағы балалар өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалай алмайды. Сыныптан тыс жұмыстарда тәрбие барысының ішкі қарама – қайшылықтарын айқын көруге болады. Мұғалімдер, оқушылар ұжымы жетекшілері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, ата - аналар балаларға өзін көрсете алатын іс әрекет түрлерін таңдап алу қажет екендігіне кеңес бере алады. Сыныптан тыс жұмыста балалардың жас және жеке ерекшеліктерін есепке алу принциптерінің мәні зор. Осыған сай сыныптан тыс жұмыстың мазмұны, түрі және әдістері өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер мұғалімнің тәрбие жұмысы жоспарында орын алу керек. I - II сыныптарда кітап оқу, кино және диафильмдер көру, кітап және кинофильм үзінділерін сахнаға дайындау, III - IV сыныптарда табиғатқа, өндіріске экскурсиялар, модельдеу, мектеп компьютерлерімен, құрылыс материалдарымен, металмен жұмыс, викториналарға, конкурстарға қатынасу. Осылардың барысында оқушының қылығы мен пікіріндегі жаңа құрылымды есепке ала отырып, мұғалім балалардың ерекшеліктерін тұрақты зерттейді. Сыныптан тыс жұмыс балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере құрылса, олардың әлеуметтік ортадағы кез келген қарым – қатынасын реттеуге болады. Сыныптан тыс оқушылардың бастамаларын және өзіндік іс - әрекетері болу принципін есепке алу арқылы да жүргізіледі. осы принципті еске ала отырып, мұғалім, ата - аналар, жұртшылық өкілдері, қамқоршы оқушылар іс - әрекет түрлерін ұсынады. Ұсыну қызықты істерді оқушылар өз бастамасына сай таңдап алатындай болып шығуы керек. Сыныптан тыс жұмыстың өзі де ұдайы дамиды. Бұл оқушылар құрамын, олардың қызығуын есепке алып отыруға жағдай жасайды. Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері. Сыныптан тыс жұмыстың көпшілік және жалпы түрлерін бөліп қарайды. Тәрбиенің міндеттерін шешу үшін сыныптан тыс жұмыстың жалпы түрлерін пайдаланады. Тәрбиенің белгілі бір бағытының өзіндік ерекшелігін бейнелейтін сыныптан тыс жұмыстың арнайы түрін анықтайды. Педагогика ғылымында сыныптан тыс жұмыстардың түрлерін топқа бөлу айқын қалыптасқан жоқ. Дегенмен, мектеп тәжірибесінде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру түрлерінің жүйесі айқын көрінеді.
Бастауыш мектеп жасындағы балалармен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырып, өткізуге жетекшілік рөл – мұғалімдікі. Ол ата - аналардың, жұртшылықтың, еңбек ұжымдарының, қамқоршы оқушылардың күшін біріктіреді. Сыныптан тыс жұмыстар бұл кезде оқушылар ұйымдарының іс - әрекетімен тығыз бірлікте жүргізіледі. Оқушылардың қоғамдық мәнінің әлеуметтік белсенділігін қалыптастыруға, жасампаздық қабілеттері мен дарындарының дамуына мүмкіндік береді. Сыныптан тыс жұмыстардың жалпы түріне үйірме жұмысы жатады. Үйірме жұмысы балаларды пәндік, техникалық, спорттық секцияларға біріктіреді. Бастауыш сыныптардағы үйірме жұмыстарының мақсаты – оқушыны ғылым мен техника әлеміне енгізу, жасампаздық қабілеттері мен дарындарын дамыту, оқушылардың тәжірибелік білігі мен дағдыларын қалыптастыру, үйірме жұмыстарында алған білімдерін сабақтарда пайдалануға үйрету. Бастауыш сыныптарда балалардың іске қызығуы тұрақты болмайды. Үйірме жұмыстары оқушылардың әр түрлі және кездейсоқ қызығуына да жауап беруі керек. Үйірме жұмысы жеке пән негізіндегі білім ғана емес, білімнің сан алуан аясын қамтиды. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының тиімділігіне төмендегідей жалпы педагогикалық шарттар бар: • сыныптан тыс жұмыстардың барлық түрлерінің саяси – идеялық мазмұны бай болуы керек; • олардың іс - әрекетінің мақсаты, жұмыс барысы, нәтижесі оқушыларға түсінікті болуы керек; • кез - келген жұмыс түрі оқушыларға қуаныш әкеліп, олардың танымдық сезімін оятып, олардың қабілеті мен дарынын дамытуы керек; • мұғалім сыныптан тыс жұмыстың қай түрін пайдаланбасын, оның әр оқушыға тигізетін тәрбиелік ықпалын жобалауы керек; • жұмыс түрлерін нақты және педагогикалық орынды тізбектестікте пайдалануы керек. • Бүгінгі таңда ұлттық мәдениет әдебиетінің, тілдің, әдет – ғұрып, дәстүр, салттың тағдыры мен болашағы мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты. • Тәрбиедегі басты бағыт: “Әрбір адам ең алдымен өз халқының президенті, өз отанының азаматы болу керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс”. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет – ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі. Солар арқылы ол жалпы адамзаттық әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір, ұрпақ өз кезі мен өткеннің талаптары, объективті факторлар негізінде жеткіншек ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған тәжірибе арқылы тәрбиелей отырып, өзінің ата бабаларының рухани мұрасын игере түсуі керек. Тәртіпсіздік істеген балаға қатаң сөз айтып керек емес, жылы сөзбен өзіне тартып, себебін өзіне айтқызып, істеген ісінің дұрыс бағытта еместігіне көзін жеткізу керек, бала деңгейіне дейін өзін кішіре білуің керек, әйтпесе ештеңе шығара алмайсың.