kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

12 жылды? білім беру ж?йесіне к?шу уа?ыт талабы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ерте?гі к?нні? б?гінгі к?ннен асып т?суіне ы?пал етіп, адамзат ?о?амын ал?а ?арай жетелеуші ??діретті к?ш тек білімге ?ана тіреледі. ?аза?стан Республикасыны? Президенті Н.?. Назарбаев 2007 жыл?ы 28 а?панда?ы «Жа?а ?лемдегі–Жа?а ?аза?стан» атты ?аза?стан хал?ына Жолдауында «Білім беруді? сапасын жа?арту мен ?лемдік білім стандартына с?йкес ?лтты? білім беру ж?йесін ??ру екендігі ?ажет» - деп атап к?рсетті.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«12 жылды? білім беру ж?йесіне к?шу уа?ыт талабы»


12 жылдық білім беру жүйесіне көшу уақыт талабы


С.О. Зілкенов

Павлодар облысы

Май ауданы

Көктөбе жалпы орта білім беретін

мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі



Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі–Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Білім берудің сапасын жаңарту мен әлемдік білім стандартына сәйкес ұлттық білім беру жүйесін құру екендігі қажет» - деп атап көрсетті. ХХІ ғасырда Қазақстанның білім беру жүйесіндегі жалпы және орта 12 жылдық білім беру жүйесінің енгізілуі уақыт талабы болып отыр. Қоғамымыздың әлеуметтік–экономикалық және саяси құрылымының түпкілікті жаңаруына байланысты бірінші міндет халықтық білім жүйесін жаңаша тұжырымдама жасап, жаңаша талап қоюды қажет етеді. Бүгінгі таңда алдыңғы қатарлы елдердің барлығы жалпы білім берудегі жаңа жүйені ұсына отырып, соның ішінде көпжылдық білім беру бүгінгі күннің айқын талабы екені көрінуде. Демек, 12 жылдық жалпы білім беру жеке тұлғаны қалыптастырудағы жаңа жүйесімен білім мен тәрбиенің ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын зерттеп, оны ұтымды түрде білім беруге енгізу көкейкесті мәселеге айналып отыр. Бүгінгі білім жүйесінде Д. Дьюи атап өткендей, «Үлкен өзгерістер басталуда. Ол маңызы жағынан, К. Коперниктің жаңалығына (Күн астрономиялық орталық, басқа планеталар оның айналасында шоғырланады, оны айнала қозғалады) тең болып отыр, яғни «оқушы тұлғасы орталыққа айналып, барлық педагогикалық әрекеттер оның айналасына шоғырландыра жүргізіледі». 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындап отырған мәселе. Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі өзгерістерге икемделе отырып, еркін енуіне дайындығын тың мазмұнды жаңа мектеп қана қамтамасыз ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Мәселен, алдыңғы қатарлы дамыған елдердің Финляндия, Қытай, АҚШ 12 жылдық білім беруге көшуіндегі нақты қадамдары еліміздің білім беру жүйесіне едәуір өзгеріс енгізу қажеттілігін дәйектейді. Біз бүгінгі күні осындай әлемдік білім беру жүйесіне негізделген басым бағыттарды қарастырып отырмыз. «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі- тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» - деген болатын Елбасымыз өзінің Жолдауында. Қазақстан Республикасында 12 жылдық мектеп ашу мынадай міндеттерді жүзеге асырғанда орындалады:

1.Жаңа құрылымның стандартын, тұжырымдамасын, бағдарламасын, оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарын даярлап алу;

2.Мектепке дейінгі мекемелерді, мектептік және мектептік емес мекемелерді іске қосу арқылы материалдық базаны жақсартып 1-сыныпқа дейінгі балаларды балабақшада тәрбиелеу арқылы ақыл-ойы дамыған, жан-жақты жетілген сәбилерді тәрбиелеу;

3.Бастауыш мектептен бастап олардың жеке қабілеттерін зерделей отырып, белгілі бір кәсіпке икемділігіне алдын-ала зерттеу жүргізу, олардың жан-жақты ойлау қабілеті мен дене тәрбиесін жақсарту, өз бетінше ойлауын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

4.Мектепте олардың ынтасы, әлеуметтік қабілеттері өседі, адамгершілік қабілеті қалыптасып, өз алдына мақсат қоя біледі, өзінің жеке тұлғалық пікірі қалыптасады, қоғам, адам жөніндегі ой-танымы кеңейеді. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы және орта білім беру тұжырымдамасына сәйкес 12 жылдық білім берудің басты мақсаты–өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру болып табылады. Сондықтан, жастарды білікті маман, озық ойлы азамат етіп қалыптастыру 12 жылдық білім беру негізінде жүзеге асыруға болады. Білім беру өзінің бағыттарына адам мен қоғамның өзекті мәселелерімен бірге ұзақ мерзімді қажеттіліктерге қарай толықтырулар жасап отыр. Бұл Қазақстан Республикасындағы білім берудің 12 жылдық мектеп жүйесіне ауысуын жан-жақты қадағалап, олқылық жерлерін толықтырып, қайта қарастыру мен тиімді жолдарын табуды негіздеп отыр, өйткені жаңа үлгіге көшу бұл шешуші, әрі жауапты істің бірі болып табылады, оған оқушының тағдыры тікелей байланысты. 12 жылдық білім берудің көздейтін мақсаты–еліміздегі білім беруді халықаралық білім кеңістігіне енгізу, халықаралық білім беру талабымен сәйкестікте болу, соның нәтижесінде еуропа елдері қабылдаған орта білім берудің халықаралық стандартына сәйкестендіру, білім сапасын көтеру және жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы, сондай-ақ адамның интеллектісіне, әл-ауқаттылығына, соның икемділігіне қол жеткізетін тәсілдерді қолдану арқылы қоғамның негізгі капиталын құру. Білім беруді жаңарту – үнемі алға қарай ұмтылу мен даму үрдісі, білім беруде кезең-кезеңмен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданылатын өзгерістер. Сонымен қатар, білім беруді жаңарту үрдісі салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпыұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады. 12 жылдық мектепке көшудің педагогикалық-психологиялық негіздері Әлемдік білім кеңістігінің даму тарихы, оның әр кезеңіндегі айқындалған тенденциялары әр халықтың гүлденіп өркендеуінің, қоғамдағы прогрессивтік өзгерістердің білімге байланыстылығын, жалпы білім саласының маңыздылығын дәлелдейді. Әрбір мемлекеттің интеллектуалдық, экономикалық, парасаттылық және мәдени қарымы білім саласының күйіне және оның прогрессивтік даму мүмкіндіктеріне тікелей байланысты екендігін педагогика ғылымы мен білімінің даму тарихы айқындайды. Осы тұрғыдан алғанда егемен Қазақстанның ғылымы мен білімінің стратегиясы білім беру жүйесінің ұлттық білім мен тәлім-тәрбие идеяларын сақтай отырып, әлемдік білім кеңістігіне кірігумен анықталады. Үшінші мыңжылдық жылнамасын ашып отырған бүгінгі Қазақстанның білім беру саясатындағы өзекті ой–еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саласының тұрақты дамуының басты факторларының бірі–білім екендігінде. Осынау ақиқаттың дәлелі-Қазақстан Республикасы дамуының 2030 жылға дейін межелеген стратегиясында, оны жүзеге асыруға бағытталған кезең-кезеңмен дамуының стратегиялық жоспарларында білім саласына айрықша басымдылықпен мән берілгендігінде. Қоғамда орын алып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастар білім беру ісін түбегейлі өзгертіп, оның тарихи тамырын қайта қарап жаңғыртуды талап етеді. Өткеніміз бен болашағымыздың өркендеуіне жол ашады. Өйткені ұлт тағдыры, халқымыздың әл-ауқатының жақсаруы жас ұрпақтың білім деңгейіне, мәдениетіне, өмірде өз таңдауларын дұрыс жасауға, қоғамдық қатынастарға, оны дұрыс ұйымдастыру қабілетіне тікелей байланысты. ХХІ ғасырдағы білім берудің әлеуметтік ролі болашақ қоғамның жаңа парадигмасының анықталуымен тығыз байланысты. Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтарының өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымдардың әлемдік деңгейге бет бұруы, ұлттық деңгейде қалуды көтермелеуі, ғылыми-білімнің түрлі салаларында әлемдік тәжірибені оқып үйренудің қажетті шарты екенін дәлелдеуде. Сондықтан да ел экономикасы жақсарып, алға қойған мақсаттарымыз айқындалған тұста білім беру жүйесінде өзгерістер мен қайта жаңартулар орын алуда. 2010 жылдан бастап 12 жылдық білім жүйесіне көшетінімізге байланысты республикамызда оған жан-жақты даярлықтар жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасындағы білім беруді жаңарту бір-бірімен тығыз байланысты, әрі өзара шарттас екі қағидамен сипатталады:

Біріншіден, әлеуметтік ортаның терең демократиялығы, гуманизация және гуманитаризациямен байланысты; екіншіден, тұлғаның тұтас дамуына бағыттылығы. Кеңес дәуірі кезіндегі білім беруде тұлға тек білімді меңгеруші, халықтың мәдениетін тасымалдаушы және көрсетуші болып табылатын. Ал қазіргі 12 жылдық білім берудің өзіндік ерекшелігі бар, ол тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасай отырып денсаулығын нығайту мен өзінің қоғамдағы орны мен рөлін, кәсіби қызығушылығы мен бағыттылығын еркінше таңдау, әрі меңгеру болып табылады. 12 жылдық білім беруге көшу барысында мұғалімнің дайындығына да баса назар аударылады, әрі оның келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:

- мұғалімнің 12 жылдық білім беруге көшудегі даярлығын қалыптастыру;

- мұғалімнің жоғары біліктілігі, әрі кәсіби құзыреттілігі (арнайы, бейіндік, интеллектуалдық, коммуникативтік, әлеуметтік, жағдайлық, ақпараттық, технологиялық, жалпы мәдени);

- қазіргі қоғам талабына сай білім беру мен тәрбиенің жаңа әдіс- тәсілдерін қолданудағы жан-жақтылығы;

- мұғалімнің 12 жылдық білім берудің ерекшеліктері мен артықшылықтарын жете білуі. 12 жылдық білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру қажет, оған келесідей принциптерді жатқызуға болады:

1. Жекелеу мен саралау принципі:

- мұғалім тұлғасының жеке дара ерекшеліктері, құндылық бағдары;

- мұғалімнің интеллектуалды кәсіби іс-әрекетінің ерекшеліктері (кәсіби педагогикалық білім деңгейі, ойлау деңгейі);

- оқытудың мотивациялық ерекшеліктері;

- педагогикалық рефлексия (мұғалімнің өз іс-әрекетін талдауы, өзіне оқушылардың, ата-аналардың, мұғалімдердің берген бағасымен санасуы, өзін-өзі бағалауы).

2. Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми тұжырымдылық - негіздемелік принципі:

- мұғалімнің инновациялық іс-әрекеттің тұжырымдылық негіздемесін білу;

- мұғалімнің инновациялық іс-әрекетті ғылыми тұрғыда негіздей алуы.

3. Жүйелілік, тұлға іс-әрекеттілік, тұлға-бағыттылықтар бірлігінің принципі:

- оқушыға тұлға ретінде қарау;

- педагогикалық үрдісті жүйелі түрде құрастыру;

- педагогикалық үрдістің әрбір бөлігіне сәйкес

келетін оқушының іс-әрекеттерін анықтай алу;

- мұғалім тұлғасының инновациялық бағыттылығы.

4.Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке қатысу принципі:

- мұғалімнің инновациялық педагогикалық технологиялар бойынша білімі;

- мұғалімнің инновациялық педагогикалық технологияны меңгеруі;

- мұғалімнің инновациялық педагогикалық технологияны өз іс-тәжірибесіне ендіруі;

- мұғалімнің инновациялық педагогикалық технологияны пайдалануы.

5. Ізденістік, шығармашылық, педагогикалық технологияны пайдалауы:

- мұғалімнің өз пәні, философия, психология, педагогика саласындағы ғылыми ізденістері (ғылыми, әдістемелік әдебиеттерді іздестіру, Интернетке шығу, Веб-сайттарды қарау және т.б.);

- мұғалімнің озат педагогикалық іс-тәжірибе мен инновациялық педагогикалық технологияны меңгеруі, оны тәжірибесінде түрлендіру, өзгертулер енгізу, оқу-тәрбие үрдерісін шығармашылықпен құрастыра алуы;

- мұғалімнің оқушылардың білім, білік, дағдыларды меңгеруіне мониторинг сараптама жүргізуі, өз тәжірибе-сінің кемшіл тұстары мен жетістіктерін анықтауы, шағын эксперименттік тәжірибелер мен ғылыми-зерттеулер жүргізе алуы;

- мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтап, көпшілік талқысына ұсынуы;

- мұғалімнің өз тәжірибесін педагогикалық технология дәрежесіне дейін көтеруі;

- мұғалімнің өзінің авторлық инновациялық технологиясын құра білуі және қорғай алуы.

6. Даму мен өзін- өзі дамыту принципі:

- мұғалімінің өз іс-әрекетіндегі алға ұмтылу бағыттылығы;

- мұғалімнің инновациялық іс-әрекеттерге деген оң көзқарасы, оны үйренуге, меңгеруге, пайдалануға деген құлшынысы;

- мұғалімнің өз іс-әрекетіне обьективті қарауы мен өзі бағалауы;

- мұғалімнің инновациялық педагогикалық технологияны ендірудегі кедергілерді жеңе алуы;

- мұғалімнің инновациялық педагогикалық технологияны жетілдіру бағытындағы өз білімін өзі жетілдіру жұмыстары сияқты принциптер қарастырылды. Демек, 12 жылдық мектептің ұстазы өскелең заман талабына сәйкес шығармашылыққа бейім, зерттеу жұмысы тәсілдерін қолдана алатын маман болуы тиіс. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу тұрғысында мұғалімнің кәсіптік жетілуі мен дамуы туралы көп мәселелер қарастырылуы-қалыпты жағдай. Өйткені,Ы. Алтынсариннің «Мұғалім-мектептің жүрегі» деп айтқанындай, барлық күш мұғалімге түспек. 12 жылдық оқытуды Қазақстанда енгізу педагог кадрларды қайта даярлау негізінде ғана мүмкін болады. 12 жылдық білім жүйесіне көшуде мектеп алдында негізгі үш бағытты басшылыққа алады:

1-бағыт: оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту.

2-бағыт: оқушының потенциялдық мүмкіндіктерін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту.

3-бағыт: ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту. 12 жылдық білім жүйесі бойынша бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс:

- Инварианттық компонент-мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру;

- Профильдік компонент-бейіндік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңдігін, оқытылатын пәндердің өзара байланыстылығын меңгеру;

- Тұлғалық компонент-оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты мектеп ұсынған арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру.

12 жылдық орта мектеп оқушысы нарықтық қатынастар мен ақпараттық қоғамның өзгермелі жағдайларына анағұрлым дұрыс бейімделген, жүйелі білім негіздерін тәжірибелік іс-әрекеттерге ұштастыра білетін, функционалды сауатты, өмірлік қажетті дағдылары мен кең спектрлі компетенциялары қалыптасқан, өзін-өзі дамытуға, өз бетінше табысты өмір сүруге, өзіне және қоғамға пайдалы қызмет атқаруға лайықты тұлға болуы тиіс.

Сондықтан 12 жылдық орта мектеп жүйесіне көшу кезеңінде осы елдердің сан қырлы тәжірибесін зерделеп, өз білім жүйемізде ұтымды пайдалануымыз қажет. 12 жылдық мектептегі бейіндік оқыту бәсекеге қабілетті жастарды мынадай мақсаттарды шешуге көздейді:

1. Оқушыларға бейіндік оқытудың бір бағыты бойынша білім меңгерту;

2. Өзгермелі қоршаған ортаға бейімделуге ықпал ететін әлеуметтік, кәсіптік өзін-өзі анықтау, білімін жетілдіруге арналған құзыреттерін қалыптастыру;

3. Мамандықты саналы таңдауға жағдай тудыру;

4. Оқушылардың қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне сәйкес білім мазмұнын саралау, жеке оқу бағдарламаларын құру т.с.с.

Бейіндік оқыту негіздері жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, дарынды балаларға арналған, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде жүзеге асырылады.






ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


  1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың

Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі-Жаңа Қазақстан». –

Астана, 2007. – 70 б.

  1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді

дамыту тұжырымдамасына түсіндірме // Қазақстан мектебі. –

2004. - №2. - 3-16 б.

3. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың

Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын

арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» // Ел. – 2008. –

№6 (134). - 12 ақпан. - 1-3 б.

4. Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру

тұжырымдамасы // Жоба. – Астана, 2007. - 3-9 б.

5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. - Алматы: Білім, 2001. – 93 б.

6. Жексенбаева Ү.Б. 12 жылдық білім беру – қазақ мектебінің болашағы //

Педагогика мәселелері. - 2006. - №1-2. - 43-46 б.

7. Беркімбаева Ш.К. Қазақ мектебі-қазақ ұлтының бесігі //

Педагогика мәселелері. - 2006. - №1-2. - С. 4-25.

8. Байдәулетов Ә. Ауыл мектебі: 12 жылдық білім // Педагогикалық кеңес. –

2006. - №5. - 14-15 б.223

9. Әлібеков Т. Қазақ мектебінде сапалы білім беруді қамтамасыз ету

мәселелері // ХХ ғасыр мектебі. - 2006. - №5. - 15-19 б.

10. 12жылдық білім беру және жаңа мұғалім Р.К.Алшоразова 12 жылдық

білім №8 2006 37-бет







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Директору

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
12 жылды? білім беру ж?йесіне к?шу уа?ыт талабы

Автор: Зилькенов Саниял Оразбаевич

Дата: 21.05.2016

Номер свидетельства: 329066


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства