Просмотр содержимого документа
«"Саралап-де?гейлеп о?ытуды? негіздері" »
Саралап-деңгейлеп оқытудың негіздері
Құрастырушысы: Өтегенова Б.М., пед.ғыл.кандидаты, ҚМПИ доцент
Саралап-деңгейлеп оқытудың негіздері
Жоспар:
Деңгейлеп оқытудың мақсат-міндеттері, мазмұны
Саралап – деңгейлеп оқытуда мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері
Деңгейлеп оқытудағы технологиялық үрдіс сипаттамасы
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы
жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді.
Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударады.
Технологияның жалпы сипаты
Бұл жалпы дидактикалық жүйенің бір бөлігі. Ол әр түрлі деңгейлі оқу тобына арналады.
Оқу үрдісін ұйымдастыру нысаны (формасы). Мұғалім мінез-құлқы, білімі ортақ деңгейлі оқушылармен жұмыс істейді.
Технологияның жалпы сипаты
Әртүрлі мектеп, сынып оқу тобы үшін оқытудың әртүрлі деңгейлі жағдайын жасау.
Әртүрлі гомогенді топта, сыныпта оқытуды қамтамасыз ететін әдістемелік, психологиялық-педагогикалық және ұйымдастыру, басқару шараларының кешені
Деңгейлік саралау дегеніміз:
оқушылар бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулық бойынша оқи отырып, материалды әртүрлі деңгейде игере алуы
Сондықтан міндетті дайындық деңгейі анықтаушы шарт болып табылады
Міндетті дайындық деңгейіне жету оқушының мазмұнды игеруге қойылатын ең аз қажетті талаптарды орындағанын сипаттайды
Саралап, деңгейлеп оқыту
алынған нәтиже сәйкесті меңгеру деңгейлері түрінде анықталады: а) оқушының оқу материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі меңгеруі; ә) алынған нәтижені өлшеуге болатындығы; б) оқу үдерісінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы; в) бағалаудың жетелеушілік қасиеті; г) дамыта оқытудың әдіс – тәсілдерін қолдануға ыңғайлы жағдайлар жасалуы, т.б. себептерге байланысты оқушының оқу материалын қажетті минимум деңгейінде меңгеруіне жағдай жасайды.
Басты белгілері :
Өзектілігі
Жүйелілігі
Тиімділігі
Түсініктілігі
Тәжірибе жарамдылығы
Тиімді оқуға жағдай жасауы:
меңгерудің әр кезекті деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды өсіп отырады,
білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етеді.
Деңгейлік саралау негізіндегі технология мазмұнының ерекшілігі:
жеке құрылымдарға бағдар беру;
білім мазмұнының сипаты мен көлемі, оқу жоспарының, материалының, баяндау түрлерінің дидактикалық құрылымы
I – деңгейдегі тапсырмаларға:
1) жаттап алуға лайықталған болуы керек; 2) алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс; 3) тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек;
II – деңгейдегі тапсырмаларға :
1) өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет. 2) оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар : логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.
III – деңгейдегі тапсырмаларға :
1) танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп , тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс; 2) әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер; 3) өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергіліктіжағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекті құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.
IV – шығармашылық деңгей тапсырмалары:
1) оқушылардың жинаған өмірлік тәжірбиесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін бомаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген. 2) олимпиадалық есептер; 3) берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, докладтар дайындау.
Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін
а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,
ә) психологиялық даму ерекшеліктеріне,
б) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөлу керек
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы
жаңаша өзгерген
мақсатпен оқушылардың
өздігінен танып, іздену іс-
әрекеттерін меңгертуді талап етеді
Ж.Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:
репродуктивтік деңгей-жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты
алгоритмдік деңгей-мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
Эвристикалық деңгей оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді. 4) Шығармашылық деңгей-оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:
оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
оқушының ынталандыруға;
оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;
оқушының өз білімін өз бағалай білуіне;
баға әділдігіне;
білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.
Саралау тәсілдері :
- Тапсырманың мазмұны барлық оқушылар үшін бірдей,бірақ жақсы оқитын оқушылар үшін тапсырманы орындау уақыты қысқартылады;
- Тапсырма мазмұны бір,бірақ жақсы оқитын оқушыларға көп күрделі тапсырмалар беріледі;
- Сабақтың бір кезеңінде мазмұны әр түрлі,күрделірек деңгейі де әр түрлі тапсырмалар жақсы,орташа,нашар оқушыларға беріледі;
Тиімді жолдары:
Жүйелі оқыту үрдістері арқылы оқушы өзін-өзі дамытып,өзіне баға береді.
Білім деңгейі өзгереді;
Жауапкершілігі артады;
Өз қабілетіне талдау жасайды;
Саралап оқыту -
- мұғалім оқушының оқу іс – әрекетіне , оқу материалын қабылдауға дайындығын тексеру.
-Оқудың тиімділігін үнемі талдап отыру.
- Жаңа оқу материалын меңгеру кезінде оқушыға кездесетін қиыншылықтарды алдын ала білу.
Саралап оқыту
барлық балаларды сапалы оқытуға көмектеседі. Сабақта саралап оқыту тапсырмалардың мазмұнын , орындалу уақытын өзгерту, мұғалімдердің жеке оқушыларға әдістемелік көмек беру арқылы іске асады.
Саралап оқытуды қолданып мұғалім үлгерімі төмен оқушыларға жеңіл тапсырмаларды орындатып, жақсы оқитындарды тез қарқынмен оқыта бермейді. Мұғалім , бұл уақытша шара , саралау тәсілі тапсырма орындауға үйренгенше қолданылатынын оқушыларға түсіндіреді.