kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оқыту мен oқу сaлaсындағы халықаралық зерттеудің тиімділігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

       Оқыту мен oқу сaлaсындағы халықаралық зерттеу TALIS – мұғалімдер мен мектеп басшыларына осы сaладағы сaясатты дамытуға үлес қосуға мүмкіндік беретін хaлықаралық зерттеу болып табылады.

       Ұстаздарды парасатты бағалаумен және кері байланыспен қамтамасыз ету, сондай ақ олардың жұмысын көтермелеу тиімді оқытудың қалыптасуына, дамуына және оны ынталандыруға көмектесетін қуатты құрал болады.

       Тиімді кері байланыс пен тәжрибені бағалау мұғалімнің табысы мойындалып, инновациялық оқыту әдістерінің дамуына көмектеседі.

       Тиімді бағалау мен кері байланыстың оқыту тәжірибесіне шын мәнінде ықпалы зор.Бағалау мен кері байланыс алатын мұғалімдерге қатысты, олардың көпшілігі өздерінің  оқыту әдісі өзгергенін айтқан.Сонымен қатар TALIS-тің болжамынша, инновациялық оқыту әдістеріне ерекше мән беретін бағалау мен кері байланыс жүйесі өзіндік тиімділіктің жоғары болуына байланысты.Бұл берері көп зерттеу, себебі мұғалімдер өзінің тиімділігін сезгенде, оқушылардың үлгерімі  жақсаратындығын көрсетеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оқыту мен oқу сaлaсындағы халықаралық зерттеудің тиімділігі»

7 қосымша


TALIS зерттеу мәліметтерінің 11, 18 және 24 сұрақтары бойынша талдаулар кестелері және графиктері бойынша рефлексиялық есеп


Оқыту мен oқу сaлaсындағы халықаралық зерттеу TALIS – мұғалімдер мен мектеп басшыларына осы сaладағы сaясатты дамытуға үлес қосуға мүмкіндік беретін хaлықаралық зерттеу болып табылады.

Ұстаздарды парасатты бағалаумен және кері байланыспен қамтамасыз ету, сондай ақ олардың жұмысын көтермелеу тиімді оқытудың қалыптасуына, дамуына және оны ынталандыруға көмектесетін қуатты құрал болады.

Тиімді кері байланыс пен тәжрибені бағалау мұғалімнің табысы мойындалып, инновациялық оқыту әдістерінің дамуына көмектеседі.

Тиімді бағалау мен кері байланыстың оқыту тәжірибесіне шын мәнінде ықпалы зор.Бағалау мен кері байланыс алатын мұғалімдерге қатысты, олардың көпшілігі өздерінің оқыту әдісі өзгергенін айтқан.Сонымен қатар TALIS-тің болжамынша, инновациялық оқыту әдістеріне ерекше мән беретін бағалау мен кері байланыс жүйесі өзіндік тиімділіктің жоғары болуына байланысты.Бұл берері көп зерттеу, себебі мұғалімдер өзінің тиімділігін сезгенде, оқушылардың үлгерімі жақсаратындығын көрсетеді.

Тиімді бағалау және кері байланыс жүйесі оқыту тәжірибесіне ықпал етуі мүмкін,бірақ көптеген ұстаздар өз жұмысының тиісті дәрежеде мойындалып, кері байланыс алатынын сезбейді.Ұстаздардың өзіндік тиімділігі мен тиімділігі мен оқушылардың үлгерімін жақсартудың ең тиімді жолы- ұстаздардың инновациялық жұмысын бағалап, оның жетістіктерін қоғам деңгейінде мойындау болып табылады.[Үлестірмелі материал; Алтыншы апта.3-6 бет]

«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде TALIS сауалнамасын алу үшін ең алдымен I деңей бітірген 2 орынбасарыма «Мектептің тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар» үлестірмелі материалынан TALIS нысаны бойынша мұғалімге арналған сауалнаманың маңыздылығын ескере отырып, оның мән мақсатын түсіндірдім және 43 сұраққа талдама жасадық. Өйткені сауалнама сұрақтарының мәтіні ауыр, сауалнамаға қатысушы кейбір мұғалімдерге түсініксіз болуы себепті толық, жүйелі жауаптар алу қиындығы кездесуі, сол арқылы сапасыз деректер жинақталуы мүмкіндігі ескерілді. Мектебімізде барлығы 110 мұғалім қызмет атқарады.Мeктeп мұғaлімдeрінің дaму бaсымдықтaрын анықтау мақсатындағы алынған сауалнамаға барлығы 75 мұғалім қатыстырылды.Бұл мектепте жұмыс жасайтын мұғалімдердің 68% құрайды. Сауалнамаға қатысқан мұғалімдердің көпшілігі 30-50 жас аралығындағы ұстаздар. Сауалнама алу барысында мұғалімдерге ауыр түсінуі қиын кейбір сұрақтарға бірлескен талдау жасалып, 50-55 минут ішінде алынды.

Оқыту мен оқу саласындағы халықаралық зерттеу мектеп басшылары мен мұғалімдерінің кәсіби дамуы, мұғалім жұмысын тексеру және кері байланыс жасау, мұғалім жұмысының мойындалуы, сонымен қатар көшбасшылық пен басқару сияқты жұмыс орнындағы проблемаларға талдау жасауға мүмкіндік береді.

Сауалнама қорытындысын саралай келе 11, 18, 24 сұрақтарға талдау жасалынды.

TALIS сауалнамасындағы 11 сұрақтың талдамасына тоқталар болсам, жалпы алғанда, соңғы 18 ай ішінде мұғалімдердің дені 7-14 күндік кәсіби даму курстары мен семинарларға барғандығын (12-13 сұрақтар) байқауға болады. Білім беруге қатысты курстар мен семинарларға 43 (83%) мұғалім «иә» деп жауап бергенімен, өз тәжірибесіне әсерінің зор екендігін 13 (25%) мұғалім көрсетіп отыр. Білім беру саласындағы конференцияларға қатысқан 30 (58%) мұғалімнің 19-ы (37%) тәжірибедегі әсерінің зор болатынын білдірген. Бұл деректер курстарға қарағанда конференцияларға қатысудың тәжірибеде әсері зор болатынын байқатты. Әйтсе де сауалнамаға қатысқан мұғалімдер 36 (69%) біліктілік арттыру курстарына көбірек барғысы келетіндігін (19 сұрақ) көрсетіп отыр. Сонымен қатар танысу мақсатындағы басқа мектептерге сапарлар (48%) мен мектепте жүргізілетін тәлімгерлік пен коучингтерге (35%) қатысқан әріптестердің алған білімдері мұғалімдік тәжірибеде әсері зор (77%) екендігін көрсетіп отыр.

11.Соңғы 18 айдың ішінде төменде көрсетілген кәсіби даму түрлерінің қайсысына қатыстыстыңыз, және де алған біліміздің мұғалімдік тәжірибеңізге әсері болды ма?



 

Жоқ

Әсері жоқ

Әсері аз

Әсері орташа

Әсері зор

Курстар, семинарлар

1


4

21

48

Білім беру саласындағы конференциялар


1

4

23

46

Біліктілік бағдарламасы

1



23

49

Танысу мақсатындағы басқа мектептердегі сапарлар

1

1

3

22

44



Басымдық: Түрлі кәсіби шаралар арқылы мұғалімдердің біліктілігін арттыру


18. Кәсіби даму саласындағы өз қажеттіліктеріңізді ескере отырып, төменде көрсетілген салалардың қайсысында даму қажет деп санайсыз? Әр жолдан бір жауап таңдаңыз.



 

Қажет емес

Қажеттігі шамалы

Қажеттігі орташа

Өте қажет


Сабақ беретін негізгі пәндеріңіздің мазмұны мен табыс критерийлері

1

1

25

18


Оқушыларды бағалау әдістемесі

 

 

26

48


Сыныпты басқару

 

2

30

43


Сабақ беретін негізгі пәндеріңіз бойынша білім және түсінік

 

1

25

49


Сабақ беретін негізгі пәндеріңіздің оқыту тәжірибесі туралы білім және түсінік

 

2

27

46














































































































































Басымдық: Оқыту мен оқуда кері байланысты жолға қоя отырып, білім сапасын арттыру


24.Осы мектепте алған бағаңыз және / немесе кері байласыңыз төмендегі салаларды қаншалықты өзгертті немесе өзгерістің орын алуына ықпал етті? Әр жолдан бір жауап таңдаңыз.






 

Өзгеріс болған жоқ

Аз ғана өзгереді

Орташа өзгереді

Қатты өзгереді

Сыныпты басқару тәжірибесі

1

1

26

45

Сабақ беретін негізгі пәндеріңіз бойынша білім мен түсінік

2

2

28

42

Сабақ беретін негізгі пәндеріңіздің оқыту тәжірибесі туралы білім және түсінік

1

 

26

47

Оқыту тәжірибеңізді жақсартуға бағытталған кәсіби даму жоспары немесе оқу жоспары

 

1

27

46

Білім беруде ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту тәжірибеңіз

 

 

25

48

Басымдық: Оқыту мен оқуда жаңа инновациялық технологиялардың таралуына ықпал ету

TALIS сауалнамасының нәтижелерін талдай отырып, басымдығын: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы оқушылардың өздігінен білім алуына ықпал ете отырып, бағалауды тиімді қолдану. Кәсіби және желілік қауымдастықтар арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамыту деп белгіледім және бірінші бетпе-бет кезеңіндегі МДЖ-1 анықталған басымдық: 6 сыныптарға «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулін» енгізе отырып, оқушыларды қолдау мен ынталандыруға көңіл бөлу, оқу үшін қолайлы орта қалыптастыру болса, атқарылған жұмыстар нәтижелерін саралай келе 5 айға арналған МДЖ-2 басымдығын: 2-10 cыныптарда оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы оқушылардың өздігінен білім алуына ықпал ете отырып, оқыту үшін бағалау әдісін тиімді қолдану.Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытуда кәсіби қоғамдастық ықпалын арттыру арқылы, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамыту деп белгіледім.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Директору

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Оқыту мен oқу сaлaсындағы халықаралық зерттеудің тиімділігі

Автор: Баймбетов Ұлықпан Мылтықбайұлы

Дата: 09.02.2017

Номер свидетельства: 389684


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства