kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Доклад "Де?гейлік ба?дарлама т?сіліне негіздей бас?аруда?ы зерттеулер мен ?згерістер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?азіргі  та?да  ?лемдегі б?кіл елдер  ?здеріні? білім беру ж?йелерін ?айта ?арап,  ?ар?ынды ?згеруде. Сонды?тан  мектеп директорлары ?шін де, м??алімдер ?шін де е? басты, ма?ызды м?селе болып отыр?аны: «ХХІ ?асырда нені о?ыту керек?»

Я?ни, о?ушылар білімді игеріп ?ана ?оймай, игерген білімдерін орынды жерде ?олдана білуі керек.Ол ?шін ?рбір о?ушыны? жеке даралы?ына ?атысты проблемаларды  шешуде, ынтыма?тасты? ж?ргізуде ?те м??ият болуымыз ?ажет

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Доклад "Де?гейлік ба?дарлама т?сіліне негіздей бас?аруда?ы зерттеулер мен ?згерістер"»

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 43 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

















БАЯНДАМА



«Деңгейлік бағдарлама тәсіліне негіздей басқарудағы

зерттеулер мен өзгерістер»





Мектеп директоры: Раптаева Г. М.























Тараз-2015



Деңгейлік бағдарлама тәсіліне негіздей басқарудағы

зерттеулер мен өзгерістер

Қазіргі таңда әлемдегі бүкіл елдер өздерінің білім беру жүйелерін қайта қарап, қарқынды өзгеруде. Сондықтан мектеп директорлары үшін де, мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?»

Яғни, оқушылар білімді игеріп қана қоймай, игерген білімдерін орынды жерде қолдана білуі керек.Ол үшін әрбір оқушының жеке даралығына қатысты проблемаларды шешуде, ынтымақтастық жүргізуде өте мұқият болуымыз қажет.

Ал өзгерістерді іске асыру үшін мектеп басшылары өздеріне міндетеме алып, орынбасарларымен, анағұрлым құзырлы және тиімді мұғалімдермен бірлесе отырып жүргізгені әлде қайда тиімді және ыңғайлы болады.

«Өзгерісті қалай енгіземіз?» деген сұрақ төңірегінде әнгіме жүргізсек, біздің мектепте қызмет атқаратын 116 мұғалімнің 14 ұстазы деңгейлі курстардан өтті.

Біріншікезекте, мектепке деген көз қарастарды анықтауда,жыл сайын барлық мұғалімдерден, ата-аналар, оқушылардан сауалнама алынып отырады, содан кейін мұғалімнің кәсіби біліктілігін дамыту үшін барлық ұстаздардан халықаралық деңгейдегі «Talis» сауалнамасы алынады. Жүргізілген сауалнамалардан деректер жинақтай отырып, мектептің проблемаларын анықтап, негізгі басымдықтарды жүйелейміз. Өзекті мәселелерді шешуде ақылды мақсаттар, міндеттер, күтілетін нәтижелерді анықтадық, проблемалар негізінде мектептің даму жоспары жасалады.

Өзгеріс енгізуде біз мектепте «Қоғамдастық моделін» жасадық. Кәсіби қоғамдастықтың барлық мүшелерінің арасында атқаратын қызметтері мен міндеттерін анықтадық. Бұл үрдіс негізінде мектеп мәдениеті, мектепке енгізіп дамытуға тырысып жатқан дәстүрлермен жағымды идеалдар арқылы көрініс табады.

Қоғамдастық мектеп ішінде ғана емес көптеген сыртқы оқу орындары, білім басқармалары және білім жетілдіру орталықтарымен де жүргізілуде. Осының дәлелі ретінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығымен бірлесе жүргізген іс-шараға назар аударыңыздар.[бейне көрініс, «Өрлеу»]

Мектеп аясында кәсіби білім алу бөлінген көшбасшылық бойынша жүргізіліп келе жатыр.

Көшбасшылық дегеніміз - жеке әлеуметтік қозғаушы күш емес көзге көріне қоймайтын бағыттар мен қозғалыстар арасындағы қарым-қатынас. Көшбасшылық арқылымектеп басшысы барлық оқушылардың табысты оқып, жоғарғы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіншілік алады.

XXI ғасырда оқытуды жақсарту мақсатында мектепте ұжымды толық қамтитын коучинг пен тәлімгерлік жоспарлары жасалып, жүйелі жүргізіліп келеді.

Өзгерістерді басқарып жетекшілік ету үшін мектеп директоры үш негізгі талапты басшылыққа алу керек, яғни:

  • өз ұжымында ортақ ұстаным мен құндылықтарды қалыптастыру;

  • мектеп көшбасшылығымен оны басқару туралы мықты білім мен түсінік қалыптастыру;

  • тиісті жеке қасиеттердің әлеуметтік дағдылардың болуы және адамдармен қарым-қатынас жасау өнерін игеру.

Ал өз ықпалын күшейту үшін, мұғалім жұмысының тиімділігін бақылау және эвалюациалау қажет, тәлімгерлік пен коучинг үрдісін өткізу және өткізуге жағдай жасау керек.

Сонымен қатар, оқытудағы іс–әрекеттерді үздіксіз дамытуда мектепте құрылған желілік қоғамдастықтың атқарып жатқан қызыметтеріде көрініс беруде. Өткен оқу жылында әртүрлі тақырыпта 22 коучинг, бірнеше семинар-тренингтер, кәсіби сұхбаттар өткізсек, қалалық деңгейде 6ұстаз түрлі іс-шараларда семинар-коучингтер, тренингтер берді.Мектепте биылғы жылдың 30-шы қаңтарында облыстық деңгейде коучинг-сессия өткізілді. Өзімнің облыстық «Ақ жол» газетіне «Табыстың кілті өз қолымызда» атты ауқымды мақалада осы өзгерістер туралы жарияланған болатын.

Коучинг бірлескен үздіксіз кәсіби дамудың маңызды әдісі ретінде қарастырылады, осылайша мектепте мұғалімдердің оқу мен тәжірибесін жетілдірудің мықты құралы бола алады, ал тәлімгерлік мұғалімдердің қызымет бойынша айтарлықтай жоғарлауына, жаңа кәсіби рөл жіктелуіне әкелетін, кәсіби тұрғыдан өсуіне қолдау көрсетуге бағытталған құрылымдалған және тұрақты үрдіс болып табылады.

Мысалы үшін мұғалімдер коучинг және тәлімгерлік үрдісіарқылы сабақтарында бағдарламаныңжеті модульдерін ықпалдастыра отырып, қолдануды жандандыра бастады.

Бұған дәлел сыныптағы үндемейтін оқушылардың топтық жұмыстарда белсенділік көрсетуі және білім сапасының көтеріле бастауы, әрбір оқушы мен мұғалімдердің күнделікті жүргізіліп отырған рефлексивтік күнделіктеріндегі жазбалардан байқауға болады.

Зерттеулер барысында Lesson studyүрдісін өз деңгейінде пайдаланудамыз. Бұл деп отырғанымыз оқушыларды, сыныпты сырттан бақылау.Сыныпты сырттан бақылау арқылы кезінде біз көрмеген, байқамаған қателіктерді көрдік. Оны талдаудың негізгі бағыттарын жүйелеп жүзеге асырдық. Мұнда сәтті де сәтсіз тұстары да кездесіп отырады.

Lesson study-дің маңызын түсініп, сабақтарда сәтсіздікке ұшыраған кезде сыныпты зерттеу, проблеманы анықтау мақсатында жоспарлы түрде іс-әрекеттер жасалынуы керек.

Менің ойымша осы бағдарлама аясында жұмысты жүргізу бірінші сыныптан басталса, олардың дұрыс тәрбие мен білім алып, қиындықтан шығу жолын таба алатын талантты да, дарынды балалардың қатарын көбейтуге болатындығын түсіндім. Сондықтан біз мектепте бұл өзгерісті ендіруді бірінші сыныптан бастағанымыз шындық.

Оқушы жұмыстарының деректерін жинақтай отырып, оқытуды эвалюацияладық, оның күшті, әлсіз, шектеулі жақтарын анықтадық. Жазбаша құжаттар, талданатын құжаттар, қажетті ресурстар жинақтап жүйеледік.

Оқушылардың жұмыстарының дәлелдемелерін, фото суреттер, постерлер, кері байланыстар, рефлексивтік күнделіктер, сабақтағы іс-әрекеттер т.б. дәлелдемелер арқылы көруге болады.

Зерттеулердің ішінде оқушылармен жұмыс жүргізуде өзін-өзі бағалау және өзара бағалау стратегияларының ықпалы білім сапасына өзгеріс берді.

Яғни, зерттеулер барысында барлық пәндер бойынша білім сапасы 1-10% көтерілді.

Бағларламаның ең негізгі түйінді идеяларын, яғни мектептің білім сапасын жоғарғы деңгейге көтеруде мұғалімдердің өз бетінше оқып, өз бетінше дамуы жалпы мектептің жетілуіне ықпал етумен қатар, жетістіктермен табыстарды арттырудың бірден-бір оңтайлы тәсілі болып отыр.

Cоңғы үш жылда мектебіміз халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық деңгейде пәндік, кәсіби байқаулар және тәрбие бойынша байқаулардан 334 жүлделі орындарды иеленді. Соның ішінде Халықаралық «ЭКО мектептер» бағдарламасының жоғары деңгейін жеңіп алып, Қазақстан мектептері бойынша бірінші болып «Жасыл туды» алдық.

Қорыта айтқанда, мектепте болып жатқан ауқымды өзгерістерді сын тұрғысынан зерделей отырып, коучинг пен тәлімгерліктің сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету керек, дегенмен қиыншылықтар мен кедергілер де көптеп кездеседі.

Қазіргі таңда ата-ана үнін тыңдай отырып, кері байланыстар жинақтаудамыз. Келесі кезекте жаңа тәжірбиелерді қолдану туралы рефлексия жасап, одан әрі дамыту үшін салдарын қарастыру мәселесін қолға алудамыз.

Табысты мектеп, табысты мұғалім, табысты оқушы дәрежесіне қол жеткізу өз қолымызда екенін ұмытпайық құрметті әріптестер!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Директору

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Доклад "Де?гейлік ба?дарлама т?сіліне негіздей бас?аруда?ы зерттеулер мен ?згерістер"

Автор: Раптаева Гульнара Муратбековна

Дата: 01.12.2015

Номер свидетельства: 260618


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства