kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тема урока:Весна

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тема урока:Весна

Уточнить и расширить словарь по теме "Весна".Воспитывать внимательное, бережное отношение  к природе.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тема урока:Весна»

Логопедиялық сабақ


Сабақтың тақырыбы:Көктем

Мақсаты:Оқушылардың «Көктем» туралы білімдерін кеңейту, тақырып бойынша сөздік қорларын молайту;

Міндеттері:

Білімділік: сөз тіркесі және сөзді өзгерту дағдыларын қалыптастыру. Байланыстыра сөйлеуін дамыту; сұраққа толық сөйлеммен жауап беруді бекіту.

Түзете -дамытушылық: Фонематикалық естіп қабылдаудын, ұсақ қол моторикасын, есте сақтау, зейін,ойлау психикалық үрдістерін дамыту. Дұрыс тыныс алуға жаттығу.

Тәрбиелік: оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке, махаббатқа тәрбиелеу, табиғатта өз –өздерін дұрыс ұстауға үйрету.

Көрнекі-құралдар: жыл мезгілдері суреті, көктем белгілері суреті,доп,күн, дыбыстық таңбалар, бояуға арналған гүлдердің суреті, қарындаштар.

Сабақтың барысы.

I.Ұйымдастыру кезеңі: (үстел үстінде ойыншық «күн» болады,
оқушы ойыншықты тауып алады да логопедке көңіл аударады)

Логопед: Балалар, қараңдаршы, бізге қонаққа кім келді?

Оқушылар: Күн.Жарайсыңдар!

Логопед: қәне,енді осы күнімізбен және бір-бірімізбен амандасйық.

Амансыңба, алтын күн, (Балалар күнге бағыттап өз қолдарын ашады)

Амансыңба, көк аспан, (қолдарын жоғары көтереді.)

Амансыңба, Жер ана, (қолдарын төмен түсіреді.)

Амансыңба достарым. (бір –бірінің қолдарынан ұстайды.)

Логопед: бүгінгі сабақта не туралы айтатындығымызды, мына өлең жолдарынан білетін боласыңдар.

Кун шуағын шашады,

Жауын да жауып алады.

Көктем келіп жеткенде,

Ағаштар бүршік жарады.

Дұрыс таптыңдар, қандай мезгіл туралы айтатын боламыз?

Оқушылар: Көктем

Логопед: Барлығы қуана, көктемді асыға күтуде. Ерте заманда,көктемді өзі келеді деп ойламады. Ертеде көктемді қонаққа шақырып және мынадай сөздер айтқан. Жасыл көктем! Жаса көктемКелші қонаққа! Тез келші! Өзінмен бірге ала келші... Қане, әр біріміз көктемнен сұрайық.

{Логопед оқушылардан көктемді әкелуін сұрайды: жақсы ауа райы, жылы күн, жасыл шөп, жылы жел, құстар т.б.Орындықтарына отырады).

II. Негізгі бөлім.

Логопед: Балалар, қараңдаршы. Сіздердің алдарыңызда жыл мезгілдерінің суреті тұр (тақтада 4 жыл мезгілінің суреті). Анықтаңыздаршы, сандық реті бойынша көктем нешінші тұр. Ия дұрыс,енді дәлелдеңдер, не себепті олай ойлайсыңдар? (Балалардың жауаптары. Мысалы, екінші суретте көктемнің суреті бейнеленген. Балалар суретке қарап көктем белгілерін айтды: Бұл көктем, себебі қар еріп жатыр,... құстар ұшып келді, ...балалар көктемгі киімдерін киген және т.б. ).

Логопед: Жарайсыңдар, дұрыс айттыңдар.

Логопед: Жерімізге әдіме көктем оралды. Көктем келгенін бірге сезінейік.

1. (Бетке арналған массаж).

Жасыл көктем келеді, самал беттен өбеді.– бетімізді жарқын күнмен жылытайық (бетті уқалау).

Көктемде жаңбыр болады, бақшаға гүлдер толады. – саусақ ұштарымен бетті уқалау

Тамшы,тамшы,тамшылар, көгерді ағаш, тал шынар.- шымшылау.

Кун шуағын шашады, Жауын да жауып алады.- тағыда бетті уқалау.

2. Артикуляциялық жаттығу «Көңілді тілдің қызықтары»

Көктем келді, аспанда жарқын күн шықты.Тілшік ұйқысынан оянып, ауа райын бақылау үшін, терезені ашады (ауызды ашып,жұму).Даладағы қызықтарды көру үшін, оңға бір қарайды, солға бір қарайды (сағат).Тілшік даладағы қызықтарды және ауа райын бақылап болғаннан кейін, тіс тазалауға және бетін жууға барады (тіс тазалау, бетті уқалау).Енді тілшік таңғы асын ішеді.Таңғы асқа тәтті тосап жағылған құймақпен, шәй ішеді (Тәтті тосап,құймақ пісіру, кесе). Тілшік жылы киініп далаға шығады. Аулада футбол ойнап жатқан балаларды көреді. Тілшікте балалармен футбол ойнайды (футбол). Футбол ойнап болғанан кейін, балалармен орманға барады. Орманнан көптеген өсімдіктерді, жидектерді, ағаштарды,құстарды көреді.Тілшікке құстардың ішінен тоқылдақ құсы ұнап қалады (тоқылдақ).Кенеттен тілшік шөптердің арасынан, енді өсіп келе жатқан саңырауқұлақтарды байқап қалады (саңырауқұлақ).Орманды аралап шаршаған балалармен, тілшік үйлеріне қайтады.

3. Дидактикалық ойын «Қолынды шапалақта»

Логопед: Балалар, ал, енді ұқыпты болыңдар. Мен қазір көктемге қатысты сөздерді айтамын, егер сөзді естісеңдер, қолыңдарыңды шапалақтаңдар.

Сөздер: күн жылынады, ағаштар бүршік жарады, қар ериді, жапырақтар сарғаяды, құстар ұшып келеді, боран болады, аяз, мұздар ериді,аққала жасайды, жаңбыр жауады, қар жауады, бәйшешектер шығады.

Логопед: Көктемде сонымен табиғат тіріледі, аңдар ұйқысынан оянады, Кірпіде ұйқысынан оянып, серуендеп келуді шешеді.

(логопед балалардың зейінін су-джокка аударады)

4.Су-Джок-терапия «Кірпі туралы ертегі»

Ертегілер орманында, кішкентай әдемі үйде, кішкентай кірпі өмір сүріпті.

Шарикті алақаңда көрсету.

Кірпі кішкентай болғандықтан, ол бәрінен қорқатын. Ол өз үйінен шығады да, қайта тығылып қалады.

Су-Джок шарикті бірнеше рет алақаңда ашып, жұму.

Бір күні кірпі көктемгі таңертенмен, ерте серуендеуге шықты. Ол өз үйінен шығып, жан- жағына қарап, кішкентай аяқтарымен жүгіре жөнелді. Жол өте тар,ирек.

Алақаңда шарикті алға-артқа айналдырады.

Кірпі ұзақ жүгірді. Кенеттен үлкен өзеннің қасына да келіп жетті. Өзеннің арғы бетіне өту үшін, кішкентай көпірден өтті.

Алақаңда шарикпен сағаттық тілмен және қарама-қарсы айналдыра қозғау.

Кірпі өзінің кішкентай аяқтарымен, шағын көпірден-бір қадам, екінші,үшінші,төртінші, бесінші қадам жасап-сөйтіп өзеннің арғы бетіне де жетті.

Шарикті үлкен саусақтан бастап,әр бір саусаққа жүргізу.

Ал өзеннің арғы бетінде үлкен,әдемі жап-жасыл далашық бар екен.

Алақаңда шарикті айналдыру.

Далашықта көптеген көрінетін және көрінбейтін гүлдер көп екен: бәйшешек, қызғалдақ,зағыпыран, өгейшөп,балқурай! Ертегідей өте әдемі!

Әр гүлдің атын атай отырып, шарикті үлкен саусақтан бастап,әр бір саусаққа жүргізу.

Кірпіге далашық өте қатты ұнап қалды да, тағы бір аралап-кірпі өзінің үйіне қайтты, шағын көпірден-бір қадам, екінші,үшінші,төртінші, бесінші қадам жасап-сөйтіп өзеннің келесі бетіне де жетті.

Шарикті үлкен саусақтан бастап,әр бір саусаққа жүргізу.

Кірпі тез жүгірді — бірінші ирек жолдармен, кейін түзу. Сөйтіп кірпі өз үйіне де жетті!

Алақаңда шарикті алға- артқа жүргізу.

Кеш түскенде кірпі, өз үйін жауып, тәтті ұйқыға кетті.

Алақаңда шарикті қысу.

Логопед: Балалар кірпі жап-жасыл әдемі далашықта болды, ал сендер далашықта болғыларың келеді ме?

Оқушылар: ия.

Логопед: Қәнекей,бәріміз бірге өзіміздің далашыққа саяхат жасайық.

(Логопед балалардаң көздерін жұмуды және елестетулерін сұрайды ).

Көзімізді жұмамыз. Көз алдымызға елестетеміз .

(Оқушылардың көзі жұмылып тұрғанда, логопед көктемгі далашықтың суреттерін іліп қояды. Логопед бір баладан,екінші балаға допты беру арқылы сұрақтың реттілігін бақылайды.).

5. Әңгіме құрастыру.

Логопед: Қараңыздаршы, бізге не деген керемет, көктемгі далашық ашылды. Қандай алғашқы гүлдерді көріп тұрсыңдар?

Оқушылар: Бәйшешек, қызғалдақ, және т.б.

Логопед: Тағыда не көріп тұрсыңдар? (ағашты құстармен).

Логопед: Далашықта өсіп тұрған, ағаш қалай аталады.

6. Тыныс алу жаттығу «Гүлдер»

Логопед: Көктем бізге алғашқы гүлдерді сыйлады.Терең мұрынмен тыныс алып,ауыздан иауаны шығарарда «Ах!!!» деп айтыңдар. (3-4 рет қайталайды).

Логопед: Ал мен сендерге осы көктемнің алғашқы гүлдерін бояуларыңызды және өздерініздің әдемі жайлауларынызды жасауларынызды сұраймын.

Логопед: (Логопед балаларға боялмаған гүлдерді береді: бәйшешек, ландыш, нарцисс, мимоза, бақбақ, қызғалдақ. Балалар гүлдерді бояайды).

Логопед: Балалар, бізде ғажайып көктемгі жап-жасыл далашық шықты.Жарайсыңдар!

III. Қорытынды.

Логопед:Балалар, жарайсыңдар. Сабақ бүгін өте қызықты болды. Ал сіздерге ұнадыма? Балаларға сұрақ қойылады: Саған не ұнады? Есіңе қандай қызықты сәттер сақталып қалды? Бүгінгі сабақ туралы кімге айтасың? (Балалардың жұмысын бағалау).


Мұғалім-логопед:Мәлік Анар Өміржанқызы

Қостанай қаласы , №17 орта мектеп


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Коррекционная школа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Тема урока:Весна

Автор: Мәлік Анар Өміржанқызы

Дата: 15.03.2018

Номер свидетельства: 461981


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства