Разработка открытого урока "Ашық, қысаң дауыстылар"
Разработка открытого урока "Ашық, қысаң дауыстылар"
Сабақтың тақырыбы: Ашық және қысаң дауыстылар Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ашық және қысаң дауыстылардың жасалу жолын меңгерту.
Оқушылардың ынта –қызығушылықтарынарттыру,тапсырманы ойланып орындауға дағдыландыру.Оларды ұқыптылыққа, жүйелілікке, өз беттерімен жұмыс істеуге бейімдеу.
Дамытушылық:Ойын арқылы оқушылардың танымдық іс – әрекеттерін арттыру,сөйлеу тілін дамытып,ой-өрісін кеңейту.
Просмотр содержимого документа
«Разработка открытого урока "Ашық, қысаң дауыстылар"»
«Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп – интернаты»ММ
Ашық сабақ тақырыбы: «Ашық және қысаң дауыстылар».
5 «А»сынып
Мұғалім: Аркенова С.Ж.
Павлодар қаласы 2017 жыл
Сабақтың тақырыбы: Ашық және қысаң дауыстылар Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ашық және қысаң дауыстылардың жасалу жолын меңгерту.
Оқушылардың ынта –қызығушылықтарынарттыру,тапсырманы ойланып орындауға дағдыландыру.Оларды ұқыптылыққа, жүйелілікке, өз беттерімен жұмыс істеуге бейімдеу.
Дамытушылық:Ойын арқылы оқушылардың танымдық іс – әрекеттерін арттыру,сөйлеу тілін дамытып,ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелік:Адамгершілікке,ұжымшылдыққа,белсенділікке,жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдісі: ой-қозғау, сұрақ - жауап арқылы тілдік талдау, жаттығы, сергіту. Сабақтың көрнекілігі: Интарактивті тақта, кесте, карточкалар. Сабақтың барысы:Сабаққа дайындау
Әрбір адам.Кімім?
Туысым,досым,жұрағат
Әрбір сабақ.Не істеу?
Үйрену,ұғу,ұлағат
Әрбір ісім.Не?
Тірлік,еңбек,адамдық
Әрбір сөзім.Қандай?
Шындық,бірлік,адалдық. 1. Ұйымдастыру бөлімін өткізу (Кластың қатысымын, даярлықтарын тексеріп өтемін). 2. Үй тапсырмасын тексеру. Жаттығуды тексеріп болып, Кубизм әдісі бойынша өткен тақырыптарды қайталау (Сұрақтар арқылы).
Сұрақтар: 1) Фонетика дегеніміз не? 2) Әліпбиді қалай түсінесің? 3)Қазақ әліпбиіндегі әріптердің жазылуы қалай? 4) Дауысты дыбыс дегеніміз не және оларды ата. 5) Жуан дауыстылар қалай жасалады? Дауыстыларды ата. 6) Жіңішке дауыстылар қалай жасалады? Дауыстыларды ата. Жаңа сабақ
(Артикуляциялық жаттығулар жасату) Жақтың ашылуына қарай дауысты дыбыстар ашық және қысаң болып екіге бөлінеді (таблицадан көрсетемін).
Тілдің қатысына қарай:
Жуан: а, о, ұ, ы, у.
Жіңішке: ә, ө, ү, і, е, и, у, э.
Жақтың қатысына қарай:
Ашық: а, ә, о, ө, е, э.
Қысаң: ы, і, и, у, ү, ұ.
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Ашық дауыстылар: а, ә, о, ө, е, э Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз. Қысаң дауыстылар: ы, і, и, у, ұ, ү.
Ендеше балалар,біз бүгін екі топқа бөлініп,ойын –жарыс сабағы арқылы білімімізді толықтырамыз.І- топ .Ашық дауыстылар.ІІ- топ Қысаң дауыстылар.
Топпен жұмыс
Сөздік диктант жазу.(әр топ өзднріне қатысты сөздерді оқиды) Ашық дауысты сөздер: жаз, орақ, еңбек, қонақ, тағалау, сәукеле. Қысаң дауысты сөздер: күн, қызыл, Ақтөбе, күндізгі, құндыз, мыс.
Тақтамен жұмыс.
Ашық дауысты дыбыс қатысқан 7 туыстық атау жаз. (Әке, әже, әпке, жеңге, жезде, немере, шөбере) Қысаң дауысты дыбысы бар 5 ұлттық тағамның атын жаз. (Ірімшік, шұжық, қымыз, құрт, уыз).
Өз беттерімен 246 – жаттығуды орындату.Ашық,қысаң дауыстарды бөлек теріп жазу.
Назгүл мен Таймас суреттегі заттардың атын жазу.
Көз жаттығулары (слайд)
Мәтінмен жұмыс.Екі топқа мәтін беремін.Өз беттерімен оқисындар, рөлге бөлініп көрініс көрсетіп ,мәтінге ат қоясыңдар.
І- топ Мәтінге ат қою ,көрінісін көрсету және ашық сөздерді теріп жазу.
Екі дос үй-үйдің арасымен әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі – Ақселеу де, екіншісі – Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын. Бір үйдің жанынан өте бергенде, дәу қара төбет абалап үріп шыға келді. - Ақселеу, қаш, әне, ит келіп қалды!- деп, Абыз айғайлап жүгіре жөнелді. - Ақселеу жерден бір шыбық алып, қашпастан итке қарсы ұмтылды. Бірақ оның шалбары жырым-жырым болды. Абыз Ақселеудің жанына келіп: - Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашсаң, сен де аман қалатын едің,- деді. - Мен қашсам, денсаулығың жоқ,алысқа жүгіре алмайтын сен тұтылып, мен құтылатын едім. Сені қорғап қалу үшін әдейі қашпадым,- деді Ақселеу. - Ақселеу бала да болса, азамат екен!- деді екеуінің әңгімесін тыңдап тұрғанбір ақсақал сүйсініп. ІІ – топ Мәтінге ат қою ,көрінісін көрсету және қысаң сөздерді теріп жазу.
Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты. Үйіне барып, жақсы киімдерін киіп, қайта келіпті. Бұл жолы үй иесі Қожаға төрден орын беріпті. Ет келгенде: - Қожаеке, алыңыз,алыңыз!- деп қадірлепті. Қожа етті жемеді, табаққа шапанының жеңін малып: - Же,шапаным ,же,- деп отыра беріпті. Үй иесі өкпелеп: - Сіз о не қылғаныңыз, шапан ет жей ме?- дейді. Сонда Қожа: - Cен мені сыйламайсың, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан жеңіме жегізіп отырғаным ғой,- деп жауап беріпті.
Енді «Білімімізді сынайық!»сайысы,яғни, І топ жұмбақтап сөз айтады ,ІІ топ шешуін табады. Сосын ІІ топ ,І топқа қояды, олар шешуін табады.Сонда қай топ шапшаң білімді екенін көреміз.Ажырату қай дауысты сөзге жатады.
І- топ.
1.Қиыстырып,тауып сөйлейтін сөзге ұста адам (шешен)
2.Тез ашуланатын адам (ашушаң)
3.Айтқанға сене салатын,еш нәрсені байқамайтын адам (аңқау)
4.Көрінгенге соқтыға беретін адам (ұрыншақ)
ІІ – топ
-1.Керексіз көп сөйлейтін адам (мылжың)
-2.Бойы ұзын адам (Бойшаң)
-3.Әркімнің сыртынан жаман сөз айтып жүретін адам (өсекші)
-4.Бір сыныпта оқитын балаларды бір сөзбен айтқанда (сыныптас)
Тәрбиелік жақтарын аша кету.
Сергіту сәтін жасау.(слайд)
«Қай топ шапшаң»ойыны
Көп нүктенің орнына тиісті дауысты дыбысты қойып жаз. ... депті бала, бір ж... шік алма,... лең айт, ағаш к... пір, с... р көйлек, ақша б... лт, қыран б... ркіт, бір... йір жылқы, қол... рақ.
Назгүлмен мен Таймас берілген сөзді көшіріп жазып,оқып беру.