kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кызыкты ойындар

Нажмите, чтобы узнать подробности

кызыкты ойындар. 4 сыныпка арналган. Оте кызыкты сабак.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кызыкты ойындар»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қызықты ойындар»

Мақсаты:

  1. Балаларға ұлттық ойындар туралы мағлұмат беру және білімдерін кеңейту.

  2. Балалардың ой-өрісін кеңейту, есте сақтау, логикалық ойлауын, танымдық қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту.

  3. Салауатты өмір салтын ұстануға, ойынға деген қызығушылыққа тәрбиелеу. Бір – біріне көмектесе отырып, достық, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Ұлттық ойындардың суреттері, арқан, белбеу, орамал, сақина, қоржын.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын.



Өтілу барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық «Жүректен жүрекке» балалардың бір-біріне деген мейірімді, жылы сөздерін және тілектерін айту.

Бүгін біз қазақтың ұлттық ойындарын ойнаймыз: «Қызықты ойындар»

ІІ. Негізгі кезең.

1.Сұрақ – жауап

- Балалар , ойнағанды жақсы көресіңдер ғой? (жақсы көреміз)

- Қандай ойындарды білесіңдер? (сақина салу, асық және т.б. ойындар)

- Кім қандай ойынды жақсы көреді? (футбол, қуып жет)

- Кім қандай қазақтың ойындарын біледі? (асық, белбеу тастау)


2. Ойындарды ойнату:


- Ойын: «Сақина салу» (Ақшамшық).

Ойынға бірнеше адам қатысып, ортаға бір баланы немесе бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын ережесі бойынша барлығы дөңгелене отырып, екі алақанын бір - біріне қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізуші алақанындағы сақинаны кімге салса да өз еркі. Ол барлығының алақанына сақина салған болып шығысымен, «Тұр сақинам, тұр», - деп, немесе «Ақшамшығымды бер!» деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған адам орнынан атып тұруға тиісті, «Сақина менде», - деп. Оны көршісі ұстап алмай қалса, жұрт алдында өз өнерін көрсетеді немесе сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

  • Біз ойнап жатқан ойын қалай аталады? \ сақина салу немесе ақшамшық , кейбір кітаптарда «ақшымшық» деп те жазылып жүр – ұллтық ойынның бір түрі\

  • Ұлт ойындары атадан – балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырған ба? \Иә, осылайша бізге ата-бабамыздан мұра боп қалған құндылық\

  • Ұлттық ойындардың қандай пайдасын білесің? \Ойын тек адамның дене күш – қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т. б. тәрбиелеп қана қоймай, адамның ақыл – ойының толысуына, есейіп өсуіне де көп пайдасын тигізеді\

  • Қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін білесің бе?
    Қазақтың ұлттық ойындары бірнеше түрге бөлінеді. Олар: Аңға байланысты, малға байланысты, заттармен ойналатын , спорттық – күш сынасу, шымыр болуға бағытталған және ептілікті, байқағыштықты, алғырлықты, ой жүйріктілігін жетілдіретін ойын түрлері өте көптеп саналады

  • Қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін ата? Асық ойындары, ат ойындары- «Көкпар», «Бәйге» т.б, «Жұмбақ жасыру» , «Санамақ», «Айгөлек», «Қапшықпен секіру», «Арқан тарту», «Орамал тастамақ», «Соқыр теке», «Алақан соқпақ» «Дауыста атыңды айтам, және тағы да өте көп.



3.Ойын : «Соқыр теке»
Балалар дөңгелене тұрады. Бір баланың көзі байланып қойылады.
Балалар: Бота, бұзау, қозы, лақ
Қайда кеткен құлыншақ
Соқыртеке бақ - бақ
Мені ізден тап - тап
Деп тақпақтайды.
Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы(баларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады. Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «соқыр теке» ролін атқарады. Ойын осылайын жалғаса береді.

4.Ойын: «Санамақ»
Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады. Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай, кідірмей аттап жүріп айтуы керек. Тоқтамай қателеспей айтып шықса, жүлде алады. Егер қателессе ойыннан шығады. Мысалы: жаңылмай «А»-дан басталатын 10 қыздың немесе 10 ұлдың атын атауы керек.





ІІІ. Қорытындылау:

Бүгін біз қандай ойындар ойнадық? \«Сақина салу», «Соқыр теке», «Санамақ», «Арқан тартыспақ» барлығы қазақтың ұлттық ойындары.

Сабақ сендерге сабақ ұнады ма?

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Коррекционная школа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Кызыкты ойындар

Автор: Нуржанова Райхан Каусатовна

Дата: 06.10.2017

Номер свидетельства: 431054


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства