фитнес – аэробика жаттығулары
Мақсаты:
- фитнес – аэробика жаттығулары арқылы қатысушылардың дене тұлғасын жетілдіру, көңіл күйін көтеру;
- салауатты өмір салтын насихаттау;
- қатысушылардың қимыл үйлесімділігін дамыту;
- аэробика элементтерінің негізгі қимылдарын үйрету;
- ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу;
Өткізілу мерзімі: апталық күндері 15-20 минут сабақ алдында, апталықтың соңғы күні 1 сағат өткізу
Мамандармен өткізілетін фитнес – аэробика жаттығулары
- «Step» - бір орында адымдау. Б.қ. аяқ бірге, қол белде. 1-4 адымдап екі қолды жоғары көтеру, терең дем алу.5-8 адысдап екі қолды төмен түсіріп, дем шығару.
- «Step - touch» - оңға, солға адымдау. Б.қ. аяқ бірге, қол белде.
1- оң аяқпен оңға адымдау, 2-аяқты бірге қою, 3-сол аяқпен адымдау, 4-аяқты бірге қою.
- «double step-touch»- оңға, солға 2 рет адымдау; б.қ. аяқ бірге қол белде. 1-3 оң аяқпен оңға қадам басу, 2-4 аяқты бірге қою. 5-7 солға қадам басу, 6-8 аяқты бірге қою.
- «V-step» Б.қ. аяқ бірге, қол белде. 1-оң аяқпен қиғаш бағытта алға қадам басу, 2-сол аяқпен қиғаш бағытта алға қадам басу, 3-оң аяқпен артқа қадам басу, 4-сол аяқпен артқа қадам басып екі аяқты біріктіру;
- «mambo» 1- оң аяқпен алға қадам басу, 2-оң аяқпен артқа қадам басу, 3- оң аяқ алға, 4-оң аяқпен артқа қадам басу; Сол аяқ бір орында тұрады, әр қадам басқан сайын жартылай көтеріліп тұрады;
- «open-step»- ашық қадам. 1-жартылай отыру, 2- оң аяққа жартылай отыру, 2-оң аяққа жартылай отырып, сол аяқтың ұшына қою, 3-жартылай отыру, 4-сол аяққа отырып, оң аяқтың ұшына қою.
- «knee up» -балтырды артқа сермеу. Б.қ. қолды кеуде алдында, 1-8 оң аяқты артқа сермеу, 1-8 сол аяқты артқа сермеу, 1-4 оң аяқты артқа сермеу, 1-4 сол аяқты артқа сермеу, 1-2 оң аяқты артқа сермеу, 1-2 сол аяқты артқа сермеу, 1-оң аяқты артқа сермеу, 1-сол аяқты артқа сермеу;
- «grape wine»- оң, сол жаққа айқастыра адымдау. 1-оң аяқпен оңға адымдау, сол аяқты оң аяқтың артына қою, 3- оң аяқпен оңға қадам басу, 4-сол аяқты оң аяқпен бірге қою.
- «jumping jack»- секіру. Б.қ. аяқ бірге қол жанда. 1-оң аяқпен сәл жоғары секіріп, қолды жоғары көтеріп шапалақтау,2-б.қ.келу,3-сол аяқпен сәл жоғары секіріп, қолды жоғары көтеріп шапалақтау,
4- б.қ. келу.
- «step» бір орында адымдау. Б.қ. аяқ бірге, қол белде. 1-4 адымдап екі қолды жоғары көтеру, терең дем алу.5-8 адысдап екі қолды төмен түсіріп, дем шығару.
Стречинг
- б.қ. аяқ алшақ, 1-сол құлақты жоғарыдан оң қолмен ұстап, созу; 2- оң құлақты жоғарыдан сол қолмен ұстап созу;
- Аяқтың ұшына тұрып, қолды жоғары көтеріп тартылу;
- Қолды алға созып тарту ішке, сыртқа, жанға;
- Қолды аяқ ұшына жеткізу;