kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білек,саусақ қимылдарын дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білек,саусақ қимылдарын дамыту.Ашық сабақ.Жеке  үйден оқыйтын оқушымен өткізген сабақ.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білек,саусақ қимылдарын дамыту»

Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты


Бекітемін_________

Директордың ОІ жөніндегі

орынбасары А.К.Биисова

«_____»«____»2016ж




Тақырыбы: «Білек,саусақ қимылдарын дамыту»












Өткізген: Т.М.Таскайрова








Орал қаласы

Сабақтың тақырыбы:Білек,саусақ қимылдарын дамыту. Білімділік мақсаты:Саусақ ,білек қозғалысының үйлесімділігін жетілдіру. Түзету мақсаты: Саусақ қимылдары мен білек қозғалыстарын әртүрлі жаттығулар мен ойындар арқылы,құм терапиясын пайдалана отырып сенсорлық қабілетін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Ептілікке,төзімділікке,ұстамдылыққа, ұқыпты болуға тәрбиелеу. Қажетті құралдар: қораптағы құм,түтікше,уақ ойыншық (құрастырмалы). Аяз атаның суретінің шаблоны, сулы шүберек,қыстырғыштар,көк түсті қағаз. Көрнекілігі:Бес саусақтың ізі түсірілген сурет,Аяз ата салынған дайын суреті. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі: 2)Психологиялық әзірлік. Қуанамын мен де, 
Қуанасың сен де. 
Қуанайық достарым, 
Арайлап атқан күнге. 
Жыл мезгілі,айы,күннің жады сұралады. Қазір жылдың қай мезгілі ? Қыс мезгілінің қандай айы ? Желтоқсанның нешесі? Психомоторика және сенсорлық үдерістерді дамыту сабағы. Көңіл күйің қалай? Олай болса,көңілді отырып,бүгінгі сабағымызды бастаймыз.Бүгінгі сабағымыз күндегі сабақтан ерекше.Себебі бүгін бізге қонақтар келіп отыр. II.Өткен сабақты еске түсіруге. Өткен сабағымызда қандай ойындар ойнап едік ? Қол бөліктерін есімізге түсірейік.Саусақ,алақан,білезік,шынтақ,қар,иық. (мұғаліммен бірге айтып қайталау). III.Жаңа сабақ. Қазір мен бір өлең оқып беремін.Осы өлеңде не туралы айтылғанын есіңе сақта. Жалғыз саусақ тіпті де, Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамды, Жүгіртеді қаламды. Өнерлі екен он саусақ, Қала салсақ,жол салсақ. Өлеңде не туралы айтылған? Олай болса,бүгін біз саусақ,қозғалыстарын дамытуға арналған жаттығулар орындап,ойындар ойнаймыз. 1)Суретпен жұмыс.Қолдың ізі салынған сурет.Саусақтарды атау.Бас бармақ,балаң үйрек,ортан терек,шылдыр шүмек,кішкентай бөбек. (Оқушы мұғаліммен бірге қайталайды) 2)Саусақ жаттығуларын орындау. «Сәлемдесу» жаттығуы. Ең алдымен саусақтарымызды бір-бірімен сәлемдестіріп аламыз.Бас бармақ балаң үйректі,бас бармақ пен ортан терек,бас бармақ пен шылдыр шүмекті,бас бармақ пен кішкентай бөбекті беттестіріп сәлем сөзін бірге айтамыз. Саусақ, қолдың қажеттілігі туралы оқушымен бірге мұғалім әңгімелейді. 3) Құм терапиясы. Қазір алдыңдағы құмға алдымен оң қолыңның ізін түсір,енді сол қолыңның ізін түсір. «Қазына табу» ойыны.Құмның арасына жасырылған уақ ойыншықтарды түгел тауып құрастыру. «Шырша жасау» ойыны.Құмнан шыршаның мүсінін жасату. Логопедиялық жаттығу. Түтікше беріледі.Осы түтікшемен стакандағы суға үріп дыбыстың жәй қатты шыққанын айыра білу қажет. Сергіту сәті. Күмбір-күмбір күйі бар, Құлағыңа құйып ал. Домбырадай киелі, «Қара жорға» биі бар.Бидің қимылдарын әуенмен орындау. Айдана біз қайда барғанда билейміз? (Мерекелерге,қонаққа барғанда билейміз). Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар? (Елбасы күні,тәуелсіздік,жаңа жыл) Жаңа жылда бізге кім сыйлық алып келеді?(Аяз ата) Олай болса,бізге аяз ата көп сыйлық алып келсін деген тілекпен аяз атаның бейнесін алдымыздағы шаблоннан бастырып алайық. Кәне,көрсетші !Аяз атаның үстіндегі шапанының түсі қандай? (оқушы,мұғаліммен бірге түсін айтып әңгімелейді).Алдыңда тұрған түсті қағазды бөлшектеп жыртып,желіммен жапсырып,аяз атамызды киіндірейк(дайын бұйым ілінеді). Оқушы жұмысын көрсетіп мадақтау. IV.Бекіту.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай болды? 1).Білек,саусақ қимылдарын дамыту. 2).Білек қозғалыстарын жетілдіру. 3).Бес саусақтың атауларын айту?(Бас бармақ,балаң үйрек,ортан терек,шылдар шүмек,кішкентай бөбек). 4)Қандай ойындар ойнадық? Қазына табу. Шырша жасау. 5).Қандай би қимылын орындадық.«Қара жорға»би қимылын. 6).Шаблонмен жұмыс.(Аяз атаны түсті қағаз арқылы киіндірдік).

Оқушыны мадақтау. Сабақ аяқталды ,сау болыңыз!



1).Білек, саусақ қимылдарын дамыту.





















2).Білек қозғалыстарын жетілдіру.











3).Бес саусақтың атауларын айту? Бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек,кішкентай бөбек.











4)Қандай ойындар ойнадық? «Қазына табу».

«Шырша жасау».





5).Қандай би қимылын орындадық. «Қара жорға» би қимылын.







6). Шаблонмен жұмыс. (Аяз атаны түсті қағаз арқылы киіндіру).


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Коррекционная школа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Білек,саусақ қимылдарын дамыту

Автор: Таскайрова Тлекши Муратбековна

Дата: 07.02.2017

Номер свидетельства: 389123


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства