Сабақтың кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
І. ПДК | Оқушының сабаққа дайындығын тексеру. Шаттық шеңберіне шақыру. Амансың ба күн! - Дәптерім менің әдемі, Амансың ба дос! Сүйеміз біз Амансың ба шеңбер Қоршаған бар әлемді Баршаңызға сәлем! Кел балалар қуанып, Шаттық шеңбер құрайық. Қолымызды бір соғып, Күннің нұрын алайық Шапалақтап қол соғып Жерден қуат алайық. Айналаға бір қарап, Сәлеметсіз бе деп айтайық! - Береке орнына отырып оқу құралынды дайында! | Береке орнынан тұрады, мұғалімнің қолынан ұстап, шеңберге тұрады. Мұғалімнің айтқан сөздерін қимылдарын қайталайды, білгенін айтады. Қол соғады. Күнге қол созады. Қол соғады. Айналаға қарайды. Сәлем береді. Оқу құралдарын дайындайды. |
ІІ. Негізгі бөлім | | |
Қызығушылығын ояту | - Береке, үй ішіндегі дөңгелек заттарды көрсетіп бересің бе? Қажет жағдайда көмектеседі, затты атайды (доп, люстра-шамның айналасы, ас ішетін тарелке. Қажет жағдайда көмектеседі, затты атайды (үйдің шатыры). | Заттарды көрсетеді. Білген атауларын айтады. Қайталайды. Заттарды көрсетеді. Білген атауларын айтады. Қайталайды. |
Қыс мезгілі жайлы білімді тиянақтау | Қысты қандай ойын ойнауға болады? Қажет жағдайда көмектеседі, ойын атын атайды (сырғанақ тебу, аққала жасау ойыны). Аққала жасау ойыны туралы қысқаша мәлімет беру. Суреттермен жұмыс.   | Білгенін атайды, қайталайды. Суреттерді қарайды, мұғалімнің айтқанын қайталады. |
Сурет дәптерімен жұмыс, пішіндерді бастыру | Аққаланы дайын пішіндерден құрастыру. денесі, мұрны, көзі бар.    Денесі – дөңгелек, мұрыны мен бас киімі – ұшбұрыш. Үш дөңгелектен, екі ұшбұрыштан тұрады. Ал, енді Береке суретке қарап мына пішіндерді сурет дәптеріне бастырасың. Пішіндердің дұрыс орналастыруын бақылау. | Дөңгелектерді суретке қарап аққала құрастырады. Қайталайды. Сурет дәптерін ашып, дөңгелектерді мұғалім көмегімен бастырады. |
Серігіту сәті | Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Алақанды ашамыз, Он саусақты қосамыз! | Береке қимылды жасайды. Білгенін қайталайды. Саусақтарын бір-біріне түйістіреді. |
Тәжірибелік жұмыс - дайын бастырылған суретті бояу | Дұрыс бояудың ережесінің сақталуын, түстердің дұрыс қолдануын бақылау. Қажет жағдайда көмек беру. | Қажетті түсті қарындашты пайдалана отырып бояйды. |
ІІІ. Қорытынды бөлім | | Сұрақтарға жауап береді. - Аққала суретін салдым. - Дөңгелек, ұшбұрыш боядым. |
Смайлик беріледі. | Өз қуанышымен бөліседі. |