Просмотр содержимого документа
«Ойын арқылы балалардың сөздік корын дамыту жолдары»
Тақырыбы: Ойын арқылы балалардың сөздік корын дамыту жолдары
Орындаған Курманжанова Г.У.
Ойын - халықтың баланы әдептілікке дұрыс сауатыллықа баулитын құрал
Әр ұстаздың мақсаты – сабақты тартымды, қызықты өткізу. Бұл мақсатқа ойын элементтерін қолдану арқылы оңай жетуге болады. Ой – ойыннан басталады десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын арттыратын, сөздік қорын молайтатын – ойын.
“Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, қызметтің, жумыстың маңызы қандай зор болса, нақ сондай маңызы бар”
Оқу – тәрбие негіздерінің бірі ұлттық ойындар болып табылады. Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей-тегжейлі білу баланың санасына ойын арқылы жасайтынын сіңіре білуді көздеген. Ойын бала табиғатмен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспек емес. Ұлттық ойындардың берер пайдасы: баланы мергендікке, ептілікке баулиды. Бұған коса аяқ-қолдың жұмысын жақсартып, денсаулыққа пайдасы көп. Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, тез жылдам сөйлеуге жаттықтыруға - ойын бірден-бір таптырмайтын құрал.
Сюжетті рөлдік
ойындар
Балалардың ойын дамытып, тіл байлығын арттырады. Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгертуге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамытады. Өз ойын еркін жеткізіп, қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым – қатынасқа түсіп, сөйлеу қабілеттерін қалыптастырады .
Менің отбасым
Дүкенші
Гүлзаршы
Гүлзаршы
Шаштараз
Дәрігер
Азпазшы
Құрылысшы
Тігінші
Ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі
Сюжеті немесе мазмұны
Құрылымдық элементтер
Ойын әрекеттері, рөлдер
Ойынның түпкі ниеті
Ойынның түпкі ниеті
Бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы ережесі. \аурухана, дүкен\
Сюжеті немесе мазмұны
Бұл ойынның жанды тұлғасын құрайтын ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуының, жан-жақтылығының және өзара байланыстылығын анықтайды. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді. Ойнауға деген ықыласын, ынтасын арттырады.
Ойын әрекеттері, рөлдер
Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні бала атқаратын рөл. Ойын процессінде рөлді немесе сюжетті рөлді ойындар деп бөлінеді. Рөл әрқашан адамғанемесе жануарға, ол қиялдағы қылықтарға, іс-әрекеттерге, қарым – қатынастарға қатысты болады. Солардың бейнесіне енген бала сол өзі қалап алған нәрсеге айналып, яғни белгілі бір рөлді ойнайды.
Ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі
Ойын процессінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез – құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайтын немесе реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді.
Балалық шақ – адамның ең бақытты және уайымсыз кезеңі ғана емес, бұл тұлғаның қарқынды қалыптасу кезеңі