kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Д.Локк және Ж.Ж Руссоның педагогикалық көзқарастары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Д.Локк және Ж.Ж Руссоның педагогикалық көзқарастары.Д.Локк және Ж.Ж Руссоның педагогикалық көзқарастары.Д.Локк және Ж.Ж Руссоның педагогикалық көзқарастары.мммД.Локк және Ж.Ж Руссоның педагогикалық көзқарастары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Д.Локк және Ж.Ж Руссоның педагогикалық көзқарастары»

Д.Локк және Ж.Ж Руссоның педагогикалық көзқарастары.

Жоспар:


  1. Д.Локктың педагогикалық көзқарастары.


  2. Д.Локктың жұмысшылардың балаларын тәрбиелеудегі демократияға қарсы көзқарасы


  3. Ж.Ж Руссоның педагогикалық теориясы


  4. Табиғи және еркін тәрбие теориясы


Лекцияның мәтіні:

Д.Локктың философиялық көзқарасының қалыптасуына Бэкон мен Декарттың шығармалары әсер етiп, таным теориясын зерттеп, табиғат дүниесiндегi нақты құбылыстарды тану тұрғысынан сенсуалистiк жолды ұстанды.

Д.Локктың сенсуалистiк философиясы схоластикалық және дiни уағыздардағы елестеулер мен идеяларға және адамгершiлiк қасиеттердiң адамның туысынан пайда болатындығы жайлы көзқарасқа қарсы тұрды. Оның дәлелдеуiнше, идеялар және мемлекеттi билеу қабiлетi туғаннан болмайды, қайта адамның дамып жетiлуiндегi тәрбиеге байланысты. Сөйтiп, Локктың көзқарасы өз кезiнде прогресшiл мәнге ие болды.

Бiрақ Д.Локктiң философиясы дуалистiк ерекшелiгiмен сипатталынады. Оның ойынша сыртқы тәжiрибемен бiрге ақылдың өзiндiк әрекетi болып саналатын iшкi тәжiрибе де болады. Ол объективтiк дүниенiң бiздiң санамызда елестеуi ақиқат-шындық бола алмайды деп күмәнданады.

Д.Локктың педагогикалық көзқарастары “Тәрбие жөнiндегi ойлар” және “Ақылды тәрбиелеу туралы” атты еңбектерiнде ашылған. Оның пiкiрiнше, тәрбиенiң мақсаты өз жеке басының iсiн ойластырып, жүйелеп орындайтын, өз мүддесiн iске асыруда бар мүмкiндiктерiн қосатын ақсүйектердiң балаларын тәрбиелеу. Ақсүйектердiң жас ұрпақтарына тәрбиенiң бiр саласынан ғана тәрбие бермей, дене және адамгершiлiк тәрбиелері берiлуiн қолдады.

Д.Локк мектептердегi оқу-тәрбие жұмыстарына көңiлi толмай, қайта мектеп оқушыларды терiс мiнез-құлыққа итермелейдi, сондықтан ақсүйек баласының үй тәрбиесiнен бiлiмдерi мен дағдылары мектептен артық деп санаған.

Ол дене тәрбиесiн ерекше бағалаған, “мықты дене, мықты рух” болса, дене күшi мықты, ауа-райының құбылысына бейiм, қатаң режимге тәрбиелеудiң қажеттiлiгiн айтып, баланы ерлiкке және табандылыққа үйрететiндiгiн ескертедi. Локк шығармаларында адамгершiлiк тәрбиенi кеңiрек қарастырады. Ол адамгершiлiк қасиеттер мен сапаларға: кiшiпейiлдiлiкке, ұстамдылыққа, әдiлеттiлiкке және сақтыққа тәрбиелеу керек деп есептеді. Ол сондай-ақ, ақыл-ой тәрбиесі білімді, іскер адамды қалыптастырады, еңбек тәрбиесі өнерді игеруге септігін тигізеді деп санады.

Ақсүйек баласын жан-жақты тәрбиелеуде жеке ерекшелiктерiн ескерiп, нақты әдiс-тәсiлдер арқылы тәрбиелеуде мынандай ұстанымға негiзделуi тиiс: тәрбиенiң табиғатқа сәйкестiлiгi; баланың табиғи жас өзгешiлiктерiн айқындау; тәрбиеде сүйiспеншiлiкпен қатар қаталдықтың болуы. Балаларды тәрбиелеуде олардың табиғи ерекшелiктерiн, талаптары мен талғамдарын, қызығушылықтарын дұрыс пайдалану тәрбиенiң сапалық деңгейiн арттырады.

Сонымен қатар Д.Локк тәрбие әдiстерi жайлы құнды амалдарды: үлгiөнеге; жаттықтыру; әдет-дағдыларға үйрету; әңгiмелесу, пiкiр алысу; қызығушылығы мен ынтасын қанағаттандыру; намыс пен терiс ұғымдарға назар аудару сияқты тәсiлдердi тәрбие жұмыстарында пайдаланудың қажеттiлiгiн көрсетiп бередi.

Оқытудың мазмұнына келгенде Д.Локк ақсүйек баласына берiлетiн бiлiм оның практикалық iс-әрекеттерiн ұтымды ұйымдастыра бiлуге, айналасын қоршаған өмiрден өз орнын табуға, өздiгiнен ой қорытындысын жасауға, кез-келген қиын жағдайларда орынды жол табуға үйретiп дағдыландыруға тиiс деп есептейдi. Әрбір пән оқушыны өмірге даярлайды деген пікірде болды. Негізгі дидактикалық ұстанымы - оқытуда баланың қызығушылығы мен ізденімпаздығына сүйену. Ал оқытудың әдiстерiне келгенде баланың ойлау қабiлетiн дамытуда ойлау операцияларын дұрыс қолданып, бiлiмдердi жинақтап, топшылау, деректерге негiзделген қорытынды ойды бiр-бiрiмен ұштастыра бiлу, ой қисынын жасау ақылдылықтың белгiсi дегендi айтады.

Баланың өздiгiнше ойлау дағдысын қалыптастыруда жаттап алудан сақтану және ойды кезең-кезеңмен дамыту жөнiндегi әдiстемесiмен оқытушы баланы қаруландыруы тиiс, сонда ғана балалардың бiлiмге деген ынтасы мен сүйiспеншiлiгiн дамытамыз.

Сонымен Д.Локктың ғылыми-әдiстемелiк пiкiрлерi орта ғасыр мектептерiн сынап, жаңа негiздегi, яғни баланы жеке дара тәрбиелеу және бейiм қабiлеттерiн мақсатты түрде дамыту идеясы педагогика ғылымының дамуына елеулi әсер еттi, оны еуропалық педагогтардың көбi қолдады.


Атақты француз жазушысы, ағартушы-философ, педагог Жан Жак Руссо (1712-1778) ХVІІІ ғасырдағы төңкеріс қарсаңындағы интеллигенцияның дарынды өкілінің бірі болды. Ол Париждегі алдыңғы қатарлы интеллигенцияның өкілдері Дидро, Даламбар, Вольтер, т.б. байланыс жасап, солардың ықпалында “Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы туралы” (1754 ж.) және “Қоғамдық шарт” (1762 ж.) деген шығармалар жазып, әлеуметтік теңсіздікке қоғамдық мәдениеттің төмендігіне, жай халықтың ауыр тұрмысының әсері барын айқын ашып береді. Ал 1762 жылы “Эмиль, немесе оны тәрбиелеу” туралы соңғы шығармасында жаңа адамды тәрбиелеудің және оның тәрбиесінің педагогикалық жүйесін ұсынады. Бұл атақты роман король шенеуніктері мен дін басыларының ыза-кегін туғызды. Соның нәтижесі, Париж парламенті “Эмильді” өртеу туралы қаулы қабылдап, ақыры оны жойып тынды. “Қоғамдық шарт” шығармасында халықтың қамын қамтамасыз ететін үкімет, сондықтан да шарт бойынша адамдар өз құқықтарын үкіметке тапсырады делінген. Руссоның пікірінше, бастапқы қоғамдық шарт бойынша үкімет халыққа қызмет жасап отыруы тиіс, ал егер, олай болмаса, корольдың бізге қажеті жоқ деген пікірді айтады. Адамды адам қанауы болмасын, оған бостандық, теңдік және бауырмашылдық қарым-қатынастары бар қоғамдық құрылыс, яғни ұсақ жеке меншіктің, жер иелері мен қолөнершілер қоғамдық құрылымы керек деп армандайды.

Адам еңбегі арқылы өмір сүріп, ешкімге тәуелсіз, бостандықты қадірлей білуге тәрбиеленуі қажет. Жеткіншектерді табиғатқа сәйкес жас ерекшелігін ескеріп, жеке бастарын қадірлеп, олардың қызығушылықтары мен ішкі талап-тілектерін тәрбие үрдісінде басшылыққа алуды міндеттейді. Отбасындағы тәрбие еркін, табиғи болуы керек және тәрбие табиғат, адам, заттар арқылы іске асады деп тұжырымдады.

Ж.Ж.Руссо баланың өсу және әр кезеңдегі даму ерекшеліктеріне қарай: баланың туған күнінен 2 жасқа толғанға дейінгі; 2-ден 12 жасқа дейінгі кезең; 12-ден 15 жасқа және 15 жастан ержеткенге дейінгі кезеңдерге бөледі.

Ж.Ж.Руссо өзінің саяси және философиялық көзқарастарына қарай екі жасқа дейінгі балаға дене тәрбиесін беріп, денесін шынықтыру керек. Баланың 2-12 жастар аралықтарында денесін шынықтырумен қатар, сыртқы сезім мүшелерін жетілдіру қажет. Бірақ, осы жаста балаға оқуға, ойлантып-толғандыруға, жаттатуға болмайды, өйткені адамгершілік және оқу материалдарынан ұғым-түсініктер жасауға қабілеті жоқ дегенді дәлелдеумен болды. Бозбала 12-15 жас аралықтарында өзін-өзі билеу дәрежесіне жетіп, ақыл-ой деңгейі өскендіктен, білім бергенде оқушының қызығушылығы мен талабына сай айналасын қоршаған дүниеге, байқап сезуіне байланысты жағрапия, астрономия, табиғаттану пәндерін ерекше оқыту керек дегенге назар аударады. Оның оқыту әдістемесінен айтқан кеңесі: балаға оқу материалын түсінбейінше, жаттатпау; білімді ой елегінен өткізіп, өздігінен қорытынды жасауға дағдыландыру қажет деген пікірді ұсынды.

Ж.Ж..Руссо дидактикасының негізін құраған мақсаты – оқушының оқу іс-әрекетін, зеректілігін, зейінділігін, байқампаздығын дамыту болды. Еңбек тәрбиесін өмірмен, практикамен байланыстыру, оның педагогика- практикасына қосқан үлесі деуге болады.

Ол жасөспірімге 15 жасқа толғанынан бастап адамгершілік тәрбиесін бергенде мейірімділік мінез-құлыққа, терең ақыл-ойға, еркін ерік-күйге тәрбиелеу, оларды өмірге дайындау керек. Сөйтіп, ол Эмильдің адамгершілік қасиеттерін ақылды, қайратты, иманды, білім деңгейін талапқа сай шағын қолөнерші етіп қалыптастыруға ниеттеніп, жаңа адамның мұратты бейнесін жасауға талпынды. Ж.Ж.Руссоның педагогикалық идеясын Батыс Еуропа мен Ресейдің зиялы қауымдары жоғары бағалады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Коррекционная школа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Д.Локк және Ж.Ж Руссоның педагогикалық көзқарастары

Автор: Каниева Гулден Умиртаевна

Дата: 06.08.2017

Номер свидетельства: 424958


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства