kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Б.Соқпақбаев «Түбі адам болатын бала»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сабақ "Түбі адам болатын бала" 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Б.Соқпақбаев «Түбі адам болатын бала»»

Ашық сабақтың тақырыбы:

Б.Соқпақбаев «Түбі адам болатын бала»

Сабақтың мақсаты:  «Менің атым- Қожа»  повестін оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан  ойлап, талқылау, үйрету. Осы мақсатқа жету үшін пайдаланылатын стратегиялар бізді маңызды істерге бастайды:

  1. Бір- бірінің пікірін құрметтейтін ортаны  қамтамассыз ету;

  2. Оқушыларға анық та,  нақты мақсат қоюға  мүмкіндік беру;

  3. Повесть талқылауға белсенділікпен қатысуға үйрету;

  4. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру;

  5. Көркем шығарманың авторына деген құрмет сезімін нығайту;

  6. Жазған жауаптарына толғанып ойлауын қамтамассызету;

  7. Оқушылардың сын сұрғысынан ойлау қабілетін дамыту арқылы өз ойың тұжырымдауға және басқалардың көзқарасын сыйлауға үйрету.

Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау сабағы. Бекіту   сабағы.

 Сабақтың әдісі: Ой шақыру стратегиясы, тірек сөздер, сұрақ- жауап.

Көрнекілік: Интерактивті тақта, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы, “Менің атым Қожа” фильмінен үзінді, слайд арқылы кесте, үлестірме қағаздар, тірек сызба,суреттер.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушыларды түгендеу;
ә) оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығын бақылау;
б) оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, 4 топқа бөлу:
1-топ « Қожа», 2-топ «Жантас», 3- топ « Сұлтан», 4-топ: «Жанар»
в) бағалау өлшемімен таныстыру, топ басшысына бағалау парағын беріп түсінік беру.

ІІ.  Қызығушылығын ояту.

-         Оқушылар, біз қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» хикаятын оқып шықтық. Автордың бұл шығармасы тіл қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Өздерің ойлаңдаршы, бұл хикаятты қанша оқысақ та, теледидардан көрсек те еш жалықпаймыз. Осы жерде қояр сұрағым бар.

-         Сендерге қандай есімдер ұнайды?

-         Повесть қалай басталатын еді?

-         Қожа өз атына риза ма?

-         Осы тарауда қандай ұлттық салт-дәстүр туралы айтылған?

Оқушы: Балаға ат қою дәстүрі

Бала туғаннан кейін қырық күн өткен соң ел ішіндегі аузы дуалы қарияға немесе баланың атасына, әжесіне немересінің атын қойғызады. Кейде «Қырықтың бірі Қыдыр» деп құдайы қонаққа да баланың атын қойғызатын сәттер болады. Көбіне молданы әкеп азан шақыртып, баланың атын қойғызған. (Слайдта көрсетіледі.)

-         Бірақ, амал нешік, сен қызылшақа боп жөргекте жатқанда, сондағы ақымақтығыңды пайдаланып, әке-шешең немес шілдеханаға келіп, дуылдап отырған басқа біреу солай атап жіберген. Қандай дәстүр сақталған?

Оқушы: Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне дастархан жайылып, домбыра тартылып, ән салып, ұлттық ойындар ойнап, көңіл көтеретін той.

-         Қазір бұл дәстүр сақталған ба? (оқушы жауабы)

-         «Шілдеханаға келгендер маған пәлендей әйдік ат бермеген», - дейді кейіпкер. Ол кім? (Қожаберген)

Мұғалім: дұрыс, балалар! Өмірге келген кішкентай сәбиге азан шақырып ат қою дәстүрі әлі де жалғаса бермек.

Енді, оқушылар! Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны арқылы сұрақтарға жауап бере отырып, хикаятқа шолу жасап шығамыз. Қане, дайындалып отырамыз.

ІІІ. Мағынаны ажырату.


  1. Шығармашылық жұмыс. Қожаға хат. (Ақбала)

  2. «Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны. (Топтардың барлығы жұмыс жасайды)

1 топ «Қожа» : Оқиғалар тізбегін ретімен орналастыр. (Топ берілген сөздерді ватманға ретімен орналастырады.)
3.Маңдайымнан бұрқ етіп, суық терім шығып кетті.
4.Бақаның әлегі
5.Педсовет
2. Жолдама алған Жантас
1.Оқулық емес, қант аламын

2 топ «Жантас» : Топтан оқушылар шығып интерактивті тақтадан берілген кестені толтыр.

СЕЗІМДІ ОЯТУ

Елестету

Қожаны қандай бала деп елестетесің? Портреті


Сүйсіну

Кімдердің қандай қылығына сүйсінесің?


Жек көру

Кімдердің қандай әрекеті ұнамады?


Жаны ашу

Қай жерінде өзіңде жан ашу сезімі пайда болды?


Өкініш

Өкініш сезімі пайда болды ма, қашан?


Таңдану

Таңқалып, риза болған сәтің ше?




3 топ «Сұлтан» : «Топтастыру әдісі» . (Сұрақтар жазылған тұсқа суреттерді қояды.)

-         Аузымды түтінге толтырып алып, жұтып кеп қалғаным сол екен бір керемет улы газ өңешімнен шеңгелдеп ала кеп түсті. Жер дүние төңкеріліп бара жатты. (Қожа)

-         «Жаңа оқытушы бізді оқу жылының басталуымен құттықтады, өзін таныстырды...» (Сәбира Майқанова)

-         «Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Сенің тентегіңді менен басқа ешкім де көтермейді. Біреудің ала жібін аттаушы болма» (Анасы Миллат)

-         Мен сенің әкеңе қарыздыгер адаммын. Мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. (Сәйбек қарт)

-         Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш. (Жантас)

-         «Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеумізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бсатықтың бірі болып шығарсың. Сонда маған шапағатың тиер». (Сұлтан)

4 топ «Жанар» : Тест тапсырмалары.

1.«Менің атым Қожа» повесінің алғашқы аты?

А) «Қожаберген» С) «Менің де атым Қожа»

В) «Өзім туралы повесть» Д) «Балалық шаққа саяхат»

2.Қожаның шын аты кім?

А) Қожабай В) Қожаберген С) Қожатай Д) Қожаберді

3.Жанардың фамилиясы?

А) Балабекова В) Майқанова С) Қадырова Д) Тұрсынбаева

4.«Түбінде адам болатын бала» деген кімнің сөзі?

А) Сұлтан В) Анасы С) Ахметов Д) Майқанова

5.«Ағаттықтың азабы» бөлімінде не туралы айтылады?

А) Орыс тілі сабағына дайындалмай келуі

В) Тәртібінің педкеңесте қаралуы

С) Мұғалімнің сөмкесіне бақа салуы

Д) Лагерьге жолдама үшін мұғалімге ренжуі

6. Шығармада қандай салт – дәстүр орын алған?

А) Қыз ұзату

В) Шілдехана

С) Көкпар тартыс

Д) Соғыс басы

7.«Қожа, сен көшедегі иттерді тәртіпке салу үшін ауылда қалатын болдың»,-деп Қожаны келеке ететін кім?

А) Сұлтан В) Жантас С) Жанар Д) Майқанова

8.Қожаға әкесі туралы айтқан қария кім?

А) Дәуірбаев В) Әжесі С) СәйбекД) Директор

9.Жеке бас құпия кеңесін өткізген кім?

А) Сұлтан В) Қожа С) Жанар Д) Жантас

10. Қожа Майқанованы ең алғаш қайда кездестіріп еді?

А) Мектепте В) Көшеде С) Дүкенде Д) Жиналыста

11. А.С.Пушкиннің «Қысқы кешін» өте жақсы жаттап айтқан оқушы кім?

А) Ешкім В) Жанар С) Жантас Д) Сұлтан

12. «Ағаттық аяқ астында» нешінші тарау?

А) 7 В) 11 С) 4 Д) 14


Сергіту сәті. Жұмбақ жасырамын.

Кино менен концертті,

Үйде қойып беремін.

Жаңалығын бар елдің,

Өз көзіммен көремін.

(Теледидар)

ІҮ. Ой толғаныс. Көрініс

1 . «Қожа» тобына: «Зоология сабағы»

2. «Жантас» тобына: «Түбі адам болатын бала»

3. «Сұлтан» тобына: «Тәртіпті Қожа»

4. «Жанар» тобына. «Лагерге жолдама»

Ү. «Ақылдың алты қалпағы» әдісімен жұмыс

(Топтар құрамынан кез-келген бір-екі оқушы берілген қалпақтардағы сұрақтаринтерактивті тақтаға беріледі. Сол сұрақтар арқылы

қалпақтардың түсіне анықтама беремін.)

Ақ қалпақ. «Менің атым Қожа» повесінің авторы және повесть жайлы нақты деректер келтіріңіздер.
Сары қалпақ. «Менің атым Қожа» повесіндегі бас кейіпкер сіздерге ұнады ма? Қожаның бойынан қандай жақсы қасиеттерді байқадыңыз? 
Жасыл қалпақ. Қожаны қазіргі балалармен салыстыруға бола ма? Осындай балалар арамызда бар ма?
Қара қалпақ. Қожаның қандай қылықтары ұнамады?
Қызыл қалпақ. Әңгімені оқи отырып қандай сезімде болдыңыздар?
Көк қалпақ. Болашақта кейіпкердің қандай жақсы қасиетін бойымызға сіңіреміз? 
VІ. Бағалау. Оқушыларды топ басшылары стикерлер арқылы бағалайды. Бағалау парағын мұғалім жинап алады.

ҮІІ.Үйге тапсырма: «Түбінде адам болатын бала» деген ойды негізге ала отырып ойтолғау жазу.
ҮІІІ. Кері байланыс. Кеменің желкенін бояу арқылы бүгінгі өткен сабақты қорытындылаймыз. Ал кеменің өзіне сабақ барысында Не түсіндім? Маған не түсініксіз? деген сұрақтарға жауап жазып «Білім теңізіне» кемелерімізді орналастырады. ( жасыл-5, сары-4, қызыл-3)





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Коррекционная школа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Б.Соқпақбаев «Түбі адам болатын бала»

Автор: Кабиева Жулдыз Аханаевна

Дата: 20.02.2017

Номер свидетельства: 393998


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства