Сабақтың тақырыбы: Жүрек және қантамырлары қызметінің гуморальдық реттелуі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жүректің және қантамырлары қызметінің жүйкелік және гуморальдық реттелуі жөнінде оқулықты пайдалана отырып, слайд арқылы толық түсіндіру.
а) білімділік: оқушылардың биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыру;
ә) дамытушылық: оқушыларды оқулықпен сәйкестендіру тестпен, сызба нұсқалармен өз беттерімен жұмыстануға адғдыландыру;
б) тәрбиелік: адамгершілікке, байсалдылыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: муляж жүрек, сызба – нұсқалар, слайд.
Пәнаралық байланыс: оқушы анықтамалығы биология, математика, әдебиет.
Сабақ түрі: жарыс сабақ
Әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ – жауап, тест.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Бекіту
ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
«Қызығушылықты ояту» . (Үй тапсырмасын пысықтау).
Кардиологтар тобына:
Қан тамырлары нешеге бөлінеді?
Қан тамырлары нешеге бөлінеді?
Жүректің салмағы қанша?
Жүрек неше қабаттан тұрады?
Адам жүрегі неше бөлікті?
Гематологтар тобына:
Жүрек автомотизмі дегеніміз не?
Қан топтарын ата.
Жүректі емдейтін маман дәрігер кім?
Қанды түзуші ұлпа.
Қанды ұйытатын қан жасушалары.
Кардиологтар тобына:
Тарам – тарам бір ғалам,
Айқыш – ұйқыш шырғалаң.
Толған ағыс тоқтаса,
Жоғалады бар адам.
(Қантамыр)
Таппайтын тағат,
Тығулы сағат.
(Жүрек)
Гематологтар тобына:
Жанды мотор сынбайды,
Күні – түні тынбайды
Кейде оның жүрісін
Дәрігерлер тыңдайды.
(Жүрек)
Сыртқа шығар жол тұйық,
Түсі шымқай қызыл сұйық.
(Қан)
Тірек – сызба.
Орталық жүйке жүйесі
Симпатикалық, жүректің жиырылу жиілігі жылдамдайды.
Парасимпатикалық, жүректің жиырылу жиілігі баяулайды.
Гуморальдық реттелу
Гипофиз Қалқанша без Бүйрек үсті безі
Вазопрессин Тироксин Адреналин
Қан қысымының өзгеруінен болатын аурулар
Гипертония
(арттерия, вена тамырларында қан қысымының көтерілуі)
Инфаркт – миокард (Жүрек бұлшық еттерінің өлі еттенуі)
Гипотония (қан қысымының төмендеуі)
Инсульт ( миға қан құйылу)
Ғылыми зерттеулер
И.И.Мечников – орыс ғалымы К.Ландштейнер – австриялық ғалым
1883ж. лейкоциттердің 1901ж. қан плазмасының
микроорганизмдер эритроциттермен араласқанда
мен бөгде денелерді бірігіп қалатынын байқады.
белсенді қоршап алу, Макака – резус маймылының
сіңіру үрдісін «Фагоцитоз» қанынан анықтады.
деп атады.
У.Гарвей ағылшын ғалымы 1628 жылы қан айналымды ашты.
М.Мальпиги Итальян дәрігері өте ұсақ қантамырлары, қылтамырлар (капиллярларды ) ашты.
Сандар сыры неде?
Кардиологтар тобына:
5 120 4,5-5млн.
Гематологтар тобына:
250-300 3 23секунд
Жауабы:
Ересек адамда шамамен 5 литр қан болады.
Эритроциттердің тіршілік ұзақтығы 120 күн.
1 мм3 қанда 4,5-5 млн эритроцит болады.
Ересек адамның жүрегінің салмағы – 250 – 300г.
Жүрек қабырғасы – 3 қабаттан тұрады.
Қан айналым ұзақтығы – 23 секунд.
Жауаптары: 1-5, 2-3, 3-4, 4-8, 5-6, 6-2, 7-1, 8-10, 9-7, 10-9.
Топтастыру әдісі.
Тіршілік көзі мүшелерді дене
байланыстырушы қызуының
бірқалыптылығын
сақтаушы
Гуморальдық реттеуші
Қан
қызыл түсті сұйық дене қорғанышы жарақаттан сақтаушы
Графикалық диктант. Дұрыс жауапқа «+», қате жауапқа «-» таңбасы қойылады.
Қан ағзаның ішкі ортасы
Ағзада қалыпты жағдайда 5 л. қан болады
Қан эпителий ұлпасына жатады
Гемоглабиннің негізгі қызметі оттекті және көмірқішқіл газын тасымалдау
Эритроциттер қанның түссіз жасушасы
Эритроциттердің тіршілік ұзақтығы 120 күн
Лейкоциттер ядросы бр жасуша
Гемофилия тұқым қуаламайтын ауру
Лимфа айналымы тамырлар арқылы жүзеге асады
Гемоглабин қанның түссіз пигменті
Эритроциттер қанды ұйытатын жасуша
Лимфа түйіндерінде ұлпа сұйықтығы залаласызданады
Қан 23 секунд ішінде бір рет қантамырды айналып шығады.
Дұрыс жауаптары: 1,2,4,6,7,9,12,13.
Бекіту сұрақтары:
Қан қысымының артуы не деп аталады?
Қан қысымын өлшейтін құрал аты.
Қандай қысым ең көп, қайсысы ең аз деп аталады?
Тамыр соғуы дегенді қалай түсіндіресің?
Үйге тапсырма: 39-тақырып, термин сөздермен жұмыс.
Эпикард, жүрек автоматизмі, донор, реципинт, гемоглобин, резус – фактор, агглютинация, иммунитет, миокард, эндокард.